ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ

       Тіркелген салықты төлеушілер уәкілетті ұйымдар, сондай-ақ:

1) ұтыссыз ойын автоматтарын;

2) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерлерді;

3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);

4) карттарды (картинг);

5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тіркелген салықты төлеушілер болып табылады.

           Тіркелген салықтың мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің 1-күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады. 

 Бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде жергілікті өкілді органдар бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілейді.

Тіркелген салық мөлшерлемелеріне өзгерістер енгізуді салық органы ұсынған хронометраждық зерттеу деректерінің негізінде жергілікті өкілді органдар жүргізеді.

Жергілікті өкілді органдар белгілеген тіркелген салық мөлшерлемелері болмаған жағдайда, салықты есептеу кезінде тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төмен мөлшерлері қолданылады.

Күнтізбелік тоқсан тіркелген салық үшін салықтық кезең болып табылады.

Салық салу объектілері айдың 15-күнін қоса алғанға дейін пайдалануға берілген кезде тіркелген салық – белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-күнінен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.

Салық салу объектiлерi айдың 15-күнін қоса алғанға дейін шығып қалған кезде тiркелген салық – белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде, 15-күнінен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.

Тіркелген салық есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың
25-күнін кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша бюджетке төленуге жатады.

Тіркелген салық бойынша декларация жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі жеріндегі салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.

Тажиходжаева Ж.Б.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ

ӨТ мен ЖК әкімшілендіру  бөлімінің жетекші маманы