Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарБолашақ зейнетақыңызды еселеу өз қолыңызда!

Болашақ зейнетақыңызды еселеу өз қолыңызда!

Халық даналығы былай дейді: «Зейнет жасында жұмыс үшін өмір сүру аяқталып, жай ғана өмір басталады». Бұл өмірдің қандай болатындығы, біздің өзімізге де байланысты.

Жастық шағымызда, бойымызда қуат бар кезде, зейнетақы туралы сирек ойланамыз. Бірақ уақыт өткінші ғой: бүгін сен студент болсаң, ертең жас маман атанасың, ал одан кейін тәжірибелі, білікті маманға айналасың. Осылайша көзді ашып жұмғанша, зейнеткерлік жасқа да жетесің. Сөйтіп әріптестерің құрметті демалысқа шығарып салады. Бірақ, зейнет жасында демалу деген зейнеткерлер үшін қол жетпес арман ғой. Шындығына келсек, зейнеткерлердің көпшілігіне, зейнетақылары күнделікті тұрмыс-тіршілікке әрең жетеді. Сондықтан олар зейнет жасында да жұмыс істеуге мәжбүр болады. Осы кезде көп адам жіберіп алған мүмкіндіктеріне өкінішпен қарайды: өйткені біреулер кезінде жалақыны «конвертпен» алған, жұмыс беруші болса зейнетақы жарналарын аз мөлшерде аударып отырды, ал кейбір адамдар үшін зейнетақы жарналары мүлдем аударылмады. Біз дәл осы азаматтардың осы санаты туралы әңгіме қозғайтын боламыз.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - олар кімдер?

«Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар» ұғымының ресми түсіндірмесі төмендегідей:

 - Табыс табу үшін тауар өндіру мен қызмет көрсету саласында жұмыс жасайтын жеке тұлғалар, өндірістік кооператив мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың ақысы төленбейтін жұмысшылары және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын жумыс берушілер;

- Жеке немесе бір/бірнеше серіктестермен өзін-өзі жұмыспен қамту негізінде жұмыс істейтін және тұрақты негізде қызметкерлерді жалдамайтын жеке тұлғалар.

Көріп отырғанымыздай, бұл ұзақ, күрделі және түсініксіз ұғым. Егер мұның бәрін қарапайым, көпшілікке түсінікті тілге аударатын болсақ, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарына жеке кәсіпкерлер және еңбек келісім-шартынсыз жұмыс істейтіндердің барлығы кіреді. Яғни, базарда жұмыс жасайсыз ба, жүк тасисыз ба әлде жөндеу жұмыстары бойынша қызмет көрсететсіз бе, бәрібір – Сіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамсыз.

Зейнетақы

Қазақстанда зейнетақы үш құрамдауыш бөліктен тұрады. Олар: базалық зейнетақы, еңбек зейнетақысы және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы жинақтары.

Базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде өмір бойына төленіп келеді. Оның мөлшері – ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. Биыл ең төмен күнкөріс деңгейі – 28 284 теңгені құрайтын болса, оның 54 пайызы сәйкесінше - 15 274 теңге.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны есептеу тәртібі өзгереді. Енді оны тағайындауда 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдан кейінгі жылдардағы еңбек өтілі ескеріледі. Сонымен жалпы еңбек өтілі жоқ немесе 10 жылға дейін болса, базалық зейнетақының көлемі ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. Ал одан асқан әрбір жыл үшін бұл сомаға ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 пайызы қосылып отырады. Ал егер жалпы еңбек өтілі 33 жыл және одан жоғары болса, базалық зейнетақының көлемі ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды.

Ал ортақ (еңбек) зейнетақыны тағайындауда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі ескеріледі. Бұл ретте еңбек өтілі алты айдан кем болмауы тиіс. Жыл сайын ортақ зейнетақының мөлшері азая түседі. Еңбек жолын 1998 жылдан бастағандар мұндай зейнетақыны алмайды.

Зейнетақы жинақтары - ай сайынғы табыстың 10 пайызы мөлшерінде БЖЗҚ-ға тұрақты түрде аударылатын міндетті зейнетақы жарналары есебінен құралған қаражат.

Осылайша, еңбек зейнетақысы толығымен жойылғанша, оның мөлшері жыл сайын азая береді. 2040 жылдары зейнеткерлікке шығатын азаматтардың еңбек зейнетақысы болмайды. Олар зейнетақы төлемдерін зейнетақы жинақтары есебінен алатын болады. Бұл жерде жинақтардың көлемі әр адамның өзіне байланысты. Яғни, зейнеткерлікке шыққанға дейін қанша ақша жинаған болсаңыз, зейнет жасында сонша алатын боласыз.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесі және оны шешу жолдары туралы

Бүгінгі күні зейнетақы жарналары бойынша жағдай көңіл қуантарлықтай емес. Зейнетақы жарналары салымшылардың барлығына бірдей толық көлемде және тұрақты негізде аударылмайды: кейбір жұмыс берушілер зейнетақы жарналарын аз мөлшерде аударып, қулыққа барады, ал кейбір салымшылардың атына зейнетақы жарналары мүлдем аударылмаған. Олардың қатарында әрине бірінші кезекте өзін-өзі жұмыспен қамтитын адамдар бар.

Бұл жерде жағдайды жақсарту үшін өз бетінше жұмыс істейтін азаматтарды еңбек қызметін заңдастыру арқылы өнімді еңбекке тарту керек. Сонда ғана Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтқанындай, әділ әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құруға болады.

Осы міндетті іске асыру аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жүйесіне өз бетінше жұмыспен айналысатын азаматтарды тарту үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Таяуда «БЖЗҚ» АҚ Алматы қаласындағы филиалы Әуезов ауданы әкімдігімен бірге базарларда, сауда орталықтарында және Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының «Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында» өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысу мәселесі бойынша кеңес беру жұмыстарын ұйымдастырды.

Мамандардың қызметіне жүгіне отырып зейнетақы жүйесі туралы сұрақтарға жауап алуға, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға, жеке деректемелерді жаңартуға және зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алуға болады.

Сонымен қатар филиал қызметкерлері жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін дәрістер және таныстырылымдар жүргізеді. Ал операциялық бөлім қызметкерлері зейнетақы шотына қазіргі уақытта зейнетақы аударылмай жүрген салымшыларға телефон арқылы кеңес береді.

Кездесу барысында филиал қызметкерлері зейнетақы жарналарының не себепті аударылмай жатқандығын анықтайды, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер туралы мәліметтер ұсынады, жұмыссыз қалған азаматтарға Жұмыспен қамту орталығына жүгінуге кеңес береді, ал қажет болған жағдайда сұранысқа ие мамандықтар бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Атамакен» ұлттық кәсіпкерлік палатасына оқуға жібереді.

Бұл мекемелерде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері оқытылады, оқуға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасының басталуына дайындайды, қалалар мен ауылдарда шағын несиелер беріледі, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығымен айналысуға көмекқаржы бөледі.

«БЖЗҚ» АҚ Алматы қаласындағы филиалына жүгінген кез келген адамға сапалы қызмет көрсетіліп, сұрақтары бойынша толыққанды жауаптар беріледі.  

                  

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6808961
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
13455
0
60483
6735943
60483
139078
6808961

Сіздің ІР: 35.175.190.77
Қазір: 2018-12-13 12:41:05
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру