Мемлекет басшысы«Қазақстан – 2050» стратегиясында «өте жоғары
этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппараты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын» атап өтті.
Бүгінде мемлекеттікқызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мәнберіледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жекеқұзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің 1тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің 5 тармақтың 2), 7), 14 тармақшасына сәйкес , Мемлекеттiк қызметкерлер адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларының басқа да аспектілерін қамтиды. Мысалы, кодексте мемлекеттік қызметшінің өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға, ресми, ұқыптылық және ұстамдылықты айқындайтын жалпыға бірдей қабылданған қызметтік стиліне сәйкес келуі тиіс.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
заң бөлінің бас маманы
Исаев А.Л.