Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарБіздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі

Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі

Жақында Сөгеті ауылдық округіне қарасты Нұра ауылының мәдениет үйінде аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен тарландардың күші мен өнерін сарапқа салатын «Өрелі рухты ер жігіт – 2016» байқауы өтті.

Жігіттердің көрсеткен өнеріне аудандық мәслихат депутаты, жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбек Ілебаев, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Нұргүл Елекенова, округ әкімдігінің бас маманы Майра Сүйімбаева төрелік етіп, әділ бағаларын берді. Алғашқы сайыста қатысушылардың барлығы дерлік күмбірлеген қазақтың қара домбырасымен өздерін таныстырды. Кейіннен, өнерлерін көрсетіп, жұртшылықты таң-тамаша етті. Әсіресе, саймасайлық Жәнібек Асан қазақтың қара жорғасымен көпшіліктің қошеметіне ие болды. Сондай-ақ, жауырыны жерге тимеген масақтық балуан Құдрет Насридинов күрестің түрлі тәсілдерімен, Балтабайдан келген Бернар Қапан Кенен Әзірбаевтың «Басты өлең» әнімен талайды тамсандырды. Басқа қатысушылар да өнерлерін ортаға салып, жанкүйерлерін тәнті етті. Ер жігіттің нағыз сыналар сәті үшінші сайыста көрініс тапты. Толағай батырларымыз кір тасын көтеріп, кеудені жерден көтеру бойынша сынға түсті.

Нәтижесінде, Нұрлан Әбілда «Көрермендер көзайымы», Бернар Қапан «Үздік таныстыру», Жәнібек Асан «Өнерлі жігіт» номинацияларын еншіледі. Медет Исмаилов ІІІ орынды қанағат етіп, Құдрет Насридинов ІІ орынға жайғасты. Жүзден жүйрік шыққан сөгетілік Баура Әлпия І орынды иеленді. Қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарыс соңында жігіттердің өнеріне тәнті болған мәдениет үйінің директоры Дәулет Тұрғанбаев:

– Осындай шалғай ауылдарға келіп, жұртшылықтың көңілін көтеріп, серпілткен ұйымдастырушыларға мың алғыс. Бұл – игі бастама. Алдағы уақытта да сұраныс болса, аудандық, облыстық деңгейдегі шараларды өткізуге дайынбыз – деп, қуанышын жасыра алмады.

Аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов бір сөзінде: «Мерекелік шара бола қалса бәріміз аудандық мәдениет үйіне шабылып жатамыз. Ауылдық қана емес, аудандық, облыстық деңгейдегі ауқымды шараларды біз ауылдардағы мәдениет ошақтарында өткізуге тиіспіз. Бұған біздің материалдық-техникалық базамыз толықтай сай келеді» – деген болатын. Осыны ескерген аудандық жастар ресурстық орталығы жыл басынан бері шараларын ауылдық округтерде ұйымдастырып, жұртшылықты қуанышқа бөлеуде. Аудан аруын Қайназарда сайлап, ғашықтар күні Қырбалтабайда өтті, жігіттің сұлтандары Сөгетіде күш сынасты. «Келесі шараларымызды Малыбай мен Асысаға ауылдарында ұйымдастырамыз» – дейді  жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбек Ілебай.

Сардарбек Нұрадин.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

7463993
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
58639
0
58639
7392819
215272
139587
7463993

Сіздің ІР: 34.230.84.215
Қазір: 2019-04-23 18:25:03
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру