Көңілді қыс күні

2401182

        Ағымдағы жылдың 13 қаңтар күні, «Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының» ММ-нің қолдауымен ІАҰМТП Түрген филиалы және Түрген ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  Түрген шатқалы бойында дәстүрлі қыс мезгілін қарсы алу мақсатында, "Көңілді қыс күні" атты мерекелік шара өтті. Алғаш құттықтау сөз округ әкімі Елеусізова Бота Серікқызына, Еңбекшіқазақ аудандық маслихат дептаты Вальков Виталий Викторовичке және ІАҰМП Түрген филиалы директорының орынбасары Сүлейменов Нурсәлім Манапұлына беріліп, өздерінің құттықтауын, тілектерін білдіріп, мерекелік шараны ашты. Концерттік бағдарламамен басталған іс -шарада білім беру  мекемелерінің оқушылары және жас мамандары өнер көрсетті. Ауыл жастарына арналған  шағын футбол, арқан тартыс, гір тасын көтеру,шаңғы  және қол күрес жарыстары ұйымдастырылып, атпен серуендеу, қар және мұздан мүсіндер жасау, балаларға түскі ас беру барысы да сырт қалған жоқ.

        Аталмыш іс –шараға Алмалы ауылының белсенді жастары мен И.Шорманов атындағы орта мектебінің оқушылары да қатысты.

        Мерекелік шара соңында белсенді ат салысып қатысқан және спорттық жарыста жүлделі орындарға ие болған қатысушыларымен, жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен аяқталды.

«Түрген ауылдық округі әкімі аппараты» ММ