Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарТМД елдерінің өкілдері Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәжірибесін игеруге келді

ТМД елдерінің өкілдері Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәжірибесін игеруге келді

 DSC8122

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабпенбірге  ұйымдастырған «Қазақстанның мемлекеттік қызметті дамыту саласындағы тәжірибесі. Инновациялық тәсілдер: сын-тегеуріндер мен шешімдер» атты халықаралық конференция барысында басқа елдерден келген қатысушылар Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы тәжірибесімен танысып, инновациялық жобаларды мемлекеттік басқару секторына енгізу мүмкіндіктерін талқылады.

Конференцияның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары Қайрат Балықбаев, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың басқарушы комитет төрағасы Әлихан Бәйменов,  Сингапурдағы мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі БҰҰ «Даму» бағдарламасы ғаламдық орталығының директорыМакс Эверест Филлипс және т.б. сөз сөйледі.

Спикерлердің айтуынша, қазір Қазақстан UNDESA электрондық үкіметті дамыту индексі аясында 27-ші орында, яғни бұл үкіметтің халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін жеңілдетуге бағытталған белсенді жұмысының көрсеткіші.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтер бірнеше тәсіл бойынша көрсетіледі: электрондық үкімет порталы арқылы (700-ден астам қызметтер мен сервистер), Халыққа қызмет көрсету орталықтары (548 мемқызмет), Mgov мобильді қосымша (80-нен астам қызмет пен сервистер). Айта кетейік, халықаралық үкіметтік саммитте Mgov мобильдік үкіметтің үздік қосымшасы боп танылды. Мемкорпорацияға келсек, қазір 723 мемлекеттік қызметтің 548-і «Азаматтарға арналған үкіметтің 349 фронт-офистері арқылы ұсынылады. Және бұл көрсеткіш жылдан-жылға ұлғайып келеді (2011 жылы ХҚКО арқылы 51 мемқызмет ұсынылған). Қазір қызметтер толық циклмен көрсетілгендіктен, сұратылатын құжаттар мөлшері азайды. Ал қызметтер электронды түрге көшірілгендіктен, Мемлекеттік корпорацияға келушілер саны қысқарды.

ХҚКО-ның сапасын көтерген басты ерекшелік – түрлі органдардың құжаттарын «бір терезе» қағидаты бойынша дайындап беру. Мысалы, Әзірбайжан, Малайзия, Сингапур және тағы басқа елдерде түрлі органдардың құжат дайындаушы өкілдері бір ғимаратта болғанымен, бөлек бұрыштарда қызмет көрсетеді. Ал қазақстандықтар түрлі органның құжаттарын алу үшін әр бұрышқа барып кезек тұрмайды, «бір терезе» арқылы ХҚКО-ның кез-келген қызметкерінен ала алады.

Конференцияға қатысушы елдердің өкілдері Қазақстанның тәжірибесін зерттеу реформалар өткізу кезіндегі ақпараттық-сараптамалық жұмыстың базасын күшейтуге септігін тигізетініне, сонымен қатар мемқызметтерді көрсету саласында тәжірибе алмасу барысында тиімді диалог орнататынына сенімді.

Анықтама:

Іс-шараТәжірибешілдер альянсының ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) институттарының тиімді платформасы негізіндегі «тең теңімен» принципі бойынша жасалған серияларының жалғасы болды. Альянсты 2016 жылдың сәуірінде Астаналық хаб іске қосты. Нәтижесінде Қазақстан, Әзірбайжан, Грузияда  мемқызметтерді «бір терезе» принципі арқылы көрсету саласында үш зерттеу жасалды. 2017 жылдың мамыр айында Сингапурда өткен мемқызметтерді көрсетуді жетілдіру бойынша ғаламдық семинарда  осы үш елдің тәжірибесі  ұсынылды. Бұл ғаламдық семинарды ұйымдастыруға Қазақстан өкілдігі мен Аймақтық хаб ат салысқан еді. 

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6568264
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
7486
46901
54387
6448793
106936
172307
6568264

Сіздің ІР: 54.196.26.1
Қазір: 2018-10-20 08:32:32
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру