Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2017 жылдың қорытындысы боййынша мемлекеттік қызметшілермен кірістер мен мүлік туралы декларацияларды табыс ету мерзімі 2018 жылдың 31 наурызында аяқталатынын еске салады.
Салық кодексінің 185 бабы 2 тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына , Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны табыс ету мiндетi жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар табыстары мен Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан және салық салу объектiсi болып табылатын мүлкi туралы декларацияны табыс етедi.
«Салық төлеушінің кабинеті» WEB- қосымшасында салық төлеушілерге 230.00 СЕН толтыру және жіберу жұмыстарын тездететін, 230.00 СЕН тапсыру үшін жеке сервер орналастырылғанын мәлімет үшін қосымша хабарлаймыз.
Сонымен қатар «230.00 СЕН табыс ету үшін салық төлеушінің кабинетінде» 2013жылдан бастап ағымдағы жыл бойынша кезеңге 230.00 СЕН табыс ету және нысандар журналын қарау мүмкіндігі бар. «230.00 СЕН табыс ету үшін салық төлеушінің кабинетінде» авторластыру үшін пайдаланушылардың әрекеттерін біртіндеп сипаттаумен нұсқау ftp://ftp.mgd.kz/ и ftp://ftp.salyk.kz/ орналастырылған.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының
«Жеке тұлғалардың ақпараттарын
қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімі