Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарШелек ауылдық округіндегі елді-мекендердің көшелерін қайта атау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Шелек ауылдық округіндегі елді-мекендердің көшелерін қайта атау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді-мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8 тармағының, 1), 2)-тармақшаларына сәйкес, 2018 жылғы ақпан айының 26-сы күні сағат 18-30-да Шелек ауылы, Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шелек ауылдық округіндегі Шелек, Май ауылдарында орналасқан идеологиялық тұрғыдан ескірген, кеңестік дәуірмен аталған атауларды тарихи жер-су атауларымен және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен 61 (алпыс бір) көшенің (тізім бойынша) атауын өзгерту туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

Шелек ауылы:

1 Арычная - Асы 
2 Арычный тұйық - Асы  тұйық
3 Авангардская - Бақай 
4 Авангард тұйық - Бақай  тұйық
5 Виноградная - Қызыл-Шарық 
6 Вишневая - Шиелі 
7 Владимир Маяковский - Аяққалқан
8 Восточный тұйық - Шығыс тұйық
9 Гаражная - Бабатоған  
10 Гидростройтельная - Ақбұлақ 
11 Дачная - Қайыңды
12 Дачный тұйық - Қайыңды  тұйық
13 Дружба - Достық
14 Заречная - Нұрлы
15 Илийская - Іле
16 Илийский тұйық - Іле тұйық
17 Интернациональная - Береке
18 Казачья - Жиделі
19 Кирпичная - Қарасу
20 Кирпичный тұйық - Қарасу тұйық
21 Ключевая - Қайнар
22 Ключевая тұйық - Қайнар тұйық
23 Коммунальная - Арасан
24 Космонавтов - Ғарышкер
25 Лесная - Сұңқар
26 Луговая - Бұғыты
27 Медицинская - Ұлан
28 Медицинская тұйық - Ұлан тұйық
29 Мелиоративная - Талдыбұлақ 
30 Мира - Бейбітшілік
31 Молодежная - Жастар 
32 Новосельская - Жаңатұрмыс
33 Новосельский тұйық - Жаңатұрмыс  тұйық
34 Озерная - Көлді
35 Парниковая - Бірлік
36 Речная тұйық - Ақтоған тұйық
37 Садовая - Алмалы
38 Садовый тұйық - Алмалы тұйық
39 Складская - Еңбекші 
40 Советская - Көкпекті 
41 Солнечная - Күншуақ 
42 Солнечный тұйық - Күншуақ  тұйық
43 Стадионная - Сарыарқа
44 Стадионная тұйық - Сарыарқа   тұйық
45 Строительная - Бәйтерек 
46 Тихий тұйық - Шымбұлақ  тұйық
47 Целинная - Кеңдала
48 Элеваторная  - Масақты
49 Юбилейный тұйық - Жеңіс көшесі
50 Южный тұйық - Оңтүстік тұйық
51 8 марта - Ынтымақ
Май ауылы:
1 Парковая - Жерұйық
2 Табачная – 1 - Сарыбұлақ 
3 Табачная – 2 - Нұрлытау 
4 Молодежная - Бартоғай
5 Лесная - Теректі
6 Строительная - Сарытау
7 Студенческая - Ақсу 
8 Медицинская - Шілікті 
9 Майская - Ақдала 
10 Центральная - Шалқар 

Түсіндірме жазбаша хат

Ономастикалық атаулар – халықтың, ұлттың рухани жады. Ол атаулардың мәнінде тағылымды тарихымыз жатуы тиіс. М.Әуезов: «Біздің қазақ – жер аты, тау атын әмәнда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да, жер, су, жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады», - дейді.

Қазақ үшін дүние – табиғат, туған жер және сол туған жерде қалыптасқан ұлттық рухани мұра.

  1. Асы  – Іле Алатауының шығыс сілемінде Еңбекшіқазақ ауданы жерінде орналасқан биік таулы жайлау;
  2. Бақай  – Алатаудың Шелек өзеніне тірелген жеріндегі биік сілемі;
  3. Қызыл-Шарық  - Есік қаласынан шығысқа қарай 90 км жерде, Бақай тауының солтүстік баурайында орналасқан ауыл. Ауыл 1963-95 жж. жүзім өсіретін «Шелек» кеңшарының орталығы болып келді;
  4. Шиелі  - өзен жағасында шиенің қалың өсуіне байланысты қойылған атау;
  5. Аяққалқан – Шелек ауылынан солтүстік батысқа қарай 45 км жерде, Қалқан тауының етегінде орналасқан минералды бұлақ;
  6. Шығыс тұйық – ауылдың шығыс жағында орналасқан көше;
  7. Бабатоған   - Шелек өзенінің Қапшағай бөгеніне құяр тұсындағы торыптік кезеңнің шөгінділерінен құралған жазық;
  8. Ақбұлақ  – ақ және бұлақ сөздерінің бірігуі арқылы жасалған, «таза тұнық бұлақ» мәніндегі атау;
  9. Қайыңды – Шілік өзенінің оң саласы;
  10. Достық – халықтардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқарастар болатын қасиетті негізгі ұғым;
  11. Нұрлы – жақсылықтың бастауы;
  12. Іле – Қазақстан (Алматы облысы) және Қытай жерімен ағатын өзен;
  13. Береке – халықтың берекесі, игілігі  арта берсін деген мағынада;
  14. Жиделі – жидесі көп, жиде ағашы қалың өскен жер;
  15. Қарасу – көше бойымен Қарасу өзені ағады;
  16. Қайнар – дөң, төбе етектерінен шығып жатқан қайнар, бұлақ атымен байланысты қойылған атау;
  17. Арасан  - жер астынан шыққан, емдік қасиеті күшті минералды ыстық су көзімен байланысты қойылған атау;
  18. Ғарышкер – 12 сәуір ғарышкерлер күніне байланысты қойылған атау;
  19. Сұңқар -  асу, сұңқар құс мекендеген жер мағынасында;
  20. Бұғыты - Іле Алатауының солтүстік-шығысында, Еңбекшіқазақ ауданы жеріндегі тау сілемі (жота);
  21. Ұлан – батырлықпен ерекше құрметке бөленген әскер;
  22. Талдыбұлақ  - бұлақ жағасында талдың көп өсуіне байланысты аталған;
  23. Бейбітшілік – ұлттар арасындағы, халықтар арасындағы, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастың символикалық атауын білдіреді;
  24. Жастар  -  болашақтың негізі - еліміздің жастары;
  25. Жаңатұрмыс – тұрмыс, әл-ауқат, тіршілік мағынасында;
  26. Көлді – көше бойында ауыл тұрғындарының өзіндік қосалқы шаруашылығындағы бау-бақшасын суаратын тоспа көл бар;
  27. Бірлік – адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі;
  28. Ақтоған тұйық  - Іле өзенінің алабында, бастауын Шілік өзенінен алатын өзен;
  29. Алмалы – «алмасы көп, алма мол өскен жер» мәніндегі атау;
  30.  Еңбекші  – «еңбек сүйгіш, еңбекшіл» мәнінде қойылған, еңбек майданындағы адамдарды құрмет тұту мағынасын білдіреді;
  31. Көкпекті  – Торайғыр тауының терістік етегінен басталған – Көкпек аталатын кең жазық жер;
  32. Күншуақ – ауылдың күнгей бетінде орналасқан көше;
  33. Сарыарқа  - аласа таулы қырат, «кең, шексіз» деген мағынаны білдіреді;
  34. Бәйтерек  - көп жылдық терек ағаштары көп өскен жер;
  35. Шымбұлақ  тұйық – жағасында көк майса шөп қалың өскен, шымы берік бекіп қалған жерден аққан бұлақпен байланысты қойылған атау;
  36. Кеңдала – еркін, үлкен дала, жазық мәніндегі атау;
  37. Масақты – «таулы, биік жер баурайындағы елді-мекен», «егін орағынан соң аңызда қалған кәдімгі масақ» деген мағынада;
  38. Жеңіс – 1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысында Жеңістің туын желбіреткен бүгінгі күннің тыныштығы, тәуелсіздіктің тұтқасы;
  39. Оңтүстік тұйық – ауылдың оңтүстігінде орналасқан көше;
  40. Ынтымақ  – бірлігі, ұйымшылдығы жарасқан ынтымақты ел;
  41. Жерұйық – қазіргі заман талабына сай, адам өмірі үшін барынша қолайлы салынған көше мағынасында;
  42. Сарыбұлақ  -«үлкен бастау, бұлақ, жыра, сайы бар жота» мағынасында;
  43. Нұрлытау  - «нұрлы, жайнаған, гүлденген» таулы жер мағынасында;
  44. Бартоғай –Шелек өзенінің таудан шыға беріс бойында, Асысаға ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде орналасқан бөген;
  45. Теректі – «терегі көп өскен жер» мағынасындағы тарихи атау;
  46. Сарытау – Іле Алатауы жотасының шығысында, Еңбекшіқазақ және Талғар ауданының шекарасында орналасқан жота;
  47. Ақсу  – «ағын су, «қар суының еруінен пайда болатын өзен». Ақсу көбіне ақшыл, бозғылт, бозала, кейде тұнық ағып жататын өзен деген мағынада;
  48. Шілікті  - Іле алабында Еңбекшіқазақ ауданының жерімен ағатын өзен;
  49. Ақдала  – «тап-таза тақыр», «кең, үлкен», ал екінші сыңарындағы дала – «кең байтақ, шексіз жер, құла дүз»;
  50. Шалқар  - «үлкен көл» деген мағынаны білдіреді;

Е.ЕСЕНХАНОВ,

Шелек ауылдық округі әкімі

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8532137
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
33592
0
126542
8393060
209471
254380
8532137

Сіздің ІР: 3.80.4.76
Қазір: 2019-09-21 23:52:26
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру