Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарКөктөбе ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысының АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

Көктөбе ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысының АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

Көктөбе ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысының

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

     Қызылжар ауылы                                        2017 жылғы 30 қараша

         КІРІСПЕ

           «Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі-аппарат) Көктөбе ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың 20 қарашада № 01-07/63 санды өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс тобы құрамы бекітіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау жүргізу кезеңі 2017 жылдың 11 айы.

         Аппарат өз жұмысын Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің   2016 жылғы   15 тамыздағы №815 қаулысымен бекітілген «Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүргізеді.

           «Қөктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Еңбекшіқазақ ауданының Көктөбе ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

            Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша төмендегі бағыттарда ішкі талдау жүргізілді:

           Аппараттың жұмысы барысында қолданатын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

               Көктөбе ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында нормативтік құқықтық актілер бойынша:

        1. Қазақстан Республикасы   Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы  № 151 бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағында «Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның уәкілетті өкілі, нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, нысан бойынша өтініш;
      2) жеке басты куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі)» - деп көрсетілген. Бірақ аталған стандарттың қосымшасында көрсетілген өтініш нысанында өтінішке ситуациялық сызба қоса тіркеледі деп көрсетілген. Біздің аталған мемлекеттік қызметті көрсету барысында осы жағдай қарама-қайшылықтар тудыруда, яғни стандарттың 9 тармағында көрсетілмеген құжатты талап етудеміз.

Ұсыныс: жоғары тұрған құзырлы органдардың қарауына аталған мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесіне «ситуациялық сызба» деген 3 тармақшаны енгізуді ұсыну.

       Аппараттың ұйымдатырушылық-басқарушылық қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

             Көктөбе ауылдық округі әкімі аппаратында 01 желтоқсан 2017 жылға штаттық кестеге сәйкес 11 мемлекеттік қызметкер , оның ішінде бала күтіміне байланысты бос лауазым – 1.

           Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  заңы зерделенді.

         Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша ауылдық округ әкім аппаратының лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтар анықталған жоқ. Дискрециялық  өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.    

«Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша  аппарат қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, аппарат қызметкерлері орнықты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақтамауы жоқ, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар анықталған жоқ.   Тексеру кезінде ауылдық округ әкім аппаратында бос орын бас маман Мұрат Құралай уақытша бала күтіміне байланысты демалысқа шықты.

Аппараттың штат саны - 12 мемлекеттік қызметкер. 2017 жылдың 11 ай ішінде жұмыстан босатылғандар: бас маман – есепші Л.Орынбарсарқызы 2017 жылдың 30 мамырында басқа жұмысқа ауысуына байланысты, өз еркімен жұмыстан босатылды.

Ауылдық округі әкімі өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес аудандық конкурстық комиссиясының қортындысы негізінде жүзеге асырылады.

       2017 жылдың 11 тамызында бас маман – есепші лауазымына Акчибаева Жанар Сериковна аудандық конкурстық комиссиясының қортындысы негізінде жұмысқа қабылданды.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырған. Қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері жоқ.

Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында

         Ауылдық округ әкім аппараты өз жұмыстарында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңымен мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін басшылыққа алады.

           Мемлекеттік қызметтер келесі қағидаттар негізінде көрсетіледі: Көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдікпен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызмет көрсету саласындаға есеп берушілік және ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнем жетілдіру; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде үнемділік және тиімділік.

         Ауылдық округ әкімі 7 (жеті) түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы

(7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 0

  1.    «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет – 0;
  2.    «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет – 28;
  3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет – 2;
    1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет – 0;
    2.    «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет – 1;
    3. «Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-сатыққа (конкурстарда, аукциондарда) алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 0

       Аталған көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ай және тоқсан сайын Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөліміне ақпарат беріліп отырады.

     «Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ішкі бақылау өткізу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі жұмыстарға жауап беретін және тұлғаларды бекіту жөнінде тиісті құқықтық акті қабылданды.      

        Халықты хабардар ету үшін «Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде – қызмет берушіде стандарттар мен регламенттер, анықтама телефондар номерлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.

         Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

         Аппараттың ұйымдатырушылық-басқарушылық қызметі барысындағы басқа сұрақтар

       Ауылдық округ әкіміне2017 жылдың 30 қарашасына дейін жеке тұлғалардан - 256 өтініш, ал заңды тұлғалардан - 2 хат келіп түсті. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес, келіп түскен өтініштер қаралып, өз уақтында өтініш иелеріне жауаптар берілді.

       Жоспарда көрсетілген мерзімде атқарылған іс шаралар бойынша ақпарат Еңбекшіқазақ аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік - құқықтық бөліміне ұсынылады.

       Ауылдық округтің бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

       Ауылдық округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ауылдық округ әкімі Еңбекшіқазақ аудан әкімі аппаратының қаржы бөліміне бюджеттік қаражаттың жұмсалуы және орындалуы туралы тоқсандық есеп беріп отырады.

Есептік кезеңде ауылдық округ әкім аппаратының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

Ауылдық округінде «Сыбайлас жемқорлықсыз қадам басайық» атты тақырыбында өткен дөңгелек үстел туралы, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетіне жариялауға мақала берілді.

2017 жылдың 16 қаңтардағы «Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы» ММ – нің №3/149-8 ұсынысына сәйкес, бас маман Абзалбек Арайлым Сүлейменқызына ескерту берілді.

         2017 жылы ауылдық округ әкім аппаратына Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы тарапынан екі тексеріс жүргізілді. Екі заң бұзушылықты жою бойынша ұсыныстар беріліп, кемшілік жіберген қызметшілерге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және ҚР Президентінің 2015 жылғы №152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшіліріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес тәртіптік жаза қолданылды:

2017 жылдың 12 сәуіріндегі «ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы» ММ – нің № 2-20460-17-03843 ұсынысына сәйкес, бас маман Богусбаев Қайсар Нұрболатұлына ескерту берілді.

2017 жылдың 01 тамызындағы «ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы» ММ – нің № 2-20403-17-03853 ұсынысына сәйкес, бас маман Богусбаев Қайсар Нұрболатұлына ескерту берілді. Аталған ескерту округ әкімі орынбасарының ұсынысының негізінде, 2017 жылдың 25 тамызында округ әкімінің №01-62/30 өкімімен алынып тасталды.

       Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарынмемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.

ҚОРЫТЫНДЫ

         Жоғарыда көрсетілген шаралар бойынша Көктөбе ауылдық округі әкіміне ұсынылады:

        1) Қазақстан Республикасы   Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы  № 151 бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесіне «ситуациялық сызба» деген 3 тармақшаны енгізуді құзырлы органдарға ұсыну.

         2)Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

        3)Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу.

         4)Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарынмемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.

Жұмысшы топ мүшелері:

Көктөбе ауылдық

округі әкімінің орынбасары                                           Б. Саменов

Ауылдық округі әкімі

аппаратының бас маманы                                              Ж.Әлімжан                                              

Ауылдық округі әкімі

аппаратының бас маманы                                               Қ.Богусбаев

Таныстырылды:  

Көктөбе ауылдық округінің әкімі                              Б.Джасыбаев

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6815256
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
19750
0
66778
6735943
66778
139078
6815256

Сіздің ІР: 35.172.201.102
Қазір: 2018-12-15 16:08:22
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру