-
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы
білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін
тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі
1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі көрсетеді.
2. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2–қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3–қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтама.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 5 жұмыс күн;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1–қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет алу үшін Қаракемер ауылы Тастанбеков көшесі № 6 мекен жайында орналасқан әкім аппаратына немесе 8 (72-775)49-0-16 телефон нөміріне хабарласуға болады. Электрондық поштаның мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
8. Жұмыс кестесі:
Демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты