Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарСалық және кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру- экономиканы реформалаудың маңызды бір құраушысы.

Салық және кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру- экономиканы реформалаудың маңызды бір құраушысы.

Салық және кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру экономиканы реформалаудың маңызды бір құраушысы болып табылады. Ел басымен ұсынылған «Бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» мемлекетіміздің экономикасын дамытып, дамыған 30 елдер қатарына қосылуға бағытталып, бұл мәселеге ерекше орын берілген.

Бизнестегі  бәсекеге қабілеттілікті арттыру көп жағдайда елімізде өндірілген тауарлардың әлемдік нарыққа шығуымен айқындалады. Экспорттық әлеуеттің  дамуына тосқауыл болатын  кедергілер мен проблемаларға талдау жасау қазыргі уақыттағы кедендік рәсімдер (көптеген, қымбат және ұзақ уақытты қажет ететін) көп жағдайда экспорттың дамуын тежейді. Сонымен қатар кедендік бағалаудың, кедендік сыныптау  жүйесінің рәсімінің толық жетілмегені  және УСҚ  қызметтері бағаларының жоғары болуы,кедендік тіркеудің кешіктірілуі оларды өздігінше талқылауға/қолдануға орын береді. Оған қоса кедендік тіркеу мен кедендік декларациялауға байланысты  кедендік брокерлердің кінәсінан  контейнерлердің тоқтап тұрған уақыты, қазыргі таңға дейін кеден органдарында «БІР ТЕРЕЗЕ» типтес электронды құжат айналымының болмауы  және кедендік тазалау рәсімін жедел өту үшін қосымша қаражат өндіру мақсатында құжжаттарға қойылатын шамадан тыс талаптар да әсерін беруде.

Ұлт жоспарының  бірнеше тармағы салық және кеден саясатын және рәсімдерін оңтайландыруға  бағытталған, оның ішінде ТН СЭҚ 6 белгісіндегі біркелкі тауарлар тобы шеңберінде «0-5-12» моделі бойынша Бірыңғай кеден тарифі кедендік мөлшерлемесін қысқарту. Сондай-ақ кеден рәсімдерінен өту кезінде «БІР ТЕРЕЗЕ» қағидатын енгізу, кеден және салық жүйелерін интеграциялау және «ПОСТФАКТУМ» кедендік тазалау режімін енгізу. Бұл не береді?

Қазақстан, Беларусь, Ресей,Қырғызстан, Армения мемлекеттеріне  үшінші елдерден әкелінетін тауарларға кедендік баждардың бірыңғай ставкалары 2010 жылдан қолданылады келеді. Осы таңда Евразия экономикалық одағының жұмыс істеуіне байланысты одаққа мүше-мемлекеттер бірыңғай сыртқы сауда және кеден саясатын жүзеге асыруда. Одақ аумағында  Евразия экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің  тауарлардың бірыңғай жіктелуі және Бірыңғай  кедендік тарифтері қолданылады.

Бірыңғай  кедендік тарифтерідің басты бағыты -ішкі нарықтың жағдайы мен мемлекеттің төлемдік балансын ескере отырып тауарлар мен  өнімдердің әкелуін реттеу болып табылады. Аталмыш бағыт импорттың товарлық құрылымының оңтайлануына, отандық өндірушілерді жағымсыз шет елдік бәсекелестіктен қорғауға,тауарларды өндіру және қолдану құрылымындағы прогрессивті өзгерістерге жағдай тудыру, тұтынушыларды ішкі нарықта өндірілмейтін немесе толық емес мөлшерде өндірілетін тауарлармен қамтамасыз етуге,әлемдік эконмикаға нәтижелі интеграциялауға жағдай жасауы қажет.

Осыған орай қазыргі уақытта  Бірыңғай  кедендік тарифтерде кедендік баждардың  сонымен-қоса ТН СЭҚ 6 не оданда 9 белгісіндегі біркелкі тауарлар тобы шеңберінде 0%-дан ең жоғарғы 80%-ға дейінгі ставкалары белгіленген. Көп жағдайда тауарлар кодын айқындауда қиындықтар туындайды, негізсіз айыпұлдар есептеу,үлкен мөлшерде салықтық еспке жатқызулар мен қате төлемдер орын алады. Біркелкі тауарлар тобын қысқарту бизнес пен халыққа  мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдетеді, мемлекеттік органдар жұмысын оңтайландырып, ақпараттық жүйелердегі жүктемені азайтады. Дегенімен осындай өзгерістер бюджетке түсетін түсімдерге теріс әсер етпейді. Ақыр соңында мұндай шаралар салық салынатын базаның өсуіне әкеліп соғады.

Тағы бір маңызды  қадам, Республика Президентімен атап өтілген - экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде «БІР ТЕРЕЗЕ» қағидатын енгізу. Бұл өз кезегінде электронды жария ету жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу). Экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту болып табылады.

«БІР ТЕРЕЗЕ» сыртқы экономикалық қызметтерді (СЭҚ)  реттейтін мемлекеттік органдар мен СЭҚ қатысушылары арасындағы қарым-қатынас тетігін, СЭҚ қатысушыларына құжаттарды  стандартталған түрде  бірыңғай өткізу арнасы арқылы өткізу мүмкіндіктерін қарастырады. Одан кейін құзыретті мемлекеттік органдар құжаттарды өңдеуге  және әрі қарай сыртқы экономикалық қызмет аясында бақылау жүргізу мүмкіндіктеріне ие болады.«БІР ТЕРЕЗЕ» тетігін қолдану Евразия экономикалық одағына мүше мемлекеттерінің мемлекеттік органдарына кедендік декларациялау аясында көрсетілетін қызметтердің уақытын, әкімшілік рәсімдерді қысқартып, оларды тиімді етеді.Бұл өз кезегінде тауар айналымының өсіп, жеделдеуіне әсерін тигізеді.

                                                                                Еңбекшіқазақ ауданы бойынша

                                                                                Мемлекеттік кірістер басқармасының

                                                              Жанама салықтарды

                                                                   әкімшілендіру бөлімінің

                                                                                                      бас маманы Мусагалиев А.Х.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

4948768
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
6644
103866
6644
4825723
228313
235777
4948768

Сіздің ІР: 54.227.104.40
Қазір: 2018-01-22 08:38:30
Счетчик joomla
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру