Адамзаттың өсіп-өркендеуіне кесірін тигізіп отырған сыбайлас жемқорлық ежелден келе жатқан індет. Кез келген дамыған қоғам үшін шешілуі қиын күрес. Қазақстан да бұл індетпен талай жылдан беру үздіксіз күресіп келеді. Елімізде осы мәселеге қатысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстары да баршылық.
Сыбайлас жемқорлық - әлеуметтік экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процессін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемкеттік саясаттын басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни, бұл - мемлекеттік осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Әрбір азамат өзінің құқығын, өзіне қарсы қаңдай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай да іс-қимыл қолдану керектігін нақты жолдарын толық білуі қажет.
«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер мен олардың пайда болуының алдын алуда жүйелі әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйін талдау мен мониторинг жүргізу негізінде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын дамыту мен жетілдіру бағыттарын көздейді.
Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресуді барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
мәжбүрлеп өндірү бөлмінің бас маманы
Садыкова Д.C.