Салық төлеушілердің назарына!

Салық кодексінің 504-бабының ережелеріне сәйкес жеке тұлғаларға берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге арналған базалы салықтық мөлшерлемелер мынадай жағдайларда анықталады:

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға тиісті қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, жеке (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн берiлген елді-мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер мынадай мөлшерлерде белгiленедi:

1) 0,50 гектарға дейiн қоса алғанда алаң болған кезде – 0,01 гектар үшiн
20 теңге;

2) 0,50 гектардан асатын алаңға – 0,01 гектар үшiн 100 теңге.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Л.С.Муктобекова