Алматы облысының ІІД ЖПҚ-ң 29.11.2017 жылғы шығыс № 1-5-2-62/1-2377-и нұсқауын орындау мақсатында облыс көлемінде Еңбекшіқазақ ауданы бойынша АІІБ-ң Ювеналдық полиция тобының, мүдделі мемлекеттік органдармен және ведомствалардың қызметкерлерімен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 13-15 желтоқсан айының аралығында «Жасөспірім» жедел іс-шарасын өткізу қажет.
Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік, темекі өнімдерін сатуды, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғалардың ілесіп жүруінсіз көңіл көтеру мекемелерінде болуын анықтау, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және кәмелетке толмаған адамды құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға тартатын адамдарды анықтау болып табылады.
Еңбекшіқазақ АІІБ ЖПҚ-ның
бастығы
полиция подполковнигі А.Ж. Жүнісов