Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының аясында, №1Азат орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Е.Кренинг және география пәнінің мұғалімі А.Нукербекова 6-7 сыныптар аралығында «Мир птиц» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар еңбек сабағында торғайдың ұясын жасап,мектеп айналасына ілді. Тарих пәнінің мұғалімі Н.А.Бейсеева 6 А сыныбымен «Жер тағдыры – ел тағдыры»атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар мектеп айналасына алма ағашын, гүлдерді отырғызды. Сонымен қоса «Казақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» және «Орыс тілі әдебиеті» пән сабақтары бойынша «Туған жер» атты тақырыбында іс-шаралар өткізілді. Мектеп оқушыларының арасында «Экология және мен»тақырыбында шығармалар байқауы болды. «Всем знакомый и незнакомый грецкий орех», «Новая жизнь пластиковой бутылке», «Мусорные урны на все село» экологиялық жоба өткізілді.