«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» екінші бағыты (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) бойынша 515 адам шағын несие алуға өз ісін ашуға немесе кеңейтуге ниет білдіріп отыр.
Ағымдағы жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 200 адам жібірілді. Қазіргі уақытта «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 200 қатысушы оқуын аяқтап сертификат алды, 68 қатысушылар оқуын жалғастыруда.
2017 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Акционерлік қоғамы Алматы филиалына және де «Еңбекші несие», «Ырыс» несие серіктестіктеріне 80 адам шағын несие алуға жіберілді. Оның ішінде 53 азамат 230 млн 068 мың теңге шағын несие алды, 14 азамат 76 млн теңге «Еңбекші несие», «Ырыс» несие серіктестіктері арқылы, ал қалған 39 азамат 154 млн теңге көлемінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Акционерлік қоғамы Алматы филиалы арқылы алды. Осы жылға қосымша өтелетін қаражат есебінен 67 млн теңге несие бөлінді, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Акционерлік қоғамы Алматы филиалына «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқып бітірген 25 қатысушы жіберілді.