Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарСалықтық тіркелімдер

Салықтық тіркелімдер

     Салықтық тіркелім салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша және (немесе) мүлік туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 29-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау туралы мәліметтерді қамтитын құжаты болып табылады.

   Салықтық тіркелімдер осы Кодекстің 190-бабының 5-тармағында көрсетілген салықтық есепке алу мақсатын қамтамасыз ету үшін ақпаратты қорыту мен жүйелеуге арналған.

   Салықтық есепке алу деректерін қалыптастыру салық салу мақсаты үшін пайдаланылатын ақпаратты хронологиялық тәртіппен көрсету арқылы және салықтық есепке алу деректерінің салықтық кезеңдер арасындағы (оның ішінде, нәтижелері бірнеше салықтық кезеңде ескерілетін, кейінгі салықтық кезеңдерде салық салу объектісінің мөлшеріне әсер ететін не бірқатар жылға ауысатын операциялар бойынша) сабақтастығын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.

   Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тіркелімдерді арнаулы нысандар түрінде жасайды. Уәкілетті орган белгілеген салықтық тіркелімдердің нысандарын қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тіркелімдердің нысандарын және оларда салықтық есепке алу деректерін көрсету тәртібін осы баптың ережелерін ескере отырып, өзі дербес әзірлейді және салықтық есепке алу саясатында бекітеді.

   Салықтық тіркелімдерде шаруашылық операцияларының дұрыс көрсетілуін оларға қол қойған адамдар қамтамасыз етеді.

     Салықтық тіркелімдер:

1) салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің 190-бабының ережелерін ескере отырып, салықтық есепке алу саясатында белгілеген нысандар бойынша салық төлеуші (салық агенті) өзі дербес жасайтын салықтық тіркелімдерді;

2) салық төлеуші (салық агенті) жасайтын, жасалу нысандары мен қағидаларын уәкілетті орган бекітетін салықтық тіркелімдерді қамтиды.

     Салықтық тіркелімдер мынадай міндетті деректемелерді қамтуға тиіс:

1) тіркелімнің атауы;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

3) тіркелім жасалған кезең;

4) тіркелімді жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса).

     Уәкілетті орган:

1) салық салудан босатуды, корпоративтік табыс салығы, инвестициялық салықтық преференциялар бойынша салық салынатын кірісті азайтуды қолдану;

2) тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) баланстық құнын айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар;

3) туынды қаржы құралдары;

4) бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi шегерiмге жатқызған басқарушылық және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының сомасы;

5) лизинг шарты бойынша берілген мүлік;

6) осы Кодекстің 232-бабы 5-тармағының 8) – 10) тармақшаларында көзделген, борышкерлерге қойылатын талаптар мөлшерін азайтуларды есепке алу;

7) жазып берiлген және қосылған құн салығын төлеуші алған
шот-фактуралар;

8) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның, ауыл шаруашылғы кооперативінің және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаның жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуын және оны өткізуін есепке алу;

9) шығу және келу туризмі бөлінісінде – туроператордың көрсетілетін қызметтері;

10) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу жөніндегі, сондай-ақ көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау;

11) қосылған құн салығын есептеу мақсатында тауар қалдықтары түріндегі айналым;

12) тауар қалдықтары бойынша, есепке жатқызылған қосылған құн салығы;

13) ауыл шаруашылығы кооперативінің осы Кодекстің 698-бабы                   2-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацына сәйкес өз мүшелеріне тауарларды өткізуі, сондай-ақ осындай тауарларды пайдалануға, сенімгерлік басқаруға, жалға беру;

14) ауыл шаруашылығы кооперативінің өз мүшелері үшін осы Кодекстің 689-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес жұмыстарды (қызметтерді) орындауы (көрсетуі) жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салықтық тіркелімдердің нысандарын белгілеуге құқылы.

 

Еңбекшіқазақ ауданды бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының

                                                                   бас маманы Мункебаева С.К.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6823142
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
27636
0
27636
6735943
74664
139078
6823142

Сіздің ІР: 54.159.51.118
Қазір: 2018-12-17 23:21:52
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру