Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Негізгі бетТҮКШ (ауыз су, электр және газбен қамтамасыз ету)

ТҮКШ (ауыз су, электр және газбен қамтамасыз ету)

Құрметті интернет ресурсын пайдаланушы!

Сұрақ қоймастан бұрын  Сізден төмендегі ережелерді сақтауды өтінеміз: 

1.  Сіз өтінішіңізде тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз. 
2.  Сауалыңыз тек Еңбекшіқазақ ауданының өңірлеріне қатысты болуы тиіс. 
3.  Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн. 
4.  Егер Сіздің сұрақ-шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет. 
5.  Бұл сұрақтарға толық әрі жедел жауап беру және көрсетілген деректердің анық –қанығына жету үшін, шағымданушы автор өзінің аты-жөнін, нақты электронды поштасын (e - mail) және телефонын  көрсетуі қажет.

Келесі сипаттағы сұрақтар қаралмайды:

  • Құрамында балағат сөздері бар сұрақтар;
  • Мәтіні оқылмайтын және түсініксіз қысқарулары бар сұрақтар;
  • сұрақ жолданған адамның құзыретіне жатпайтын мәселені көрсететін сұрақтар.

Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдырады. 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» N 221 Заңының кейбір баптары:

           5-бап. Қарауға жатпайтын өтiнiштер

1. Мыналар қарауға жатпайды: 
          1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш; 
          2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш. 
          2. Егер өтiнiштi қараусыз қалдыруға негiз болған жағдайлар кейiннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлға аталған өтiнiштi қайта қарауға мiндеттi.

         6-бап. Жазбаша өтiнiшке, бейнеөтінішке және бейнеконференцбайланысқа қойылатын талаптар

         1. Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс. 
         2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс.
       Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi. 
      3. Субъектiге тiкелей жазбаша не бейнеөтініш арқылы өтiнiш жасаған арыз берушiге тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      4. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

       8-бап. Өтiнiштi қарау мерзiмдерi

      1. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.
      2. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.
      Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.
       3. Өтiнiштi қарау мерзiмiн субъектiнiң басшысы немесе оның орынбасары ұзартады. 
      4. Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында өтiнiштердi қараудың өзге де мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.


Жазба қосу


Пікірлер   

0 # Бәйдібек би Тұрғыны 2016-04-05 13:22
Ассалаумағалейкум!
Құрметті әкім мырза, Бәйдібек би ауылы қашан толықтай ауыз сумен қамтамасыз етіледі және ішкі көшелерге қашан толықтай асфальт төселеді?
Жауап
0 # Е.Әмірденов 2016-04-12 11:05
2015 жылы Бәйдібек би ауылында 3463 ш/м асфальт Сейфулина, Сибирская, Гагарина көшелерінде төселінді, жалпы соммасы 15 млн. 650 мың теңге.
2016 жылы Алмабеков және Ақбұйымов көшелерін абаттандыруға бюджеттен 47 млн. 537 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары сәуір айынын аяғына дейін басталады және Гагарина, Ключевая, Олжебулатов, Оразбекова, Сибирская, Космодемьянская көшелерінің 3000ш/м жолын, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 8 млн. 700 мың теңге бөлініу жоспарлануда.
Ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Ақбұлақ 2020» бағдарламасы аясында, су ұңғұмасына 0,9 га жер телімі бөлінген, қазіргі таңда Бәйдібек би ауылының 75% тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етіліп тұр, алайда 56 млн. тенгеге жобалық - сметалық құжаттама әзірленіп, экспертизадан өтіп, қазіргі таңда 720 млн тенгеге қаржыландыруды күтіп тұр, ол қаражат су құбырларын қайта жаңғыртуға(реко нструкция) арналады. Осы жұмыстар 2020 жылға дейін аяқталса, ауыл тұрғындары 100% ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Бәйдібек би ауылдық
округінің әкімі Е.Ә мірденов
Жауап
0 # Қалқанбай Тамара Газ мəселесі. 2016-08-11 09:02
Сəлеметсіз бе? Мен Есік қаласына жақын жердегі Өрікті (Красный Восток) тұрғынымын. Есік қаласына оте жақын жерлеміз, бірақ бізде үнемі газ (ГАЗ БАЛОН)жетіспейд і. КӨБІНДЕ газ жеткізушіге хабарласқанымыз да газ жоқ болады. Сұрақ: Біз жаққа табиғи газ қашан келеді? Өтініш! Табиғи газ келгенше Газ балондарды көбейтіңіздерші , газды көбірек алып келіңіздерші. Үнемі жетпей жатады. Сұрағыма жауап беріңіздерші өтініш. Жəне өтінішімді орындасаңыздар екен.
Жауап
0 # Д.Малибеков 2016-08-11 16:40
Қалқанбай Тамара !


Сіздің аудан әкімінің блогына жазған Өрікті ауылын газдандыру туралы сұрағыңызға төмендегіні хабарлаймыз.
2013 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарын газдандыру үшін «Қазақстан-Қыта й» МГ-дан «Маловодное», «Шелек», «Жаркент» АГРС құрылысы» жобалық-сметалы қ құжаттамасы әзірленді. Жобаның жалпы құны 1,94 млрд теңге. АГРС «Маловодное» құрлысы жүргізілгеннен кейін ауданның 32 елді-мекенін газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
Облыс әкімдігі жобаны іске асыру мақсатында Энергетика министірлігіне республикалық бюджеттен қаржы бөлу туралы бюджеттік өтінім берді, бірақта қаржы бөлу мәселесі әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Сонымен қатар облыс әкімінің қаулысымен облысты газдандыру жобасын жүзеге асырушы ретінде «Жетісу-Обл-ГАЗ » (әрі қарай серіктестік) (т. 8 72752-2-05-30) ЖШС-гі құрылды. Қазіргі уақытта серіктестік жоғарғыда аталған АГРЭ және газ жүйелерінің құрлысын жүргізуге инвестиция тарту жұмыстарын жүргізуде.

Аудандық ТҮКШ және ТҮИ
бөлімінің басшысы Д.Малибеков
Жауап
0 # Қонысбек Көдеков 2016-11-23 11:11
Саламатсыздарма ! Қояйын деген сауалым, Сөгеті ауылына қашан ауыз су тартылады?
Жауап
0 # Д. Малибеков 2016-11-29 11:39
Көдеков Қонысбек !


Нұра ауылының ауыз су құбырларын қайта жаңғыртып, құрылысын жүргізуге жобалық сметалық құжаттамасы (мем.сараптама 23.12.2013 ж. № 18-917/13) дайындалды. Жобаның сметалық құны 333, 4 млн. теңге. Құрылыс жұмыстарын жүргізіуге облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына бюджеттік өтінім берілді.

Аудандық ТҮКШ және ТҮИ
бөлімінің басшысы Д.Мәлібеков
Жауап
Menu

Категориялар (тақырыбын таңдаңыз және сұрақ қойыңыз)

Қазақстандағы ауа-райы
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру