Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарҚосылған құн салығының мөлшерлемелері

Қосылған құн салығының мөлшерлемелері

    Қосылған құнға салынатын салық дегенiмiз - тауар өндiру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналысы процесiнде қосылған құн өсiмiнiң бiр бөлiгiнiң бюджетке аударылымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауар импорттау кезiнде жасалатын аударым. Бюджетке төлеуге жататын қосылған құнға салынатын салық сатылған тауарлар, жұмыстар немесе көрсетiлген қызметтер үшiн есептелiп қосылған құнға салынатын салық сомасы мен сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар немесе көрсетiлген қызметтер үшiн төленуге тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасының арасындағы айырма ретiнде анықталады.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылады.

Осы Кодекстің 242 - 245-баптарында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады.

Осы Кодекстің 243 - 245-баптарына сәйкес нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым расталмаған жағдайда, тауарлар мен қызмет көрсетулерді өткізу бойынша аталған айналым осы баптың 1-тармағында аталған мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығын салуға жатады.

 Жеке тұлғалар Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы алып өтетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезінде қосылған құн салығын төлеу кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемесі бойынша кедендік баждарды, салықтарды төлеу арқылы немесе жиынтық кедендік төлем түрінде жүзеге асырылады.

Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерінің, сондай-ақ жиынтық кедендік төлемнің мөлшері мен оларды төлеу тәртібі Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленеді.

 Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстiң 238-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын айналым мөлшеріне қосылған құн салығының:

1) тауар-материалдық қорлар бойынша - тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған күні қолданыста болған;

     2) негізгі қорлар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша - оларды сатып алған күні қолданыста болған мөлшерлемелері қолданылады.   Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.

  Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті.

Қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілмеген тұлғаларға қолданылмайды.

    Егер осы Кодекстің 68-бабында және осы тармақта өзгеше көзделмесе, декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдері табыс етіледі. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.

  Қосылған құн салығын төлеуші:

- салық кезеңі ішінде шот-фактураларды тек электрондық нысанда ғана жазып берген жағдайда, онда салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімі салық органдарына табыс етілмейді;

   Осы Кодекстің 256-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі өзіне мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша табыс етеді.

Еңбекшіқазақ ауданды бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының
 бас маманы
Сатан К.О.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6423642
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
14283
0
68200
6342907
134621
161840
6423642

Сіздің ІР: 54.158.199.217
Қазір: 2018-09-19 23:29:09
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру