Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгідей бейбіт , берекелі өмірі Президент пен үкіметіміздің бекітіп берген заңдары мен қаулыларының нақты нормалары жүзеге асып, біртұтас елдігіміздің арқасында айбынды мемлекетке айналғанымызбен айқындалады. Сондықтан мүмкіндігімізді кемел келешекке жұмсап , қуатты Қазақстанның өсіп – өркендеуі үшін әрбір салық қызметкері міндетті борышын өтегені абзал, яғни, салық органдарының жұмысына қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету. Бұл тек сапалы қызмет көрсету ғана емес, ол – қоғам үшін ашықтық, сыбайлаас жемқорлыққа қарсы күрес пен қызметінің айқындығы әрі ауданымызда салық мәдениетін көтеру болып табылады. Расында да қоғамды іштен ірітетін жемқорлықтың тамырына балта шабу – ұлттың қамын ойлаған әрбір қазақ азаматының міндеті. Қылмыстық кодексті белінен басып, сыбайлас жемқорлыққа барған кез келген қазақстандық азамат мемлекеттік қызметпен қатар ұлттық компанияларға жұмысқа орналаса алмайды. Қазір жүргізіліп жатқан «Жемқорлыққа жол жоқ» акциясының да негізгі мақсаты парақолықтан арылуға бағытталып отыр.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының
ұйымдастыру жұмыстары бөлімі