Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарЖылдам және ыңғайлы

Жылдам және ыңғайлы

Бүгінде өмірімізді интернетсіз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Үйден шықпай-ақ тиісті сайттар арқылы коммуналдық қызметтерді төлейміз, интернет арқылы саудамен де айналысамыз, сатып алуды да жүзеге асырамыз. Сол секілді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры да замана көшіне ілесіп, дамуын жалғастыруда. Қазіргі уақытта БЖЗҚ-ның барлық негізгі қызметтерін үйден шықпай-ақ алуға болады.

Қазіргі кезде салымшылар мен алушылар компьютер арқылы Қордың қандай қызметтерін ала алады?

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы қызметтерінің барлық дерлік түрін электрондық форматта алуға болады.

-         Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу;

-         деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

-         жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу.

Зейнеткерлік жасқа толған азаматтар және 1-ші, 2-ші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беріп, сол өтінішінің орындалу барысын қадағалай алады.

2018 жылдың 1 маусымына қарай 5,3 млн астам адам зейнетақы шотының жай- күйі туралы ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдады. Олардың ішінде 837,6 мың адам үзінді-көшірмені электрондық пошта арқылы, ал 4,5 млн адам сайт немесе ұялы қосымша арқылы алады. Бүгінде ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдағандар саны күннен күнге артып келеді. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты интернет байланысы арқылы алу өте ыңғайлы және ол зейнетақы жинақтарын онлайн тәртібінде тәулік бойы қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Үйден шықпастан зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты қалай алуға болады?

Зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы ақпарат БЖЗҚ тарапынан тегін ұсынылады. Салымшылар (алымшылар) ақпарат алу тәсілін өздері таңдайды. Ақпарат алудың бірнеше тәсілі бар. Олар:

-         пошта арқылы – жылына 1 рет;

-         электрондық пошта арқылы – таңдап алынған төлем кестесіне қарай ай сайын, үш ай сайын немесе жарты жылда бір рет алынады;

-         БЖЗҚ бөлімшелеріне жеке өзі келу арқылы - шектеусіз;

-         смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы арқылы – онлайн тәртібінде шектеусіз; айтпақшы кейбір ұялы байланыс операторларының абоненттері бұл қызметті ұялы телефонындағы қаражаттың таусылғанына қарамастан пайдалана алады.

-         enpf.kz сайтының Жеке кабинеті арқылы; бұл ретте жеке сәйкестендіру нөмірі мен құпия сөз немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы беретін электрондық цифрлық қолтаңба қолданылады.

-         egov.kz электронды үкімет порталы арқылы; бұл жағдайда алдымен порталға тіркелу қажет. Кейін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы үзінді-көшірмені алуға болады. Таяуда салымшылар мен алушылар Телеграм-арнасы арқылы зейнетақы шоты бойынша ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды.

Егер де, зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі таңдалмаған болса немесе ақпарат алу тәсілін өзгерткіңіз келсе, Қордың кез келген бөлімшесіне жеке куәлігіңізбен барып, хабарлау тәсілін өзгертуге болады. Қордың бөлімшелерінің мекенжайын www.enpf.kz сайтынан немесе 1418 ортақ байланыс орталығына хабарласып біле аласыз.

Деректемелерге өзгерістер енгізу, шарт жасасу, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру

Электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі деректемелеріңіздің өзектілігін тексере аласыз. Сонымен қатар БЖЗҚ-ның веб-сайты арқылы «Электрондық қызмет көрсету» - «Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу» бөліміне кіріп, деректемелерге өзгерістер енгізуге болады.

Міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақы шотын ашу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен «Міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш беру» бөліміне кіру қажет. Ескере кеткен жөн, аты-жөні, ЖСН, туған куні, жеке куәліктің деректері автоматты режимде толтырылады. Салымшы тек тұрғылықты мекенжайдың деректерін, үй, жұмыс телефоны және ұялы телефонның нөмірлерін енгізеді. Үзінді-көшірмені электрондық пошта арқылы алу тәсілін таңдаған жағдайда e-mail мекенжайы мен үзінді-көшірмені алу кезеңділігін көрсету қажет. Кейін өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойылады. Содан кейін барып өтінішті немесе жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы анықтаманы қағазға басып шығаруға болады.

Сонымен қатар зейнеткерлік жасқа толған азаматтар және 1-ші, 2-ші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар ЭЦҚ–ны қолдана отырып Қордың сайты арқылы зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беріп, сол өтінішінің орындалу барысын қадағалай алады. Өтініш беру үшін Жеке кабинет арқылы «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» бөліміне кіріп, бос жолақтарды, оның ішінде 20 таңбалы банк шотының нөмірі мен банктің атауын толтыру керек. Содан кейін, ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қойылады. Өтініш мәртебесін Қордың сайты арқылы қадағалауға болады.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

5962562
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
51170
0
51170
5898857
156211
195600
5962562

Сіздің ІР: 54.166.141.12
Қазір: 2018-06-25 19:27:48
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру