Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарБалалар тагдыры – басты назарда

Балалар тагдыры – басты назарда

Жас жеткіншектердің өз ортасында жасаған бұзықтықтары мен әдепсіздіктерін сарапқа салып, салғырт ата-аналардың жауапсыздығына тосқауыл болатын комиссияның отырысы өтті жақында. Аудан әкімі жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия  отырысында бірнеше түйткілді мәселелер қаралды.

Алдымен Бәйтерек ауылына қарасты әл-Фараби атындағы орта мектеп оқушыларының тәртіпсіздігі сөз болды. Мектеп инспекторы Тоғжан Нұрсұлтанованың айтуынша, осы мектептің 8 сынып оқушысы Максим сабаққа мүлдем қатыспайды. Үйіне де қонбайды. Әке-шешесі қайтыс болған, бала әжесінің қолында тәрбиеленуде. Сондықтан болар, еркеліктің соңы бұзақылыққа ұласқан. Сынып жетекішісі де инспектордың сөзін растайды. Сөзіне сүйенсек, мектепке кеттім деп үйінен шыққан Максим достарымен бірге көше кезіп кетеді. Көз жасын көл қылған әжесін де тыңдамайды. Тіпті, ішімдік ішіп, аузына келгенін айтады. Осымен үшінші рет комиссия отырысына бас сұққан Максимге 1 ай мерзім берілді. Егер осы уақыт аралығында тәртібін тезге салмаса, арнайы балалар үйіне жіберіледі. Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушысы, Максимнің досы Вованың да «кәсібі» осы. Мектепке бармайды. Үйіне қонбайды. Таңның атысы күннің батысы жалғызбасты анасы мен қос бауырының іздегені Вова.

– Мектепке келген күннің өзінде жанындағыларға кедергі жасап, сабақ оқуға мұрша бермейді. Қалаған уақытында кетіп қалады – дейді сынып жетекшісі. Ойлап қарасаң, бала ғой, балалық болар бәлкім, деген ойға қаласың. Десе де, балалықтың да шегі бар. Осылай жүріп, бір нәрсеге ұрынса кім жауап бермек? Әрине, мектеп пен ұстаздар қауымы. Осының бәрін сараптай келген комиссия мүшелері дауысқа салып, бірауыздан Алматыдағы балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа жіберетін болды.

Ташкенсаз ауылына қарасты Х.Абдуллин атындағы орта мектептегі жағдай да осыған ұқсас. Муталиповтардың отбасындағы екінші және бірінші сыныптарда оқитын қос бүлдіршіннің мектептегі іс-әрекеті ақылға қонымсыз.

– Сабаққа кір-кір болып келеді. Сабақ оқығаны былай тұрсын, әріптер мен сандарды ажырата алмайды. Одан қалса, оқушыларды баспалдақтан итеріп, өмірлеріне қауіп төндіреді – дейді мектеп психологі. Осы мәселені оқушылардың ата-анасына да талай рет айтқан, алайда, еш нәтиже жоқ. Керісінше, олар мектепті кінәлайды. Мәселелерімен танысқан комиссия мүшелері көп ойланбастан балаларды емханаға тексеруге жіберетін болды. Егер ақыл-есінің ауытқулары анықталса, қос бала арнайы мектепке жөнелтіледі.

Ал Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп оқушысы Венераның жағдайы мүлдем бөлек. Ақыл-есі дұрыс. Барлық жағдайы жасалған. Тек, мінезінің қиындығы туыстарын мезі еткен. Анасы қайтыс болғаннан соң Венераның әкесі де кетіп қалған. Ал туған ағасы оны өз қамқорлығына алып, бауырына басқан. Алайда, Венера бұған да көнбейді. Қамқоршысын тыңдамай, күнде жанжал шығарады. Қыздың ерсі қылығына шыдамаған жеңгесі үйінен кетіп қалған. Ұстаздары да Венера жайлы оң пікірде емес. Айтуларынша, «аузына ақ ит кіріп, көк ит шығады».

– Далада қалмасын, мінезі қиын болса да, өз бауырым ғой деп, еркеліктеріне шыдап келдім. Тіпті, қарындасымның кесірінен отбасым ойрандалды – деп ашынған ағасы қамқорлықтан бас тартатындығын жеткізді. Сондай-ақ, отырыс барысында, қамқоршы құқығынан және ата-ана құқығынан айыру мен шектеу мәселелері қаралып, шешімдер шығарылды. Өзі бала сүймеген, бірақ, бала асырап алғысы келетін аналардың өтініштері қаралып, оң шешімін тапты. Жоғарыда аталған оқиғаларды дұрыс қадағаламаған мектептер мен ұстаздар қауымына ескерту беріліп, олқылықтың орнын толтыру тапсырылды.

Сардарбек НҰРАДИН.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

7099892
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
26693
0
26693
7060664
69939
143858
7099892

Сіздің ІР: 54.173.237.152
Қазір: 2019-02-18 06:28:24
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру