Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктар«Астана Балет» труппасы Талдықорған тұрғындарын өнерлерімен тәнті етті

«Астана Балет» труппасы Талдықорған тұрғындарын өнерлерімен тәнті етті

15051822302181Елорданың 20 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында «Астана Балет» театры Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы мəдениет үйінде өнер көрсетті. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген концерттің мақсаты алға қойылған маңызды міндеттерін жергілікті көрермендерді ұлттық және әлемдік хореография өнерінің үздік үлгілерімен таныстыру.

Екі күнге жоспарланған гастрольдік сапардың алғашқы күні көрермендерге неоклассика шедеврі Джордж Баланчиннің «Серенадасы» мен отандық балетмейстер Мукарам Авахридің «Жусан» спектаклі ұсынылды. Бишілер «Арулар», «Ақ қыз», «Қыз қайың», «Сый-сияпат», «Кербез сұлу», «Балбырауын», «Әсем Қоңыр» шығармалары мен Джордж Баланчиннің «Серенада» балетін орындады. Қос қойылым да мінсіз стиль мен ғажайып хореографиясымен ерекшеленеді. 

«Серенада» спектаклі «Астана балет» театрының сахнасында алғаш рет Джордж Баланчин қорының қолдауымен қойылып, хореографтың мәнері мен техникасының стандарттарына сай жасалынған. 

Баланчин қойылымында сахна минимализмі басым: қарапайым костюмдер, жеңіл декорациялар. Ең бастысы – музыка мен бидің үндестігі. «Астана Балет» театрының әртістері өздері үшін де тың хореографияда әсем де асқақ биді, пластикалық суреттің нақтылығын паш етіп, неоклассика шедевріне жан бітірді.
Әрбір хореографиялық композиция көрермен қошеметіне бөленді. Ду қол шапалақ соғылды. Әр қимыл соншалық нақты ойластырылған, әрі көркем безендірілген киімдер де, сахнаны сан түске бояған сәулелер де көздің жауын алады. 

«Астана Балет» труппасының біздің қалада өнер көрсеткеніне қуаныштымыз. Би техникасы мен динамикасы өте орынды болды. Қаламызда мәдениетті дамыту үшін барлық жағдайлар жасалуда. Осындай тамаша көріністерді өңірімізде жиі көргіміз келеді », - деді қала тұрғыны А. Омарова.

«Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасына енген хореографиялық миниатюралар мен балет үзінділерінің ұлттық бояуы қанық. Барлық композиция ұлттық дәстүрге бай, сан-қырлы әрі эмоциялық қуаты басым. Ғажап музыка мен қайталанбас көркемдік бейнелер жадыңызда мәңгі сақталып қалары анық. «Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасы заманауи ұлттық балетті жарқын, екпінді дамып жатқан әрі бірегей құбылыс ретінде тануға мүмкіндік береді. 

«Біз Талдықорған қаласына бірінші рет келіп отырмыз. Қойылым көрермен көңіліне жол тартып, жұрттың үмітін ақтадық деп ойлаймын. Біздің мақсатымыз еліміздің бай салт-дəстүрін бейнелей отырып, өнермен жеткізу. Қазақстан балет өнерінің жоғары деңгейде болуы үшін біз бар күш-жігерімізді салудамыз»,- деді «Астана Балет» театрының мүшесі Анар Дукиева.

10 мамыр күні көрермендерге жол тартатын «A fuego lento» атты келесі балет, асыл махаббат сезіміне алғаш еліткен тұста бойыңызды кернеген эмоциялық қуат пен алаңдаушылық сезімін сөз етеді. Тәніңіз ерекше күйге түсіп, шаттық сезіміне бөленесіз, ал, ішкі жалын бойыңызды өртеп әкетеді. Ғашық жан үшін күллі әлем сүйіктісінің айналасына тоғысқандай көрінеді, ал, өмірдің мәні тек махаббат деп біледі(музыка - Лало Шифрин, Астор Пьяццолла, Карлос Гардель, Хореограф – Рикардо Амаранте). 

Айта кету керек, репертуарының алуан-түрлілігі, орындаушылық деңгейі мен спектакльдердің сахналық безендірілуі арқасында «Астана Балет» театрының шығармашылығы елімізде ғана емес, дүниежүзінде де ерекше қошеметке ие.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

5805934
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
69686
0
69686
5655598
195183
207607
5805934

Сіздің ІР: 23.20.240.193
Қазір: 2018-05-26 06:12:41
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру