ҚР Президентінің 2019 жылғы 02 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы Халықпен тиімді кері байланыс орнату.

ҚР Президентінің 2019 жылғы 02 қыркүйектегі

Қазақстан халқына Жолдауы

Халықпен тиімді кері байланыс орнату.

2019 жылғы 02 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей бүгінде қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады.

Президент Әкімшілігінде азаматтардан келіп түскен өтініштерді мемлекеттік органдардың сапалы қарауын қадағалап, жедел шаралар қабылдайтын бөлім құрылды.

Көп жағдайда азаматтарымыз орталық және жергілікті органдар басшыларының құлықсыздығы мен «бейқамдығына» байланысты Президентке жүгінуге мәжбүр болады.

Белгілі бір саладағы шешімдердің әділетсіздігіне қатысты жолданатын көптеген шағымдар нақты мемлекеттік органда немесе аймақта күрделі түйткілдер бар екенін көрсетеді. Енді бұл мәселеге дәл осы тұрғыдан қарап, тиісті шешімдер қабылдаған жөн.

Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажет. Сонымен бірге, 2020 жылдан бастап біз мемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқартуға кірісіп, үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсаймыз.

2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту қажет.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

«Салық төлеушілердің ақпараттарын

қабылдау мен өңдеу және

салықтық тіркеу орталығы» бөлімінің

бас маманы М.Аскаржанқызы