Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктар Салық есептілігі нысандарын толтыру туралы

Салық есептілігі нысандарын толтыру туралы

(нысан 100.00).

    Қазақстан Республикасындағы көздерден тек қана төлем көзінен салық салуға жататын табыстар алатын және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын бейрезидентті қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

    Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер туралы ақпаратты ашып көрсету жөніндегі декларациядан және оған қосымшалардан тұрады.

     Оңайлатылған декларацияның негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 427-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.

     Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын бейрезидент заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.

     Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес, көрсетілген режим шеңберінде салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептейді және төлейді.

 Ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 411, 420-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.

 Декларация декларацияның өзінен (100.00-нысан) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (100.01-ден 100.07-ге дейінгі нысандар) тұрады.

     . "Жылдық жиынтық табыс" деген бөлімде:

      1) 100.00.001 жолда Салық кодексінің 86-бабына сәйкес айқындалатын, өткізуден түскен табыс сомасы, сондай-ақ, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасалған, сақтандыру. қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлық ақысы түріндегі сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының табыс сомасы көрсетіледі;

      2) 100.00.002 жолда Салық кодексінің 87-бабына сәйкес құн өсімінен түсетін табыс сомасы көрсетіледі;

      3) 100.00.003 жолда Салық кодексінің 90-бабына сәйкес айқындалатын құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыстың сомасы көрсетіледі. Бұл жол 100.00.003 I жолын да қамтиды:

      100.00.003 I жолда Салық кодексінің 90-бабы 1-тармағына сәйкес айқындалатын провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыстың сомасы көрсетіледі;

      4) 100.00.004 жолда Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін салық төлеушінің өзге де табыстары көрсетіледі;

      5) 100.00.005 жолда жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы көрсетіледі. 100.00.001 + 100.00.002 + 100.00.003 + 100.00.004 ретінде айқындалады;

      6) 100.00.006 жолда Салық кодексінің 99-бабы 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын, жылдық жиынтық табысты түзетудің сомасы көрсетіледі;

      7) 100.00.007 жолда Салық кодексінің 99-бабы 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын, жылдық жиынтық табысты түзетудің сомасы көрсетіледі. Бұл жолдың мәні теріс мәнге ие болуы мүмкін;

      8) 100.00.008 жолда 100.00.007 жолына ұлғайтылған (егер бұл жолдың мағынасы оң болған кезде) немесе 100.00.007 жолына азайтылған (егер бұл жолдың мағынасы теріс болған кезде) (100.00.005 – 100.00.006) + (–) 100.00.007), 100.00.005 және 100.00.006 жолдарының айырмашылығы ретінде айқындалып, түзету есепке ала отырып жылдық жиынтық табыс сомасы көрсетіледі.

     

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының
заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің

бас маманы Тураров А.А.

 

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

4917840
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
79582
0
79582
4707920
197385
235777
4917840

Сіздің ІР: 54.226.179.247
Қазір: 2018-01-18 15:33:11
Счетчик joomla
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру