1 маусым Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жастар саябағында мемлекеттік қызметінің 20 жылдығына орай жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өткізілді. Тұрғындар мемлекеттік қызмет көрсетудің ең талап етілетін салаларында: жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, архитектура, әлеуметтік сала, көші-қон бойынша қажетті кеңестер алды. Сондай-ақ, кеңес алушылар көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне өтінім берді. Азаматтарға үйден шықпай-ақ электронды үкімет тарапынан қажетті қызметті ала алатындықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай жәрмеңкелерді өткізу дәстүрге айналады.