Еңбекшіқазақ ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілер қауымдастығымен жұмыс істеу тәсілдеріне өзгеріс енгізілгендігі туралы хабарлайды. Жұмыс берушілер үшін оңайлатылған және көп каналды бос жұмыс орындарын тіркеу рәсімі енгізілді.Жұмыспен қамту орталығы мамандығы сәйкес келмейтін жұмыс іздеушілерді қоспай, жұмыс берушілер үшін ең қолайлы мамандарды таңдайды. Компаниялар, өз кезегінде жұмыспен қамту орталығына тек қажетті қызметкерлердің біліктілік деңгейі, жалақы мөлшері және тағы басқа да талаптар бойынша ақпарат жібереді.
Жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындары туралы барлық ақпарат Бірыңғай электронды еңбек биржасында, enbek.kz базасында бекітіледі. Осылайша, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер үшін түйіндемелер мен бос орындардың ең ірі базасы қалыптасады. Жұмыспен қамту орталығы мен электронды еңбек биржасы өзара әрекеттесуі онлайн режимінде қалыптасады.
Бұл шаралар жұмыс іздеушілер мен жұмыстан босатылған қызметкерлерді жұмыспен қамтуға септігін тигізеді.
Бірыңгай электронды еңбек биржасы және Enbek.kz базасымен жұмыс істеу әдістемесін халықты жұмыспен қамту орталығынан алуыңызға болады
Біздің мекен-жайымыз: Есік қаласы, Алматы көшесі 209. Тел: 8(72775) 4-12-31, 4-05-53