Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарКОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ

КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ

Корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып:

  • Жалпыға ортақ салық режимін қолданатын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын бейрезидент заңды тұлғалар табылады.

Корпоративтік табыс салығының салық салу объектісі болып:

  • Салық салынатын табыс;
  • Төлем көзінен салық салынатын табыс;
  • Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның таза табысы танылады.

Салық салынатын табыс

Салық салынатын табыс Салық Кодексінде көзделген түзетулерді ескере отырып жылдық жиынтық табыс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасы мен шет елдерде алынған табыстардың барлық түрлерінен тұрады. Табыстың негізгі элементтері - бұл тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен пайда, мүлікті жалға беруден түсетін кірістер, активтердің құн өсiмiнен түсетiн табыс, дивидендтер, сыйақылар, валюта курсының айырмашылығынан түскен табыс, ұтыстар және табыстың басқа да түрлері болып табылады. Салық төлеушінің жалпы жылдық кірісі түзетуге жатады. Мысалы, жиынтық табыстан Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы алған дивидендтер, Қазақстан Республикасында төлем көзінен бұрын алынған табыстар және табыс кейбір басқа түрлері алынады.

Жылдық жиынтық табыс алумен байланысты салық төлеушiнiң шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатады, мысалы, сатып алынған немесе өндірілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің)  өзіндік құны, транспорттық шығындар, коммуналдық шығындар, негізгі құралдардың топтары ҚР заңнамасында белгіленген негізгі активтердің топтарына сәйкес нормалар шегінде негізгі активтерді жөндеуге кететін және амортизациялық шығындар, алынған несиеге берілетін сыйақылар,  сақтандыру сыйақы шығындары, әлеуметтік төлем шығындары, валюта бағамынын теріс айырмасынан пайда болған шығыстар, салық шығындары т.б. Алайда, шығындардың кейбір түрлері белгіленген шекте ғана шегерімге жатады, мысалы, өкілдік шығындары, сыйақыға арналған шығындар, негізгі құралдарға кеткен шығындар (техникалық қызмет көрсету және амортизация), қызметкерлерді оқыту бойынша шығыстар және т.б.

Шегерiмдер салық төлеушiде жылдық жиынтық табысты алуға кеткен шығындарды растайтын құжаттар болған кезде жүзеге асырылады. Бұл шығыстар болашақ шығыстарды қоспағанда, іс жүзінде жүзеге асырылған салық кезеңінде шегеріледі. Болашақ кезеңдер бойынша шығыстар олар жататын салық кезеңінде шегеріледі.

Салық салынатын табыс одан әрі түзетілуге жатады. Атап айтқанда, салық төлеушінің әлеуметтік объектілерді қамтамасыз етуге жұмсаған шығыстары салық салынатын табысының 3 проценті шегінде шегерілуге жатады.

Кәсіпкерлік қызметтен түскен залал - кейінгі салық кезеңдерінде салық салынатын табысты төлеу үшін келесі 10 жылдағы салықтық есепте салықтық есепке алынуы мүмкін түзетілген жылдық жиынтық табыстың шегерілуінен асып кету.

Салық ставкасы

  • 10 % - ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың салық салынатын табысына қолданылады;
  • 20% - жалпыға ортақ салық режимін қолданатын заңды тұлғалардың салық салынатын табысына қолданылады;
  • 15% - төленген кіріс сомасына қолданылады (бейрезидент Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстардан басқа). Кірістердің кейбір түрлері төлем көзінен салық салынатын болады. Оларға, дивидендтер, бейрезидент тұлға Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кірістер, заңды тұлғаларға төленетін сыйақы және басқалар жатады. Салық кірістерді төлеу нысаны мен орнына қарамастан табыс төлеу кезінде төлем көзінен ұсталады, әдетте, төлем жүргізілген ай аяқталғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.

Корпоративтік табыс салығы кейінгі салық кезеңдерінің салық салынатын табысы есебінен өтеу үшін 10 жылға дейін қоса алғанда өтелген шығындар сомасына азайтылған түзетулерді ескере отырып, ставканы қолдану арқылы салық кезеңі үшін есептеледі.

Салық кезеңі  

Корпоративтік табыс салығы есептеу кезеңі күнтізбелік жыл (1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін).

Салық декларациясын өткізу мерзімі

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер туралы ақпаратты ашып көрсету жөнiндегi декларациядан және оған қосымшалардан тұрады. Қазақстан Республикасындағы көздерден тек қана төлем көзiнен салық салуға жататын табыстар алатын және Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттi қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеушi, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

Салық төлеу мерзімі

Салық төлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемдi декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының
 бас маманы Сатан Қ.О.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

4398031
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
14544
0
14544
4275905
194510
283621
4398031

Сіздің ІР: 54.224.18.114
Қазір: 2017-11-21 04:41:43
Счетчик joomla
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру