Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарБолашағым берекелі болсын десеңіз...

Болашағым берекелі болсын десеңіз...

Қазыналы қарттық шақ... Бұл өмір жолында әрбір адам басынан кешетін жауапты кезең. Иә, жасыңа қарай аузы дуалы, сөзі уәлі қазыналы қарт бола білу бір басқа, соған лайықты қалталы болу да бір басқа. «Заманына қарай адамы» демекші, қазіргі кезде қалталы болуың қарымды болуыңа да ықпал етеді. Осыған орай көп ойға қалады екенсің. Жас келген сайын сұрақтар мазалайды... Қартайғанда бейнетімнің зейнетін көрем бе? Әлде балаларыма масыл болып жүрем бе? Зейнетақыны көбейтудің жолдары бар ма? Мемлекет қарттарға қандай қамқорлық көрсетеді? Біз бүгін осы сұрақтарға жауап беруге әрекет жасаймыз.

Жалпы, әлемде бірегей, мінсіз зейнетақы формуласы жоқ. Сондықтан да әр елде зейнетақы жүйесі сол елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына бейімделіп жүзеге асырылады. Қалай болғанда да барлығының көздеген мақсаты біреу ғой, ол – халықты қаржы жағынан барынша толыққанды қамтамасыз ету. Ал тәуелсіз еліміз Қазақстанға келер болсақ, бүгінде отандық зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұрады:

1) мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және жасына (еңбек өтіліне) байланысты ортақ зейнетақы;

2) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

3) ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін төлемдер.

Алғашқы деңгей бізге сонау Кеңес заманынан мұра болып келе жатқан, ұрпақтар ынтымақтастығына негізделген ортақ зейнетақы жүйесі. Мұндай жүйе өткен ғасырдың 90-шы жылдары жаңа заманның нарық заңдылықтарына мүлдем жауап бере алмай қалғаны белгілі. Соған қарамастан бұл зейнетақы қазір де елімізде сақталған және толығымен мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Дегенмен, келешекте ол біртіндеп азайып, 2040 жылдары мүлдем тоқтатылады. Өйткені, ортақ зейнетақыны алу үшін 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі кемінде 6 ай болуы керек. Ал 2040 жылдары зейнеткерлікке шығатын азаматтарда мұндай еңбек өтілі болмайды. Сондықтан зейнетақы Қорынан берілетін төлемдер зейнеткерлер үшін ең маңызды табыс көзіне айналмақ.

1997 жылы 20 маусымда жаңа тарихи құжат - «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Соның негізінде 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде нарық заңдылықтарына жауап бере алатын жаңа жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілді. Оған биыл аттай 20 жыл толып отыр. Екінші және үшінші деңгей осы жаңа жүйенің құрамдауыш бөліктері. Көріп отырғанымыздай, отандық зейнетақы жүйесі ортақ зейнетақыны да жинақтаушы зейнетақыны да қамтиды. Зейнетақы шотындағы жинақтар – салымшының меншігі және инфляцияны ескере отырып, оның нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына мемлекет кепілдік береді. Сәйкесінше, елімізде болашақ зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және салымшы арасында оңтайлы үлестірілген. Яғни, зейнет жасында алатын зейнетақының мөлшері бүгінгі еңбеккердің өзіне де тікелей байланысты деген сөз. Міндетті зейнетақы жарналарын Қорға тұрақты және қомақты мөлшерде аударып тұру – болашақта қамсыз өмір сүрудің бірден-бір кепілі болмақ.

Нарық заманы әрбір адамды үнемшіл, қанағатшыл болуға, тиынды да есеппен жұмсауға итермеледі. «Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» деп ұлы ақынымыз Абай айтқандай заман талабына бейімделіп, «Түстік өмірің қалса, күндік мал жина» деген қағидамен өмір сүретін кез келгені қашан. Бұл «Мені Үкімет асырайды» деп мемлекетке иек артатын жатыпішерлердің заманы емес.

Сол үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтарды өз өміріне жауапты болуға шақырады. Мұндай ұстаным қазақ халқының дүниетанымымен жақсы үйлеседі. Өйткені, ата-бабамыз қай заманда болмасын бала тәрбиесінде адами құндылықтарға айрықша мән берген. Баланың бойына адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік қасиеттерді сіңіруге ұмтылған. «Он бесте отау иесі» деп бекерге айтылмаса керек.

Әрине, бақытты өмір сүруге әркімнің-ақ бар таласы. Бірақ, «судың да сұрауы бар» демей ме, жемісті еңбек етсең ғана өркениеттің игіліктеріне қол жеткізе аласың. Бұл үшін көңілің қалаған мамандықты меңгеріп, жалақыны конвертпен емес, ресми түрде алуға күш салу керектігі айтпаса да түсінікті. Сонда зейнетақы Қорына да қомақты жарна аударылып, зейнетақы жинақтары да еселене түседі. Ал егер «Ала жаздай ән салған шырылдауық шегіртке» секілді күн кешсең, ертеңгі күнің қараң болары анық. Бұл өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға да қатысты.

Өкінішке қарай, бүгінде кәсібінің несібесін көріп жүргендердің көпшілігі зейнетақы Қорына жарна аудармайды. Бұл туралы ойлап, бас та қатырмайды. Сонда олар болашақта зейнетақы алмайды ма? Алады, әрине. Тек базалық зейнетақыны ғана алуға үміт арта алады. Биылғы жылы оның көлемі – 15 274 теңге. Осындай азын-аулақ зейнетақы алып, балаларға масыл болып күн кешу - кімге болса да абырой әпермесі анық. Бұл ретте «Тарта жесең тай қалады, тартпай жесең нең қалады?» деген халық мәтелі еріксіз ойға оралады. Қолға түскен табысты оңды-солды шашудың соңы ерте ме кеш пе өкінішке әкеп соқтырары сөзсіз. «Дүниені керек емес кезінде жина» дегендей, қандай кәсіппен айналыссаң да бойыңда күш-қуатың бар кезде болашаққа қор жинау - адами парызың. Өйткені, жастық дәурен сіз бен бізге білінбей өте шығады. Өмірдің «Қамшының сабындай екендігі» шашқа ақ кіре бастағанда, бас ауырып, балтыр сыздағанда айқын сезіледі. Міне, сонда көңілді өкініш пен сағыныш басады. Бұл кезеңді ұлы Абай да өлеңіне арқау еткен:

                                       Құдай-ау, қайда сол жылдар,
                                      Махаббат, қызық мол жылдар?
                                       Ақырын, ақырын шегініп,
                                     Алыстап кетті-ау құрғырлар!

Мамандардың айтуынша зейнетақы шотына зейнетақы жарналарын 40 жыл бойы тұрақты түрде аударып келген адам, құрметті демалысқа шыққанда зейнеткерлікке дейін алып жүрген жалақысының кемінде 40 пайызын алуға қол жеткізеді. Ал бұл Халықаралық еңбек ұйымының 1952 жылы қабылдаған Конвенциясының талаптарына толығымен сәйкес келеді. Онда «зейнеткердің зейнетақысы оның зейнеткерлікке дейін алып жүрген жалақысының кемінде 40 пайызын құрауы керек», - деп жазылған. Сондықтан болашақты бүгіннен ойлау, білім алу, еңбек ету, келешекке қаржы жинау - зейнет жасыңда берекелі де мерекелі өмір сүрудің кепілі. Сонда жастық шақта айналысуға мүмкіндік болмаған сүйікті ісіңді қолға алып, немерелерді ертіп, ел аралауға да мүмкіндік табылады.  

Ендеше, қызығы мен шыжығы, ащысы мен тұщысы мол өмірде адал еңбегіңіздің зейнетін көру бұйырсын!

«БЖЗҚ» АҚ Алматы к. филиалы

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6809109
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
13603
0
60631
6735943
60631
139078
6809109

Сіздің ІР: 35.175.190.77
Қазір: 2018-12-13 13:26:37
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру