Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарАванстық төлемдерді есептеу

Аванстық төлемдерді есептеу

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезеңде төленуге жататын, осы баптың 4 және 4-1-тармақтарына сәйкес есептелген (есепке жазылған) корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы Кодекстің 142-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдерде есепті салық кезеңінің бірінші тоқсанының әрбір айы үшін теңдей үлестермен төленеді.

Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге жататын, осы баптың 6 және 7-тармақтарына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есептi салық кезеңiнiң екiншi, үшiншi, төртiншi тоқсандары iшiнде теңдей үлестермен төленедi.

Осы баптың 8-тармағына сәйкес жүргiзiлетiн корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң түзетiлген сомасы корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi төлеу мерзiмi басталмаған есептi салық кезеңiнiң айларына тең бөлiнедi.

Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейінгі кезең ішінде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабы есепті салық кезеңінің бірінші тоқсаны үшін есепті салық кезеңінің 20 қаңтарынан кешіктірілмей, салық төлеуші орналасқан жердегі салық органына табыс етіледі.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейінгі кезең ішінде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы өткен салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисабында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бірі мөлшерінде есептеледі.

Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы Кодекстің 139-бабының 1-тармағына және 199-бабына сәйкес өткен салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үші мөлшерінде есептеледі.

Егер салық төлеуші алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезеңде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеуде аванстық төлемдер сомасын төмендетсе, салық органы көрсетілген кезең үшін аванстық төлемдер сомасын есепке жазуды осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен айқындалған аванстық төлемдер сомасы мен осындай есептеуде көрсетілген аванстық төлемдер сомасы арасындағы оң айырма мөлшерінде осы Кодекстің 142-бабының 2-тармағында белгіленген төлеу мерзімдері бойынша жүргізуге құқылы.

Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең ішінде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің екінші, үшінші, төртінші тоқсандары үшін салық төлеуші оны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде табыс етеді.

Корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептеу және төлеу бойынша осы бапта көзделген мiндеттілік қолданылатын, алдыңғы салық кезеңінің қорытындылары бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушілер алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде салық органына ағымдағы салық кезеңіндегі корпоративтік табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып, аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етуге міндетті.

Еңбекшіқазақ ауданды бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының

Заңды тұлғаларды әкімшілендіру

бөлімінің бас маманы

Идрисов С.С.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

5938740
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
27348
0
27348
5853451
132389
195600
5938740

Сіздің ІР: 54.224.133.152
Қазір: 2018-06-21 04:56:36
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру