Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарЖаңа заман оқушысын тәрбиелеу – басты мақсатымыз

Жаңа заман оқушысын тәрбиелеу – басты мақсатымыз

23021812302183

Жаңа заман оқушысын тәрбиелеу – басты мақсатымыз

Қазақтың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» - деген. Сондықтан әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру басты мәселелердің бірі болып отыр. Біздің мектепте де осы аталған бағытта жұмыс жасап жатқан бірқатар мұғалімдер шоғыры бар. Олар оқытудың әмбебап үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауына үлес қосуда. 

Әл-Фараби атындағы орта мектепте былтырғы оқу жылынан бастап Lesson Study зерттеу әдісі жүзеге асырылып келеді. Осы оқу жылында аталған әдіс бойынша бірнеше сыныптарды зерделедік.

6-сыныптар аралығында өткізілген алғашқы зерттеу сабағын талдау барысында оқушыларға өз бетімен орындау үшін деңгейлік тапсырмалар дайындау ұсынылды. Екінші  зерттеу сабағы алғашқы сабақтың қорытындысындағы ұсыныс ескеріле отырып құрылды және өткізілді. Сабақта оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындады, сабақты талдау нәтижесінде үшінші зерттеу сабағына шығармашылық тапсырмаларды күрделендіріп беруге ұсыныс жасалды. Алдыңғы сабақтан соңғы ұсыныс, оқушымен сұхбат нәтижесі ескеріле отырып, мұғалімдердің бірлесуімен үшінші зерттеу сабағының жоспары құрылып, өткізілді. Бұл зерделеуден байқағанымыз – балалардың өзіне көңіл аударылатындығына сенімділігі, өзін-өзі бағалау мен реттеуі, сонымен қатар жауапкершілікті сезінулері. Әр сабақ сайын оқушылардың ынтасы мен талабы, қызығушылығы мен құлшынысы бір саты жоғарылағандығына куә болдық. Бұл бізді қуантты. Сабақ барысында қолданылған әдістер өз жемісін берді. Алайда, кемшіліксіз дүние болмайтыны тағы рас. Сабақ барысында кейбір тәсілдердің орынсыз, тиімсіз болғаны да кездесті («Өрмекші торы», «Ыстық орындық»). Мәселен, «Өрмекші торының» уақытты көп алуы балаларды жалықтырды. Әйтсе де, талдау барысында мұндай кемшіліктер жойылып, мұндай тәсілдердің басқаша қолдану түрлері ұсынылды. Бұл тәсілдер, өз кезегінде жемісін беріп жатты.

Зерттеу сабақтарында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы басшылыққа алынды, яғни оқушыларды туған жерін құрметтеуге, Отанын сүюге баулуды басшылыққа алдық. Оқыту процесіне біз бұған аса көңіл бөлеміз. Қазақтың белгілі тұлғаларын, қазақ әдебиетінің құнарлы шығармаларын, өлкеміздің тарихи мекендерін оқушылардың санасына сіңіріп, олардың өз елін сүйетін патриот етіп тәрбиелеуге күш салудамыз. «Туған жер» бағдарламасы аясында мектебімізде «25 кітап» акциясы жалғасын табуда. Мұнда оқушылар тарих қойнауына енген әдеби мұраларымызды жаңғыртып, сахналандырып қоюда.

Сонымен Lesson Study нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер

арқылы кеңейте алдық және оқушыларымыздың оқу үдерісіне толыққанды қатысуына ықпал ете білдік. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып,оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне,ойларын ашық айтуына дағдыландырдық. Ең бастысы, осы зерттеу нәтижесінде білім сапасында оң өзгеріс байқалды.

Шынтаева Рауан Жайлаубековна

Әл-Фараби атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6815119
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
19613
0
66641
6735943
66641
139078
6815119

Сіздің ІР: 35.172.201.102
Қазір: 2018-12-15 15:33:37
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру