Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарШағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы режимдерді қолдану шарттары.

Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы режимдерді қолдану шарттары.

 

Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінің бірін қолдануға құқылы:
- патент
- оңайлатылған декларация
- тіркелген шегерімді пайдалану.
шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі мынадай талаптарға сәйкес келу керек:
1) арнаулы салық режимi үшiн салықтық кезеңдегі жұмыскерлердiң орташа тізімдік саны:
оңайлатылған декларация негізінде – 30 адамнан;
тіркелген шегерімді пайдаланумен – 50 адамнан аспайтын;
2) арнаулы салық режимi үшiн салықтық кезеңдегі кірісі:
патент негiзiнде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 300 еселенген мөлшерінен;
оңайлатылған декларация негізінде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 2 044 еселенген мөлшерінен;
тіркелген шегерімді пайдаланумен – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 260 еселенген мөлшерінен аспайтын;
3) мынадай қызмет түрлерін:
акцизделетін тауарлар өндiруді;
акцизделетін тауарларды сақтауды және көтерме саудада өткiзуді;
мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзуді;
лотереялар өткізуді;
жер қойнауын пайдалануды;
шыны ыдыстарды жинауды және қабылдауды;
түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткiзуді;
консультациялық қызметтер көрсетуді;
бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызметті;
сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметін;
құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті;
қаржы лизингі шеңберіндегі қызметті жүзеге асырмайтын салық төлеушілер қолдануға құқылы.
3. Агенттiк шарттар (келiсiмдер) негiзiнде қызмет көрсететiн дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға құқылы емес.
Осы тармақтың мақсаттары үшін агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан
азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) түсініледі, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін екінші тараптың тапсырмасы бойынша өз атынан, бірақ екінші тараптың есебінен не екінші тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттенеді.
4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдануға:
1) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар;
2) заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;
3) әртүрлi елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) салық салу объектiлерi бар салық төлеушiлер құқылы емес.
Арнаулы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі деп оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, тұрған жерінде стационарлық жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол стационарлық болып есептеледі.
Осы тармақшаның ережесі қызметін тек қана мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру бойынша жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды;
4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар;
5) құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режимін немесе салық салу ерекшеліктерін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар;
6) коммерциялық емес ұйымдар;
7) ойын бизнесi салығын төлеушiлер құқылы емес.
5. Осы баптың мақсаттары үшін дара кәсіпкердің шекті кірісі:
1) осы Кодекстің 681-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінен;
2) дара кәсіпкердің негізгі құралдары болып табылатын мүлікті өткізумен және жарғылық капиталға берумен байланысты туындайтын, осы Кодекстің 330-бабында көрсетілген құн өсімі түріндегі кірістерден;
3) осы Кодекстің 366-бабына сәйкес айқындалатын кірістен тұрады.
6. Осы баптың мақсаттары үшін заңды тұлғаның шекті кірісі:
1) осы Кодекстің 681-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінен;
2) осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, осы Кодекстiң 7-бөліміне сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық кірістен тұрады.
7. Осы бапқа сәйкес шағын бизнес субъектісі болып табылатын дара кәсіпкер шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданған кезде салықтық есепке алуды осы бөлімде көзделген оңайлатылған тәртіппен жүргізуге құқылы.

1. Патент негiзiнде немесе тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимiн қолдану үшін салықтық кезең күнтiзбелiк жыл болып табылады.
2. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшін салықтық кезең жартыжылдық болып табылады.
2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралыҚазақстан Республикасының Заңының 47 бабына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Патент негізіндегі арнаулы салық режимін осы Кодекстің
683-бабында шағын бизнес субъектілері үшін белгіленген шарттарға сәйкес келумен қатар:
1) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
2) қызметiн жеке кәсіпкерлiк нысанында жүзеге асыратын;
3) мынадайқызметтүрлерініңбіреуіннемесебірнешеуін:
сылақжұмыстарын;
ағашұсталығы мен ағаш шеберлігіжұмыстарын;
еден жабу жәнеқабырғақаптаужөніндегіжұмыстарды;
бояужәнешынылаужұмыстарын;
такси қызметін;
автомобиль көлігіменжүктасымалдауды;
сыйақыүшіннемесешартнегізіндежылжымайтынмүліктібасқаруды;
фотографиясаласындағықызметті;
аударма (ауызшажәнежазбаша) ісін;
мүліктікжалдауға (жалға) беруді;
көлікқұралдарынмүліктікжалдауға (жалға) беруді;
ойын-сауықжәнеспорттықкерек-жарақтардыпрокатқажәнемүліктікжалдауға (жалға) беруді;
бейнежазбалар мен дискілердіпрокатқаберуді;
басқа дажекетұтынузаттарынжәнетұрмыстықтауарлардыпрокатқаберудіжәнемүліктікжалдауға (жалға) беруді;
ауылшаруашылығытехникасы мен жабдығынмүліктікжалдауға (жалға) беруді;
есептеуіштехниканықосаалғанда, кеңсемашиналары мен жабдығынмүліктікжалдауға (жалға) беруді;
спорттықбілімжәне бос уақыттыұйымдастырумамандарынабілім беру саласындакөрсетілетінқызметтерді;
мәдениетсаласындағыбілімберудіңкөрсетілетінқызметтерін;
басқа да білім беру саласындакөрсетілетінқызметтерді;
қосалқыбілім беру қызметтерін;
өнерсаласындағықызметті;
компьютерлердіжәнеперифериялықжабдықтыжөндеуді;
коммуникациялықжабдықтыжөндеуді;
жекетұтынузаттарынжәнетұрмыстықтауарлардыжөндеуді;
шаштаразқызметтерін;
маникюрдіжәнепедикюрді;
ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;
жеручаскелерінөңдеубойыншакөрсетілетінқызметтерді;
тұрғынүй-жайлардыжинаужәнеүйшаруашылығынжүргізубойыншакөрсетілетінқызметтерді;
базарларда, вокзалдардажүктасушыларкөрсететінқызметтерді;
музыкалықаспаптардыжасаудыжәнежөндеуді;
үйжануарларынбағудыжүзегеасыратын дара кәсiпкерлерқолдануға құқылы.

2. Патент негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолдану үшiн тұрған жеріндегі салық органына патент құнының есеп-қисабы (бұдан әрi осы тараудың мақсатында – есеп-қисап) ұсынылады.
Есеп-қисапты қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы:
1) жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін хабарлама берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режимінен ауысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер – патент негізінде арнаулы салық режимі қолданылатын айдың 1-күніне дейін;
3) кезекті патентті алу үшін патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі немесе салықтық есептілікті табыс етуді тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ұсынады.
3. Есеп-қисап патенттің құнын есептеуге арналған салықтық есептілік болып табылады.
Патенттің құны осы Кодекстің 686-бабына сәйкес есептеледі.
4. Салық төлеуші патенттің құнын төлеуді есеп-қисап ұсынылғанға дейін жүргізеді.
Патент құны екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген жағдайда төлем құжатының деректемелеріне сұрау салуда көрсетілген кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталында қалыптастырылатын «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің хабарламасы электрондық нысанда ұсынылатын
есеп-қисапқа қоса беріледі.
Қағаз жеткізгіштегі есеп-қисаппен бір мезгілде патент құнының төленгенін растайтын құжаттар ұсынылады.
5. Электрондық нысанда, оның ішінде «электрондық үкімет»
веб-порталы арқылы табыс етілген есеп-қисапта дара кәсіпкерлер патент құнына қосылатын салықтар және әлеуметтік төлемдер сомаларын төлеу бойынша төлем құжаттарының деректемелерін көрсетеді.
Дара кәсіпкерлер есеп-қисапты табыс еткеннен кейін салық органы есеп-қисап ұсынылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық органының ақпараттық жүйесінде патент қалыптастыруды жүргізеді.
Патенттің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, патент негізіндегі арнаулы салық режимі бір салықтық кезең шегінде кемінде бір ай қолданылады.
Патент негізіндегі арнаулы салық режимін:
1) ағымдағы салықтық кезеңнің соңғы айында жаңадан тіркелген;
2) ағымдағы салықтық кезеңнің соңғы айында салықтық есептілікті табыс етудің тоқтатыла тұру мерзімі аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған дара кәсіпкерлер бір айдан кем мерзім ішінде қолданады.
7. Патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру үшін осы Кодекстің 214-бабында айқындалған тәртіппен салықтық өтінішті тұрған жеріндегі салық органына ұсынады.
Патент құнына жеке табыс салығы (төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығынан басқа) мен әлеуметтік төлемдердің төлеуге жататын сомалары қосылады.
2. Патент құнына кіретін жеке табыс салығының сомасын есептеу салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі.2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңының 48 бабына сәйкесПатент құнына кіретін жеке табыс салығының сомасын есептеу, сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың салық салу объектісін қоспағанда, салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшердегі мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі.
Сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер патент құнына кіретін жеке табыс салығының сомасын есептеуді, 1 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алынатын кірістерді қоспағанда, салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшерінде мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізеді.
Сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер жеке табыс салығының әртүрлі мөлшерлемелері бойынша салық салынатын кірістерді бөлек есепке алуды жүзеге асырады. Бұл ретте қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алынатын кірістерді есепке алу банктік шоттардан үзінді көшірмелерді қоса алғанда, бастапқы құжаттар негізінде, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тізілімде жүргізіледі.".

3. Патент құнына кіретін әлеуметтік төлемдерді есептеу «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
4. Егер патенттің қолданылу мерзімі ішінде іс жүзінде алынған кіріс сомасы есеп-қисапта көрсетілген кіріс мөлшерінен асса, дара кәсіпкерлер бес жұмыс күні ішінде асқан сомаға қосымша салықтық есептілік түрінде
есеп-қисапты ұсынуға және осы сомадан салықтар төлеуді жүргізуге міндетті.
Егер іс жүзінде алынған кіріс сомасы осы Кодекстің 683-бабының
2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген шекті кіріс мөлшерінен асқан жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
Көрсетілген есеп-қисаптың негізінде бұрын қалыптастырылған патенттің орнына жаңа патент қалыптастырылады.
5. Егер патенттің қолданылу мерзімі ішінде нақты алынған кіріс сомасы (оның мерзімінен бұрын тоқтатылатын жағдайларын ескере отырып) есеп-қисапта көрсетілген кірістің мөлшерінен аз болса, дара кәсіпкерлер патент құнының азаю сомасына қосымша салықтық есептілік түрінде
есеп-қисапты табыс етуге құқылы.
Көрсетілген жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару осы Кодекстің 11-тарауында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
6. Іс жүзінде алынған кіріс сомасы осы Кодекстің 683-бабы
2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген шекті кіріс сомасынан асқан жағдайда, осы Кодекстің 679-бабында белгіленген жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режимін қолдану басталған күннен бастап алынған дара кәсіпкердің кірісіне тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе арнаулы салық режимінде айқындалған тәртіппен салық салынады.
7. Дара кәсiпкер әрекетке қабiлетсiз деп танылған жағдайды қоспағанда, патенттiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған кезде салықтың енгiзiлген сомасы қайтаруға және қайта есептеуге жатпайды.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
Жеке кәсіпкерлермен заңды
тұлғалардың ақпараттарын қабылдау
және өңдеу орталығы бөлімінің
басшысы Г.Амантаева

 

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8251467
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
33106
0
33106
8129025
183181
235379
8251467

Сіздің ІР: 34.204.169.76
Қазір: 2019-08-21 20:06:15
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру