Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктар«Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы(жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғанбаланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақытағайындау» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет

«Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы(жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғанбаланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақытағайындау» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет

                Жәрдемақы тағайындау және төлеу қорғаншыларға  немесе қамқоршыларға ата-анасының қайтыс болуына, ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, ата-аналары хабарсыз кеткен деп танылуына, олардың қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының іздестірілуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын стационарлық үлгідегі тәрбиелеу, емдеу және медициналық-әлеуметтік мекемесiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға жүргiзiледi.

      Егер баланың (балалардың) жалақысы, алименттері, зейнетақылары және өзге де әлеуметтiк төлемдері түріндегі табыстарының, сондай-ақ өзіне тиесілі мүлкінен түсетін табыстарының орташа айлық сомасы тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстардан аспайтын болса, қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы әр балаға (балаларға) тағайындалады.
      Баланың орташа айлық табысын анықтау кезінде адам жәрдемақы тағайындауға жүгінген жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақы тағайындауға жүгінген айға дейінгі кезеңде баланың ақшалай нысанда нақты алған табыстары ескеріледі.

Қорғаншылар немесе қамқоршылар жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы алу үшін баланың (балалардың) тұрғылықты жері бойынша органға мынадай құжаттарды:
      1) қорғаншының немесе қамқоршының осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жәрдемақы тағайындау үшін белгіленген үлгідегі өтінішін;
       2) қорғаншының немесе қамқоршының жеке куәлігінің көшірмесін;
       3) жергілікті атқарушы органның қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындау туралы шешімін;
      4) баланың (балалардың) туу туралы куәлiктерінің көшiрмесiн;
       5) балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әpeкeт қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың  (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) көшiрмелерін;
      6) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесін;
      7) қорғаншының немесе қамқоршының жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесін;
      8) баланың (балалардың) табысы (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді алуды растайтын құжаттар, алименттер, баланың (балалардың) мүлкінен түсетін табыстары туралы мәліметтер) туралы мәліметтерді ұсынады.

      9. Орган қорғаншының немесе қамқоршының жәрдемақы алуға құқығын өтініш түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде тексереді.

      Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкімі барлық құжаттарды қабылдаған айдан бастап тағайындалады.
      Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеуді орган қорғаншылардың немесе қамқоршылардың дербес шоттарына ақша қаражатын аудару арқылы ай сайын, ағымдағы айдың 15-күнінен кешіктірмей жүргізеді.

Қорғаншыға немесе қамқоршыға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеу органның шешімі бойынша мынадай жағдайларда тоқтатылады:
  1) қамқорлыққа алынушының кәмелет жасқа толуы;
      2) қамқорлыққа алынушының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеге, стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемеге толық мемлекеттiк қамтамасыз етуге орналасуы;
      3) қамқорлыққа алынушы баланың (балалардың) асырап алынуы;
       4) қорғаншының немесе қамқоршының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өз мiндеттерiн атқарудан босатылуы және шеттетілуі;
      5) қамқорлыққа алынушы баланың (балалардың) некеге тұруы;
     6) жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 22-1-бабына сәйкес толық әрекетке қабiлеттi (эмансипацияланған) деп жариялануы;

     7) жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) органның қорытындысы негізінде ата-аналарына қайтарылуы;

        8) баланың (балалардың) қайтыс болуы;

      9) баланың (балалардың) орташа айлық табысы сомасының тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстардың сомасынан артуы.

        Еңбекшіқазақ ауданының білімі бөлім басшысы                          Б.Аманова

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8293853
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
75492
0
75492
8129025
225567
235379
8293853

Сіздің ІР: 3.226.251.205
Қазір: 2019-08-24 22:39:22
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру