Қырбалтабай округінде 8 наурыз аналар мерекесі тойланды

150320171

   Қыстың ызғары қайтып, көктемнің алғашқы лебімен 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Әкім аппаратының мәжіліс залында Қырбалтабай ауылдық округінің жанындағы қоғамдық келісім кеңесі, жастар ұйымының ұйымдастыруымен округтегі «Алтын Алқа» «Күміс Алқа» иегерлерінің, ел экономикасына үлес қосып жүрген іскер әйелдердің, мекеме басқарып отырған нәзік жандылардың басын қосқан жиын өтті. Ауыл әкімі жиын барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсанда №384 өкімімен бекітілген отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасындағы отбасы институтын нығайту, гендерлік теңдік, әйелдерді экономикалық және саяси ілгерілету бойынша әңгімелеп, маңызына тоқталды.   

    «Тоғжан» балабақшасында мереке күніне арналған «Арулар асыл жандар» тақырыбында ертеңгілік өткізілді. Бүлдіршіндер тақпақ айтып, би билеп аналарына деген ыстық ықыластарын жеткізді.  Іс-шараға қатысқан ауылдық округтің маманы  балабақша қызметкерлерін және ата-аналарды айтулы мерекемен құттықтап, табыс тіледі.

     Жылы жүрек жігіттер мерекеге арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Қырбалтабай  мешітінің имамы бас болып, ауылдың жастары жастайынан арбаға таңылған бірінші топтың мүгедегі Марқақызы Махаббатты, Бақытқызы Ләззатты  тағы да бірнеше мүгедек әйел адамдарды мереке күнімен құттықтап сыйлықтар табыстады.

    Қырбалтабай мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиынға келгендердің қарасы көп. Ауыл әкімінің құттықтауынан кейін ауыл өнерпаздары өнерлерін ортаға салды. Мәдениет үйінің әдіскері Қоқымбаев Ұланның «Ананың парызы» атты сахналық қойылымын шынайы ғып ойнаған өнерпаздарға жұрт риза болып қол шапалақтады.Ән мен биден шашу шашылып, көрермен жұрт үйлеріне көңілді тарады.

 

 Қырбалтабай ауылдық округінің

  бас маманы                                                                    Е.Сүйенішев