Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жалпы мемлекеттік шаралары сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасының құрылуын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық кеңістіктің қалыптасуын және ең алдымен алдын алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жүргізілуін көздейтін Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын бекітумен елеулі толықтырылды.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

     2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі бекітілген.

    Сыбайлас жемқорлық тұрғыдан өзінің беделін түсіретін қызметкерлерден тазарту және өз қатарымызда сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау бойынша пәрменді шаралар қабылдауға  ерекше көңіл бөлінуде.

    Мемлекеттік кірістер басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылмен қатар өзінің қатарында қызметкерлердің қызметтік жұмысы процесінде мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін пара берумен байланысты кез келген мүмкін жағдайлар мен алғышарттардың жоюын жалғастыруда.

     Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;

   Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуін бұзады және қоғамдық ресурстарды оңтайлы пайдалануға кедергі келтіреді, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға теріс әсер етеді, әлемдік қауымдастықтың алдында елдің имиджін айтарлықтай төмендетеді, инвестициялық ағындарға кедергі келтіреді.

   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15-бап) ҚР Заңдарында мүдделер қақтығысына нақты түсінік берілген.

   Бұл - мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық. Басқа сөзбен айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін жеке мақсаттарда пайдалануға құқығы жоқ.

   Мүдделер қақтығысы болған кезде, заңнамамен оны «оқшаулап шектеуге» бағытталған мемлекеттік қызметшілердің нақты әрекеті қарастырылған.

   Мемлекеттік кірістер басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс шеңберінде заңнама талаптарын, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің жұмысында мүдделер қақтығысы фактілерін анықтау талаптарын мүлтіксіз сақтайды.

                                                     Еңбекшіқазақ ауданды бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

                                                   заңды тұлғаларды әкімшілендіру

                                                          бөлімінің басшысы Қуандыкова Б.С.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6455764
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
46405
0
46405
6342907
166743
161840
6455764

Сіздің ІР: 54.80.83.123
Қазір: 2018-09-26 11:31:23
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру