Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарАҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА МЗЖ бойынша зейнетақы шоттары БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылады

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА МЗЖ бойынша зейнетақы шоттары БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылады

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

МЗЖ бойынша зейнетақы шоттары БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылады

 

Қазір Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы шотын ашу рәсімі жеңілдетілді және салымшының жеке қатысуы талап етілмейді. Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу туралы өтініш ресімдеу мақсатында БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, егер жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоты болмаса, онда ол бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

Осылайша ағымдағы жылдың қаңтарынан мамыр айына дейін (қоса алғанда) бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде бір миллионнан астам шот ашылды, дәлірек айтсақ, 1 075 220 ЖЗШ. Бұл өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңінде ашылған шоттар санынан тоғыз есе көп, ол кезде алғашқы бес айда 121 032 ЖЗШ ашылған болатын.

           Айта кету керек, ЖЗШ автоматты түрде ашылған кезде салымшыны зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабардар ету БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне өзіңіз келіп өтініш жасаған кезде ғана жүргізіледі. Бірақ БЖЗҚ кеңселеріне келмей-ақ ыңғайлы әдіс таңдауға да болады. Ол үшін БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) немесе ұялы қосымшасындағы (ENPF) жеке кабинетте өз жинақтарыңызды бақылау үшін Қор сайтына электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен тіркелу жеткілікті. Сондай-ақ, жеке кабинетте саусақтың бір-екі қимылымен Сіз ЖЗШ-дан үзінді көшірмені ғана алып қоймай, зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін және т.б. көре аласыз.

 

БЖЗҚ2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақыжинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

 

 

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
10512795
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
37198
0
37198
10426094
74166
272516
10512795

Сіздің ІР: 3.219.167.194
Қазір: 2020-08-14 12:01:25
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру