Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарҚосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою

                 Қосылған құн салығы  (ҚҚС)  бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер қойылуы тиіс.

Мемлекеттік мекемелер, резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері, тиісінше, ойын бизнесі салығы, тіркелген салық салынатын қызметтерді жүзеге асыратын салық төлеушілер ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайды.
            Егер ҚҚС бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары үшiн айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төмен айналымнан асып кетсе, ҚҚС  бойынша тiркеу есебiне қоюға жататын тұлғалар, ең төмен айналымнан асып кетуі туындаған ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жеріндегі салық органына ҚҚС  бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда беруге міндетті.

Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерін құрайды.

      Айналым мөлшері өсу қорытындысы бойынша:

             1) жаңадан құрылған резидент заңды тұлғалар, бейрезидент солар арқылы қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын филиалдар, өкілдіктер – әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап;

             2) салық органдарында дара кәсіпкер ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар – салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап;

             3) ағымдағы күнтiзбелiк жылда салық органының шешiмi негiзiнде ҚҚС бойынша тiркеу есебiнен шығарылған салық төлеушiлер – салық органының шешiмi негiзiнде ҚҚС  бойынша тiркеу есебiнен шығарылған күннен кейiнгi күннен бастап;

            4) өзге де салық төлеушілер ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап айқындалады.

     ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін айналым мөлшері:

             1) салық салынбайтын айналымды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша;

            2) бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасаған айналым егер оларды өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып табылса, бұндай айналым салық салынатын айналым болып табылады.

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш тапсырмаған тұлға анықталған кезде, салық органы мұндай салық төлеушіні анықтаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оған  Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама жібереді.

Салық төлеушi жіберілген салық органының хабарламасы бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш тапсырмаған жағдайда, салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.

Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-ң 269-бабының 3-тармағына сәйкес салық төлеушiнiң мемлекеттік кіріс органына ҚҚС  бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті берудiң мерзiмiн бұзуы, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – есепке қойылмаған кезеңдегі салық салынатын айналым сомасының он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

                                                                                Еңбекшіқазақ ауданы бойынша

                                                                                     Мемлекеттік кірістер басқармасының

                                                             Жанама салықтарды

                                                                 әкімшілендіру бөлімінің

                                                                                         бас маманы Мусагалиев А.Х.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6105326
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
28105
0
75290
6017501
138652
160323
6105326

Сіздің ІР: 54.166.228.35
Қазір: 2018-07-22 18:47:16
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру