Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарҚазақстанда сыбайлас жемқорлық пенкүресу жолдары

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық пенкүресу жолдары

Сыбайлас-жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін және бақылауда болуын жоюын білдіреді.

       Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройның құлдырауына ықпал етеді.
     Сыбайлас-жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсуіне ықпал жасайды.   Сыбайлас жемқорлық жалпы қылмыстықпен қатар Қазақстандағы қоғамы және мемлекеттік билік үшін көңіл қоюды талап ететін маңызды мәселе болып отыр.       Экономикалық реформалар басталуымен мемлекеттік қызметкерлердің жеке түрде басын байытуға сансыз мүмкіндіктері пайда болды. Заңнама және қадағалау жүйесінің нашар дамуы жағдайында осы мүмкіндіктер заңсыз мақсатта қарқынды қолданды және пайдалануда. Мемлекеттік лауазымдарын өз мақсатында пайдалану сыбайлас жемқорлық болып белгіленеді. Қазіргі уақытта Қазақстан Орталық Азия өңірінде ғана емес, тұтастай алғанда ТМД бойынша да жемқорлыққа қарсы неғұрлым мықты дамыған заңнамасы бар ел болып табылады. Мұндай құқықтық актілердің қатарына 1998 жылғы “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” Заңды, Жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қосуға болады. 2005 жылы мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі бекітілді. Ал 2007 жылдың 12 қаңтарында “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” заң қабылданды.
Бұл заңнамалық актілердің мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлеу, мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк сапаларына қойылатын талаптарды арттыру.
«Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз-бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты» –, деп Аристотель айтқан екен. «Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе – бұл заңдар мен өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ»,-деген екен ежелгі ойшыл ғалым.

             Президентіміз Н.Назарбаев жемқорлықпен күрестің жалпыұлттық жоспарын жариялады. Онда жемқорлықпен күрестің нақты және тиімді жолдары айқындалған. «Ғасыр дертіне» айналып бара жатқан проблеманы дер кезінде ауыздықтау – қоғам өмірінің өсуінің, дамуының бірден-бір кепілі болмақ.

               Сол себепті де, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп көрсетті.   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы «сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады.

           Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады.

Бұл заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр.

           Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

             Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын-алу және оны жасаған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекаралық қызмет, қаржы және әскери полициясы органдарымен жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы ауызша хабарламалар мен жазбаша арыздар қылмыстың жасалу орны мен уақытына қарамастан құқық қорғау органдарында тәулік бойы қабылданады.

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көтермеленеді.

Мектептерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылады. Құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспарға сай оқушылардан, ата-аналардан сауалнамалар алынады. Сондай-ақ, дөңгелек үстелдер,пікірталастар, сынып сағаттары өтеді. Мектептерде сенім телефондарыжұмыс істейді, ата-аналар мен оқушылардың шағымдары, ұсыныстарына арналған жәшіктер ілінген.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушық­пауы үшін оны тоқтатудың халық­аралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы Байшыгашева А.Б.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6550945
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
37068
0
37068
6448793
89617
172307
6550945

Сіздің ІР: 54.198.15.20
Қазір: 2018-10-17 09:36:13
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру