Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Негізгі бетТұрғындарды жұмыспен қамту

Тұрғындарды жұмыспен қамту

Құрметті интернет ресурсын пайдаланушы!

Сұрақ қоймастан бұрын  Сізден төмендегі ережелерді сақтауды өтінеміз: 

1.  Сіз өтінішіңізде тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз. 
2.  Сауалыңыз тек Еңбекшіқазақ ауданының өңірлеріне қатысты болуы тиіс. 
3.  Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн. 
4.  Егер Сіздің сұрақ-шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет. 
5.  Бұл сұрақтарға толық әрі жедел жауап беру және көрсетілген деректердің анық –қанығына жету үшін, шағымданушы автор өзінің аты-жөнін, нақты электронды поштасын (e - mail) және телефонын  көрсетуі қажет.

Келесі сипаттағы сұрақтар қаралмайды:

  • Құрамында балағат сөздері бар сұрақтар;
  • Мәтіні оқылмайтын және түсініксіз қысқарулары бар сұрақтар;
  • сұрақ жолданған адамның құзыретіне жатпайтын мәселені көрсететін сұрақтар.

Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдырады. 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» N 221 Заңының кейбір баптары:

           5-бап. Қарауға жатпайтын өтiнiштер

1. Мыналар қарауға жатпайды: 
          1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш; 
          2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш. 
          2. Егер өтiнiштi қараусыз қалдыруға негiз болған жағдайлар кейiннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлға аталған өтiнiштi қайта қарауға мiндеттi.

         6-бап. Жазбаша өтiнiшке, бейнеөтінішке және бейнеконференцбайланысқа қойылатын талаптар

         1. Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс. 
         2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс.
       Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi. 
      3. Субъектiге тiкелей жазбаша не бейнеөтініш арқылы өтiнiш жасаған арыз берушiге тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      4. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

       8-бап. Өтiнiштi қарау мерзiмдерi

      1. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.
      2. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.
      Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.
       3. Өтiнiштi қарау мерзiмiн субъектiнiң басшысы немесе оның орынбасары ұзартады. 
      4. Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында өтiнiштердi қараудың өзге де мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.


Жазба қосу


Пікірлер   

0 # Толқын 2017-03-17 20:20
Саламатсызба!Ме н Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылының тұрғынымын!жалғ ыз басты анамын!менің мамандығым экономист-финан сист жұмыспен қамту орталығына барып тіркелдім бірақ мамандығым бойынша жұмыс жоқ екен маған жұмыс табуыма көмектесесіздер ма?алдын ала рахмет
Жауап
0 # Бисенкулов 2017-04-04 11:13
Құрметті Толқын!
Сіздің Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жеке блогіне берген сұрағыңызға төмендегідей жауап береміз. Сіз 2017-жылдың 10-наурызында жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеуші ретінде тіркеуге алындыңыз.
Қазіргі уақытта мамандығыңызға сәйкес жұмыс қарастырылуда , егер бұндай жұмыс табылмаса, сізге жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтамасыз етуді ұсынамыз. Сіздің мамандығыңыз бойынша мемлекеттік жұмысқа орналасуға болады. Ол үшін сізге аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызмет бөліміне жүгіну қажет.


Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директордың орынбасары С.К.Бисенкулов
Жауап
0 # Назира 2017-10-03 14:06
Саламатсызба? Мен Шелек ауылының тұрғынымын. Осы аулдың Ы.Алтынсарин атын. мектепте ұстаз болып жұмыс істеймін. дипломмен ауылға бағдарламасымен кезекте тұрғаныма 3 жыл болды. бұл бағдарлама бойынша көтерме ақшамды да алмадым. осы бойынша көмек керек еді. казіргі уақытта пәтер жалдап тұрудамын. тұрғын үй кезегінде де тұрмын. ешқандай көмек көрсетімеді.
Жауап
0 # Е.Жакеев 2017-10-17 18:09
Назира!


«Дипломмен ауылға» мемлекеттік жобасы аясында мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін толық құжаттарыңызбен Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігінің ғимараты, 3 қабат 313 кабинетке жолығуыңызды сұраймыз. Кеңес алу үшін 8-72775-72019 телефон нөміріне хабарласуыңызға болады.


Бөлім басшысы Е.Жакеев


Орын: А.Егимбаева
Тел:8/72775/72019
Жауап
Menu

Категориялар (тақырыбын таңдаңыз және сұрақ қойыңыз)

Қазақстандағы ауа-райы
Подробнее на сайте: https://medicinego.ruhttps://medicineway.ruhttps://keepmedicine.ru https://dearmedicine.ruhttps://rankmedicine.ru Go to top of pagehttps://washealth.ru https://chinese-medicine.ruhttps://whitemedicine.ruhttps://enjoymedicine.ru https://safemedicine.ruhttps://yetimedicine.ru
https://bravemedicine.ruhttps://natural-cure.ruhttps://focmedicine.ruhttps://indianmedicine.ruGo to top of page
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру