Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарҚосылған құн салығы бойынша тіркеу.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті

             түрде қою:

1) мемлекеттік мекемелерді;

2) резидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін;

3) ойын бизнесі салығы салынуға жататын қызметі бойынша осы Кодекстің 534-бабында аталған тұлғаларды;

4) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызметі бойынша қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, резидент-заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер осы бапта айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатады.

2. Егер қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары үшiн айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төмен айналымнан асып кеткен жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған, қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қоюға жататын тұлғалар орналасқан жеріндегі салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.

Салықтық өтініш айналым мөлшерінің ең төмен айналымнан асып кетуі туындаған ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей мына тәсілдердің бірімен:

1) өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште;

2) электрондық нысанда беріледі.

Салықтық өтінішті электрондық нысанда беру туралы                                       ереже тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғарғы салық төлеушілерге қолданылмайды.

Айналым мөлшерін:

1) жаңадан құрылған резидент-заңды тұлғалар, бейрезидент Қазақстан Республикасында қызметін солар арқылы жүзеге асыратын филиалдар, өкілдіктер – әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап;

2) салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар – салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап;

3) ағымдағы күнтiзбелiк жылда салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған салық төлеушiлер – салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған күннен кейiнгi күннен бастап;

4) өзге де салық төлеушілер – ағымдағы күнтізбелік жылдың                       1 қаңтарынан бастап, өсу қорытындысы бойынша айқындайды.

3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін айналым мөлшері осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағының 1), 2) және                                   3) тармақшаларында көрсетілген айналымдардың сомасы ретінде айқындалады.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін бюджетпен есеп айырысуларды шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінде жүзеге асыратын салық төлеуші айналымды айқындау кезінде осы арнаулы салық режиміне жататын қызметті жүзеге асырудан түсетін өткізу бойынша айналымды есепке алмайды.

4. Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 000 мың еселенген мөлшерін құрайды.

5. Егер құрылтайшы сенімгерлік басқару шарты бойынша не пайда алушы сенімгерлік басқару туындаған өзге де жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, сенімгерлік басқарушы орналасқан жеріндегі салық органына сенімгерлік басқару шартын жасасқан күннен не сенімгерлік басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге де құжат күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өзі келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беруге міндетті. Өзге жағдайларда мұндай құрылтайшыны немесе пайда алушыны, сондай-ақ сенімгерлік басқарушыны міндетті түрде есепке қою осы баптың                             2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасының, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің бірінші басшысы, дара кәсіпкер орналасқан жеріндегі салық органына осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртіппен береді.

Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.

Салық органы салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

7. Осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiшті ұсынбаған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген, тұлға анықталған кезде салық органы мұндай салық төлеушіні анықтаған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оған осы Кодекстің 115-бабындаайқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді.

8. Салық төлеушi осы баптың 7-тармағына сәйкес жіберілген салық органының хабарламасы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiшті ұсынбаған жағдайда, осы Кодекстің 115-бабының 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін салық органы осы Кодекстің
118-бабындаайқындалған тәртіппен салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.

  

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою

1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 82-бабының             1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайтын тұлғалар мынадай тәсілдердің бірімен:

1) өзі келу тәртібімен, қағаз жеткізгіште;

2) электрондық нысанда;

3) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде                 резидент-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беру жолымен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережесі тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғарғы салық төлеушілерге қолданылмайды.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:

дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың;

мемлекеттік мекемелердің;

Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттердің;

резидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің;

ойын бизнесі салығы салынуға жататын қызметі бойынша осы Кодекстің 534-бабында аталған тұлғалардың құқығы жоқ.

2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті жасай отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар:

1) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және                                               2) тармақшаларында аталған тұлғалар үшін – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген күннен бастап;

2) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған тұлғалар үшін – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушілерге айналады.

  

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару

1. Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті орналасқан жеріндегі салық органына, бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

1) егер салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін салық салынатын айналым мөлшері осы Кодекстің 82-бабының                       4-тармағында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан аспаса;

2) егер мұндай салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың басынан бергі кезеңі үшін салық салынатын айналым мөлшері осы Кодекстің 82-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан аспаса, беруге құқылы.

Осы тармақтың ережесі өздеріне қатысты банкроттық рәсімі қолданылған салық төлеушілерге қолданылмайды.

2. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген салықтық өтiнiшке қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы қоса беріледі.

3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық органдары осы баптың 2-тармағында белгіленген талап сақталған кезде, салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды жүргізуге міндетті. Осындай салық төлеушінің салық органына салықтық өтініш берген күні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күн болып табылады.

Салық органдары салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан мынадай:

1) салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшері осы Кодекстің 82-бабының 4-тармағында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан асып кеткен;

2) мұндай салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың               1 қаңтарынан бергі кезең үшін салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшері осы Кодекстің 82-бабының 4-тармағында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан асып кеткен жағдайларда, бас тартады.

Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 213-бабының 1-тармағында айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті ұсынған салық төлеушілерге қолданылмайды.

Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім мұндай бас тартудың себебі көрсетіле отырып, салық төлеушіге жеке қолын қойдыру арқылы немесе жіберу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.

4. Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, салық органының шешімі негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару, салық төлеушіні хабардар етпестен, мынадай:

1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті осы Кодексте оны ұсынудың белгіленген мерзімінен кейін алты ай өткен соң ұсынбаған;

2) жазбаша түсінік ұсыну үшін осы Кодекстің 70-бабы                                                         5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнің соңғы күніне салық төлеушіде ашылған банктік шоттар болмаған жағдайда, мұндай салық төлеуші осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған;

3) салық төлеуші осы Кодекстің 70-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған;

4) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу жарамсыз деп танылған;

5) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде заңды тұлғаны қайта тіркеу жарамсыз деп танылған;

6) егер заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кәсіпкер:

әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;

егер қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) кезден бастап алты ай өткен жағдайда, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған);

1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-1, 216, 217 және 222-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;

2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238, 240 және 245-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;

іздеу салынған жеке тұлға;

болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес не Қазақстан Республикасының аумағында болуға рұқсат етілген мерзімі өткен шетелдік-жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам;

әрекет етпейтін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

әрекет етпейтін заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған;

7) осы Кодекстің 91-бабындаайқындалған тәртіппен салық төлеуші әрекет етпейтін деп танылған жағдайларда, жүргізіледі.

5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық төлеушiнің орналасқан жеріндегі салық органы:

1) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың                                                 4-тармағының 1), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.

Осы баптың 4-тармағы6) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген жағдайларда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады;

2) осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;

3) осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, осы Кодекстің 70-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;

4) салық органы соттың дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімін алған күннен бастап;

5) салық органы соттың заңды тұлғаны қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.

6. Қосылған құн салығын төлеуші салық органының шешімі бойынша:

1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 7) тармақшаларында аталған тұлғалар үшін – осы шешім шығарылған күннен бастап;

2) осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында аталған тұлғалар үшін – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап;

3) осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында аталған тұлға               үшін – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеуші органда соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жарамсыз деп танылған қайта тіркелген күннен бастап;

4) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың                             4-тармағының 6) тармақшасында белгіленген жағдайлар туындаған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.

Қосылған құн салығын төлеуші осы баптың 4-тармағы                                               6) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.

7. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:

1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда – осы Кодекстің 58, 60, 65 және 66-баптарында көрсетілген салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш не қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап;

2) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайларда – таратудың салықтық есептілігі және беру актісі ұсынылған күннен бастап;

3) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – осы Кодекстің 64-бабында көрсетілген салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап;

4) дара кәсіпкер ретінде тіркелген және қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын жеке тұлға қайтыс болған жағдайда – осы Кодекстің 78-бабының 1-тармағында айқындалған тәртіппен салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тасталған күннен бастап жүргізіледі.

8. Қосылған құн салығын төлеуші банкроттық себебі бойынша таратылған кезде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап жүргізіледі.

9. Салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен қосылған құн салығын төлеушінің шығарылғаны туралы ақпарат қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

«Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің басшысы Г.Амантаева

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6455692
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
46333
0
46333
6342907
166671
161840
6455692

Сіздің ІР: 54.80.83.123
Қазір: 2018-09-26 11:19:14
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру