Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарҚұрметті Алматы облысының тұрғындары!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Презентация (.ppt 796 Кб) Сақтау

Бүгін біз Сіздердің назарларыңызға 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін заң актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпаратты ұсынамыз (Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2015 жылғы 28 қазандағы № 369-V Қазақстан Республикасының Заңы)

 

Сонымен, бірінші кезекте, 2018-2022 жылдарға бағытталған макроэкономикалық көрсеткіштердің базалық болжамдары негізінде қалыптастырылған «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына сәйкес:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 405 теңге көлемінде;

Төменгі зейнетақы – 33 745 теңге;

Төменгі күн көріс деңгейі (ТКД) – 28 284 теңге;

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 15 274 теңге;

Төменгі еңбек ақы мөлшері – 28 284 теңге көлемінде анықталды.

01.01.2018 жылдан төлем алушылардың қатысуынсыз, олардың зейнетақы ісіндегі мәліметтері бойынша зейнетақы және жәрдемақы, әлеуметтік төлемдерінің мөлшерін арттыру жүргізіледі.

1) Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін алып жүрген зейнетақы мөлшері 8% артады.

Жаңа тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ескерілетін жоғарғы табыс, 2018 жылы 46-еселік АЕК-тен аспайды (110 630 теңге).

2) Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері, соның ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелері мен түзету орындарында тұрып жатқан тұлғалар үшін «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126 Заңының 12, 16 және 18 баптарымен қарастырылған көлемде анықталады.

3) №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар, баланың туылуына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар, баланың 1 жасқа дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақылар, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, сонымен қатар Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен тұлғалар мен жаппай саяси қуғын сүргін құрбандарына тағайындалған, бірақ төленбеген бір жолғы ақшалай өтемақы мөлшерлері АЕК мөлшерінің өсуімен байланысты арттырылады.  

4) Мүгедек-баланы тәрбиелеуші ата-аналарға (қамқоршыларға, қорғаншыларға) арналған жәрдемақы мөлшері 2018 жылдың 1 қаңтарынан төменгі жалақы мөлшерінің өсуімен байланысты арттырылады.

5) Еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайына және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан жүргізілетін әлеуметтік төлемдер мөлшері 16% арттырылады.

6) Банкрот салдарынан жойылған, заңды тұлғалармен жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдерді капитализациялау кезеңін аяқтаудан кейінгі Қазақстан Республикасы азаматтарына арналған 01.01.2018 жылға дейін тағайындалған алынып отырған ай сайынғы төлем 6% артады.

2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-v Заңына сәйкес 01.01.2018 жылдан әйелдердің зейнеткер жасын ұзарту қарастырылып отыр.

Әйелдердің зейнетақыға шығу жасы 2018 жылдан бастап 2027 жылға дейінгі аралықта, 10 жыл ішінде, әр жыл сайын 6 айға өсіммен жүзеге асырылады.

Зейнеткерлік жасын ұзарту:

- ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін қажетті, әйелдердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілінің біртіндеп азаюына;

- бірыңғай зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілінің ұлғаюына байланысты.

Бұндай жағдайда әйелдерге бірыңғай жинақтаушы жүйесінде ер адамдармен тепе тең қатысуына мүмкіндік беру керек, бұл зейнетақы қорындағы жиналған жинақ көлемін арттыруына және зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемінің көлемін ұлғайтуына мүмкіндік береді.

Мысалы, 01 қаңтар 1960 жылы туылған әйел зейнетақыға 01 шілде 2017 жылы шыға алады, яғни 58,6 жасында. Егер әйел 01 шілде 1960 жылы туылса онда оның зейнетақыға шығу жасы 59 жас болады, өйткені 58,5 жасқа келген уақытында (01 қаңтар 2019 ға дейін) барлығына ортақ зейнетақы жасы заңмен 59 жас деп белгіленген.

Жыл Зейнеткерлік жасы Туған күні
2018жылғы1қаңтар 58 жас 6 ай 1960 жылғы1 қаңтар мен 1960 жылғы 30 маусым аралығы
2019жылғы1қаңтар 59 жас 1960 жылғы1 шілде мен 1960 жылғы 31 желтоқсан аралығы
2020жылғы1қаңтар 59 жас 6 ай 1961 жылғы1 қаңтар мен 1961 жылғы 30 маусым аралығы
2021жылғы1қаңтар 60 жас 1961 жылғы1 шілде мен 1961 жылғы 31 желтоқсан аралығы
2022жылғы1қаңтар 60 жас 6 ай 1962 жылғы1 қаңтар мен 1962 жылғы 30 маусым аралығы
2023жылғы1қаңтар 61 жас 1962 жылғы1 шілде мен 1962 жылғы 31 желтоқсан аралығы
2024жылғы1қаңтар 61 жас 6 ай 1963 жылғы1 қаңтар мен 1963 жылғы 30 маусым аралығы
2025жылғы1қаңтар 62 жас 1963 жылғы1 шілде мен 1963 жылғы 31 желтоқсан аралығы
2026жылғы1қаңтар 62 жас 6 ай 1964 жылғы1 қаңтар мен 1964 жылғы 30 маусым аралығы
2027жылғы1қаңтар 63 жас 1964 жылғы1 шілде мен 1964 жылғы 31 желтоқсан аралығы

           Қазақстандағы зейнетақы жасының ұлғаюы қазіргі уақыттағы зейнетақыға ерте шығу жеңілдіктері бар әйелдерге қатысы болмайды. Олар:

  1. 45 жаста - "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сай төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтар.
  2. 53 жаста - 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер.

           Жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақыты, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақытын еңбек өтіліне қосу жеңілдігі сақталған.

3. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126 Заңына сәйкес мүгедектерге төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақының біріктірілуі қарастырылғын.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік жәрдемақыларды оңтайландыру шеңберінде мүгедектердің алатын ай сайынғы жәрдемақыларының екі түрі біріктіріледі.

Мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері жойылған арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшеріне арттырылады. Осылайша, мүгедектердің алып жүрген жәрдемақысының жалпы мөлшері азаймайды, тек арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға берілетін бір өтініш жойылады. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126 Заңының 12 бабы 5 тармағына сәйкес мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшеріне дейін жеткізілген қосымша төлем алушылардан басқа, жасына байланысты зейнетақы алушыларға, сонымен қатар Байқоңыр қаласында тұратын, мүгедектікке байланысты зейнетақыны Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес алатын тұлғаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу сақталады.

 

           4. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы № 369-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аз қамтылған отбасыларға арналған қолданыстағы үш төлем түрі қайта қарастырылып отыр: 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, «кәмелеттік жасқа толмаған 4 және одан көп баласы бар, көп балалы отбасылар» санаты бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы және ескі форматтағы АӘК Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматына, яғни отбасының әрбір мүшесіне шаққанда төменгі күн көріс деңгейінің 50%-нан төмен табыстағы жанұяларға төленетін, ағымдағы үш төлем түрін өзгертуді көздейді.

           2018 жылдың 1 қаңтарынан «кәмелеттік жасқа толмаған 4 және одан көп баласы бар, көп балалы отбасылар» санаты бойынша арнаулы мелмекеттік жәрдемақы тағайындалмайды.

Кәмелеттік жасқа толмаған, тұрғылықты жері бір 4 және одан көп баласы бар, көп балалы отбасылар, соның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын балалары бар отбасылар, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу бітіргенше (бірақ 23 жасқа толғанға дейін), 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған отбасылар жәрдемақы алу құқығы аяқталғанға дейін ҚР-ның «Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі №365 Заңының 7 бабының 17 тармақшасымен көрсетілген мөлшерде жәрдемақы алатын болады.

5. 2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 1999 жылғы 05 сәуірдегі № 365 Заңына сәйкес, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрынырақ «батыр-ана» дәрежесін алған, сонымен қатар I және II дәрежелі «ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар» санаты бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалмайды.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрынырақ «батыр-ана» дәрежесін алған, сонымен қатар I және II дәрежелі «ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар» санаты жөнінде Қазақстан Республикасының«Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 1999 жылғы 05 сәуірдегі № 365 Заңында көрсетілген норма Қазақстан Республикасының«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңына ауыстырылады.

Алынып жүрген жәрдемақы мөлшері өзгермейді және ол 6,40 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Жәрдемақы алып жүрген тұлғалар үшін төлемнің басқа түріне ауысу автоматты түрде жүргізіледі және жаңа өтініш талап етілмейді.

6. Тағы да бір маңызды өзгерістердің бірі, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы тағайындау методикасының өзгеруі, яғни зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалады.

Қазіргі уақытта барлық зейнеткерлер еңбек өтіліне қарамастан базалық зейнетақыны төменгі күн көріс деңгейінің 54% - 14466 теңге мөлшерінде алады.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы:

1) Азаматтар жалпы зейнеткерлік жасына жеткен кезінде ғана (63- ер адамдар, 58,6 / 63 - әйел адамдар);

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес біз көп балалы аналарға 53 жасқа толғанда ынтымақты және базалық зейнетақы да тағайындайтын болсақ, келесі жылдың 1 шілдесінен бастап 53 жаста тек ынтымақты зейнетақы тағайындаймыз, базалық зейнетақы кейін төленетін болады.

2) зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты;

Базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа механизмі келесідей болады:

Егер азамат жұмыс істесе және БЖЗҚ-на тек 10 жыл бойы аударымдар жүргізсе немесе мүлдем жұмыс жасамаса, онда оған біз төменгі күн көріс деңгейінің 54% мөлшерінде базалық зейнетақы тағайындаймыз, бұл бүгінгі базалық зейнетақы мөлшеріне тең. Бұндай жағдайда азамат қосымша ақы алмайды.

10 жылдан асқан әр 1 жыл еңбек өтілі үшін базалық зейнетақы 2% ұлғаяды. Мысалы, 20 жыл еңбек етсе базалық зейнетақы төменгі күн көріс деңгейінің 74%, 30 жыл еңбек етсе базалық зейнетақы төменгі күн көріс деңгейінің 94% құрайтын болады. Сонымен қатар, заң бойынша 33 жыл немесе одан да көп жыл еңбек етсе базалық зейнетақының мөлшері төменгі күн көріс деңгейінің 100% құрайтын болады.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6551392
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
37515
0
37515
6448793
90064
172307
6551392

Сіздің ІР: 54.161.100.24
Қазір: 2018-10-17 12:06:41
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру