Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктар«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік кө

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік кө

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына
кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке
толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

         1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

   2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорациясына құжаттарды тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап – бес жұмыс күні.
      Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) көрсетілетін қызметті берушіге немесе мемлекеттік корпорациясының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорациясында – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілетін анықтама;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүліктеріне иелік ету үшін берілетін анықтама;

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банктерге кәмелетке толмаған балалардың мүліктеріне иелік ету үшін берілетін анықтама.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына анықтамаларды алу үшін:

     
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

     3) мұраны қалдырушының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі;
      4) заң бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәліктің көшірмесі (нотариустан);
      5) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      6) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
      7) «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 112 бұйрығымен (бұдан әрі – № 112 бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 тіркелген) бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда.

    

   Ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүліктеріне иелік ету үшін анықтамаларды алу үшін:

    
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      3) бала (балалар) оқитын білім ұйымының әкімшілігімен расталған көлік құралын иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға көлік құралының меншік иесі болып табылатын баланың (балалардың) келісімі (бала 10 жасқа толған жағдайда);
      4) келмеген жұбайының (зайыбының) атынан мәміле жасауға нотариус куәландырған сенімхат не қайтыс болуы туралы куәлік;

      5) көлік құралын тіркеу туралы куәлік (көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда ішкі істер органдары беретін растау-анықтамасы);
      6) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      7) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
      8) № 112 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).

           Банктерге кәмелетке толмағандардың мүліктеріне иелік етуге анықтамаларды беру үшін:


      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      3) бала (балалар) оқитын білім ұйымының әкімшілігімен расталған банк мүлікін иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға мүлікті меншік иесі болып табылатын баланың (балалардың) келісімі (бала 10 жасқа толған жағдайда);
      4) келмеген жұбайының (зайыбының) атынан мәміле жасауға нотариуспен куәландырылған сенімхат не қайтыс болуы туралы куәлік;
     5) банк салымының бар екенін растайтын құжат;
      6) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
      7) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      8) № 112 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).

               Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің не әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына  
және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорына, банктерге, ішкі істер органдарына
кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік
ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра
ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына    
1-қосымша               

Нысан

Астана және Алматы қалаларының,  
аудандардың және облыстық маңызы  
бар қалалардың жергілікті атқарушы 
органдарының қағаз түрде берген  
құжаттың шығу нысаны       

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілетін
анықтама

      Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық
маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары _________________
жылы туған кәмелетке толмаған ___________________________ (баланың
Т.А.Ә. (бар болғанда), туған жылы) заңды өкіл(дер)і (ата-аналары
(ата-анасы), қорғаншысы немесе қамқоршысы, патронат тәрбиешісі және
оларды алмастырушы басқа адамдар) _______________________ жылы туған,
________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болғанда)
(жеке куәлік №__ ______ жылы ___________ берілген) салымшы (мұраға
қалдырушының Т.А.Ә. (бар болғанда) ______________________ қайтыс
болуына байланысты (___________ жылғы _________________ №____ қайтыс
болуы туралы куәлік) ________ жылғы нотариус берген (________________
жылы ________________ берген мемлекеттік лицензия № ______) заң/өсиет
бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәлікке сәйкес тиесілі
инвестициялық табыспен, өсіммен және өзге түсімдермен бірге заңнамаға
сәйкес _________________________ (жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында мұраға қалатын зейнетақы
жинақтарын алуға рұқсат береді.

Астана және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының басшысы _________________ ______________________________
                         (қолы)             (Т.А.Ә. (бар болғанда)

Мөрдің орны
Анықтама берілген күнінен бастап 1 (бір) ай жарамды.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына   
және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорына, банктерге, ішкі істер органдарына 
кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік
ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра
ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына     
2-қосымша                 

Нысан

Астана және Алматы қалаларының,   
аудандардың және облыстық маңызы  
бар қалалардың жергілікті атқарушы 
органдарының қағаз түрде берген   
құжаттың шығу нысаны        

Ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған
балалардың мүліктеріне иелік ету үшін берілетін
анықтама

      Кәмелетке толмаған(-дар) ______________________________________
мүдделеріне әрекет ететін Астана және Алматы қалаларының, аудандардың
және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдары____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
көліктік құралын ______________________ рұқсат береді.

Астана және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының басшысы ________________ _______________________________
                         (қолы)             (Т.А.Ә. (бар болғанда)

Мөрдің орны

Анықтама берілген күнінен бастап 1 (бір) ай жарамды.

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің басшысы    Б.Аманова

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6817961
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
22455
0
69483
6735943
69483
139078
6817961

Сіздің ІР: 35.175.190.77
Қазір: 2018-12-16 15:12:03
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру