Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарБап атты: «Салық заңнамасын түсіндіру» Тақырыбы:Камералдық бақылау

Бап атты: «Салық заңнамасын түсіндіру» Тақырыбы:Камералдық бақылау

Бап атты: «Салық заңнамасын түсіндіру»

Тақырыбы:Камералдық бақылау

Камералдық бақылау - салық төлеушi (салық агенті) табыс еткен салық есептiлiгiн, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау.

      Камералдық бақылау қатерлерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

      2. Камералдық бақылаудың мақсаты – салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық органдарында тіркеу есебіне қою және (немесе) осы Кодекстің 587-бабына сәйкес салық есептілігін ұсыну және (немесе) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу арқылы салық төлеушіге дербес жоюға құқық беру.

 Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі мен мерзімдері

586-бапқа сәйкес камералдық бақылау салық органдарында бар мынадай деректерді:

      1) салықтық есептілікті;

      2) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      3) өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерін;

      4) салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі.

      1-1. Камералды бақылау осы Кодексте белгіленген осындай кезең үшін  салық есептілігін табыс ету кезеңі өткеннен кейін тиісті салық кезеңі үшін жүргізіледі.

      2. Камералдық бақылау осы Кодекстің 46-бабында белгіленген ережелер ескеріле отырып, талаптың өткенм ерзімі ішінде жүзеге асырылады.


587-бап. Камералдық бақылау нәтижелерi

      1. 587-бапқа сәйкес «Камералдық бақылау нәтижелерi» Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:

      Тәуекелі жоғары деңгейдегі бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

      Тәуекелі орташа деңгейдегі бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама ресiмделедi.

      Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 7) тармақшасындабелгіленген мерзімде мәлімет үшін жіберіледі және оның орындалуы міндетті болып табылмайды.

      Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысанын уәкілетті орган белгілейді.

      Осы тармақтың ережелері камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған тәуекелі төмен деңгейдегі бұзушылықтарға қолданылмайды.

      2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күніішінде жүзеге асырады.

      Салық төлеушінің (салық агентінің) мына құжаттардың бірін:

      1) анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін салық есептілігін,

      2) осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес келетін, анықталған бұзушылықтар жөнінде түсініктемені,

      3) осындай хабарламаны жіберу бойынша салық органдарының лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар ұсыну камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы болып танылады.

      Хабарламада көрсетілген бұзушылықтар мен келіскен жағдайда салық төлеуші (салық агенті) салық органдарына анықталған бұзушылықтар жататын кезең үшін салық есептілігін ұсынады.

      Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық төлеуші (салық агенті) мынадай құжаттардың бірін ұсынады:

      1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына – анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктеме;

      2) жоғары тұрған салық органына – камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу бойынша салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым.

      2-1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген түсініктеме:

      1) салық төлеушінің (салық агентінің) түсініктемеге қол қойған күнін;

      2) түсініктемені табыс еткен тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда) не толықатауын, оның тұрғылықты жерін (орналасқан жерін);

      3) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірін;

      4) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауын;

      5) түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз болып табылатын мән-жайлардың;

      6) қоса берілетін құжаттардың тізбесін қамтуға тиіс.

      Егер түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз ретінде растайтын құжаттар көрсетілген жағдайда, онда салық есептілігінен басқа, мұндайқ ұжаттардың көшірмелері түсініктемеге қоса беріледі.

      3. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау осы Кодекстің 611-бабынасәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады.

      4. Осы Кодекстің 37-1-бабының 6-тармағына және 43-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізілетін камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды жасайды.

      Бұл ретте осы тармақта көрсетілген қорытындыны жасау күні камералдық бақылаудың аяқталған күні болып табылады.

Еңбекшіқазақ ауданды бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының

Заңды тұлғаларды әкімшілендіру

бөлімінің бас маманы

Идрисов С.С.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6423612
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
14253
0
68170
6342907
134591
161840
6423612

Сіздің ІР: 54.158.199.217
Қазір: 2018-09-19 23:21:01
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру