Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарАҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы шоттарына 428 миллиард теңгеден аса қаржы аударды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы шоттарына 428 миллиард теңгеден аса қаржы аударды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы шоттарына 428 миллиард теңгеден аса қаржы аударды  

Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бастап 428,2 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2019 жылдың алғашқы 5 айындағы көрсеткіштерден 12% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95% астамы БЖЗҚ - ға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) түрінде аударылған түсімдердің үлесінде, оның сомасы – 408 млрд теңге, ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 20 млрд теңгеден астам, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 134 млн теңгені құрады.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша заңды тұлғалар 385 млрд. теңгеден астам, жеке тұлғалардан – 21 млрд. теңге, ал бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілерден 2 млрд. теңге аударылды.

Өзінің жеке зейнетақы шоттарын биыл кем дегенде бір рет (2020 жылғы қаңтар – мамыр) толтырған белсенді салымшылардың жалпы саны 8,3 млн. адамнан асты. Бұл 2019 жылғы белсенді салымшылардың санынан 1,2 есе көп, ол кезде бұл көрсеткіш 6,6 млн. адам болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарының саны 1 миллион бірлікке артты. Ағымдағы жылдың бірінші қаңтарында ЖЗШ саны 10 672 567 бірлікті құраса, 1 маусымда 11,6 миллионға (11 682 546) жетті. ЖЗШ ең көп ашылған ай сәуір болды, бұл айда 954 952 шот ашылды, екінші орынды мамыр айы иеленді – 52 530, одан әрі ақпан – 30 455 жаңа ЖЗШ.

Мамыр айында өткен аймен салыстырғанда БЖТ бойынша аударылған жарналар үлесінің төмендеуі байқалды. Сәуір айында 3 миллионнан астам жарна төленді, мамыр айында БЖТ бойынша жарналар саны 317 573 бірлікті құрады. БЖТ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысып жүрген, сондай-ақ жалдамалы қызметкер еңбегін пайдаланбайтын, салық агенттеріне қызмет көрсетпейтін және (немесе) жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін басқа жеке тұлғаларға сатумен айналысып жүрген (жылдық табысы 1175 АЕК-тен аспауы тиіс) жеке тұлғаларға арналған. БЖТ зейнетақы төлемін алуға және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай базалық зейнетақы төлемін алуға; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуға; еңбек ету қабілетінен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған, жүктілік және босануға, бала асырап алуға, 1 жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер алуға құқық береді.

БЖЗҚ2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақыжинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
10512605
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
37008
0
37008
10426094
73976
272516
10512605

Сіздің ІР: 3.219.167.194
Қазір: 2020-08-14 10:20:57
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру