Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылЕңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары туралы ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

Есік қ.                                                                                 2017 жылғы 05 желтоқсан

КІРІСПЕ БӨЛІМ

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің (бұдан әрі - Аппарат) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2017 жылғы18 қыркүйектегі№ 39-ө өкімі  негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдауда 2017 жылғы ағымдағы кезең қамтылды.

Аппарат өз қызметінЕңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2016жылғы 15 тамыздағы № 815 қаулысымен бекітілгенереже (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүзеге асырады.

Ережеге сәйкес Аппарат миссиясы аудан әкімдігінің және әкімінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы  № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидаларына сәйкес ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

ФИЛИАЛ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АЙҚЫНДАУ

1. Аппаратөз қызметінде мыналарды:

Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарын,  Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік актілерді, сондай-ақ «Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені басшылыққа алады.

2. Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәкекелдері (қайшылықтар, олқылықтар, дискрециялық нормалар және т.б.)

Заңнаманы талдау кезінде конкурстарды өткізу барысында орын алатын сыбайлас жемқорлық тәкекелдері анықталды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 53-т. сәйкес әңгімелесу жүргізу мақсаты үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.

Әрбір кандидатпен өткізілген әңгімелесу барысы  хаттама түрінде рәсімделеді, онда конкурстық комиссия мүшелері қойған сұрақтар және  кандидаттың жауаптары тіркеледі, қорытындысында хаттамаға конкурстық комиссияның барлық мүшелері және хатшы қол қояды.

Бұл ретте Қағидаларда кандидатты көрсетілген хаттамамен таныстыруға міндеттейтін норма қаралмаған, бұл сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайды, себебі бұл кезде хаттамада кандидатқа қойылған сұрақтарға дұрыс, не бұрыс жауаптарды жазу, осылайша бос лауазымға басқаларынан нашар жауап берген кандидатты қабылдау және хаттамаға оның тек дұрыс жауаптарын ғана тіркеу мүмкіндігі туады. 

Анықтамалық, кандидаттардың бос лауазымға орналасуы үшін өткізілгенәңгімелесу хаттамаларында онымен  кандидаттың өзінің танысқандығы туралы қол қойылмайды. 

Ұсынылады:Уәкілетті органға «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін конкурс өткізу қағидаларына конкурстық комиссия хатшысын кандидаттарды әңгімелесу хаттамасымен қол қоя отырып таныстыруға міндеттейтін нормамен толықтыруды енгізуге қатысты ұсынысты бастамалау.

АППАРАТТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АЙҚЫНДАУ 

3. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) бөлімі саласы, оның ішінде кадрлардың ауысымы бойынша

3.1 2017 жылғы 01 желтоқсандағы Штаттық кестеге сәйкес Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік қызметшілердің жалпы штаттық саны 375 адамды құрайды, оның ішінде бос лауазым саны – 24.

Талдау барысында кадрлардың тұрақтамауының жол берілген облыс бойынша 9 %-қ нормативі кезінде ағымдағы жылдың 10айы ішіндеЕңбекшіқазақ ауданындағы жалпы ауысқыштық 22бірлікті құрады, оның ішінде: ауылдық округтер әкімдері – 2бірл., бас мамандар – 13бірл., жетекші мамандар – 7бірл. (Даирбаев Н. – Саймасай ауылдық округінің әкімі 10.08.2017ж. өз қалауы бойынша, Дуйсебекова Б.  –Балтабай ауылдық округінің әкімі 17.04.2017ж. өз қалауы бойынша, Кусаинова М. 04.01.2017, Калиев Г. 04.01.2017, Бейсенов С. 19.06.2017 – Рахат ауылдық округі әкімінің жетекші мамандары  өз қалауы бойынша, Таубаева Э. 09.01.2017 – құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жетекші маманы өз қалауы бойынша, Асканбаев С. 25.01.2017, Курбанбаев С. 31.07.2017 – ауыл шаруашылығы бөлімінің бас мамандары өз қалауы бойынша, Атамкулов Б. 27.01.2017 – Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы  өз қалауы бойынша, Кураласова А. 10.02.2017 – Ават ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маман- бухгалтері өз қалауы бойынша, Рахимова Ж. 27.01.2017 – Қырбалтабай ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы өз қалауы бойынша, Баймухамедов К. 02.05.2017 – құрылыс бөлімінің бас маманы өз қалауы бойынша, Сапенов Е. 11.05.2017 – Ақши ауылдық округінің әкімі аппаратының жетекші маманы өз қалауы бойынша, Асанова Г. 18.05.2017 – Қазақстан ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы өз қалауы бойынша, Абильдаев Б. 31.05.2017 – Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік- құқықтық бөлімінің жетекші маманы  өз қалауы бойынша, Нурсатова Н. 31.05.2017 – Бәйтерек ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы өз қалауы бойынша, Сейтжанов Н. 10.07.2017 – Бәйдібек би ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы өз қалауы бойынша, Хасым А.04.08.2017 – Қырбалтабай ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы, Иманбаев М. 04.09.2017 – білім бөлімі бас маманының м.а. өз қалауы бойынша, Оралбек Д. 19.09.2017 – Саймасай ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы өз қалауы бойынша, Саткенов А. 11.09.2017 – Сөгеті ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы өз қалауы бойынша, Сагидуллаева Э. 31.10.2017 – Аса ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы өз қалауы бойынша, Ескалиева Ш. 13.11.2017 – Қазақстан ауылдық округінің әкімі аппаратының жетекші маманы өз қалауы бойынша)

Жоғарыда көрсетілген жайт кадрлардың тұрақсыздығының жоғары деңгейде екенін дәлелдейді, бұл кадрлардың жиі ауысқыштығының және бұл бағыттағы тиісті тәжірибе  болмауының нәтижесінде түрлі әкімшілік кедергілер туындайтындықтан сыбайлас жемқорлық үшін жағдай жасайды.

3.2 Еңбекшіқазақ ауданында 2017 жылғы 1 желтоқсанындағы күйі бойынша  өткізілген 11 жалпы және 6 ішкі  конкурстар нәтижесі бойынша 51 лауазымға 51 кандидат тағайындалды.

3.3«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 12-б. 1-т. сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:

1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;

         2) жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;

         3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

         4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

Сондай-ақ Заңның 12-бабының 3т. сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың келісімін тиісті ұйымдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) жазбаша нысанда тіркейді.

Заңның 12-б. 4-т. сәйкес осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға (лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.

Талдау барысында заңнаманың жоғарыда көрсетілген талаптарының бұзылу жайттарының болмағаны анықталды.

Ұсыныс: Одан әрі қызметте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңыныңбұзылуын жою және оған жол бермеу бойынша барлық қажетті бақылау шараларын қабылдау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша  семинар өткізу.

        

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету желісі бойынша

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің деңгейінде 37 мемлекеттік орган – қызмет беруші қызмет етеді: аудан әкімінің аппараты, 25 ауылдық округ әкімінің аппараттары, Есік қ. әкімінің аппараты, 10 аудандық бөлім (сәулет және қала құрылысы бөлімі, ветеринария бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жет қатынастары бөлімі, білім бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі).

2017 жылдың өткен кезеңі бойынша 19 бақылау іс-шаралары өткізілді, онда 51 нысан қамтылды, олар: 24 – жергілікті атқару органдары, 27 ведомстволық бағынысты ұйымдар. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 190 бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

  1. Бөлек ауылдық округінің (3) және Бәйдібекби ауылдық округінің (7), Малыбай ауылдық округінің (4), Тескенсу ауылдық округінің (2) әкімі аппараттары, білім бөлімі (22) бойынша бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарымен көзделмеген құжаттарды талап ету туралы 37 дерек.
  2. Байтерек ауылдық округінің әкімі аппаратында (15), аудандық жер  қатынастары бөлімі (10), Бөлек ауылдық округінің (8), Бәйдібек би ауылдық округінің (8), Ташкенсаз ауылдық округінің (7) аппараттарында, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінде (5), Рахат ауылдық округінің (3), Саймасай ауылдық округінің (2), Қаратүрік ауылдық округінің (2), Ават ауылдық округінің (2), Жаңашар ауылдық округінің (1), ТКШ және ТИ бөлімінде (1), Бартоғай ауылдық округінің (1), Асы ауылдық округінің (1), Тескенсу ауылдық округінің (2) аппараттарында, білім бөлімінде (22) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің 95 бұзылу жайттары орын алған.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің 3 бұылу жайтттары анықталған (Ават ауылдық округі)
  4. Малыбай ауылдық округінде (21), Ават ауылдық округінде (1), білім бөлімінде (33) мемлекеттік қызметтер құжаттардың толық пакетісіз көрсетілген 55 жайт анықталды

         Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы Заңының бұзылуына жол бергені үшін аудандың әкімдіктің жергілікті атқарушы органдарының 18 мемлекеттік қызметшісі, оның ішінде 15 – ескерту түрінде, 2 – сөгіс түрінде, 1 – қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды: Бөлек, Ташкенсаз, Саймасай, Қаратүрік, Бартоғай, Тескенсу, Малыбай ауылдық округтерінің, Бәйдібек би ауылдық округінің аппараты, аудандық жер қатынастары бөлімі, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі, білім бөлімі (3).

         Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша  50 ұсынымдар жасалды, оның ішінде 36-ы орындалды.

         Ағымдағы жылдың өткен кезеңі бойынша мемлекеттік қызметтер  көрсетуден  323 уәжді бас тарту болды, олардың ішінде электрондық түрдегі 139 және қағаз түріндегі 184 бас тарту, негізсіз бас тартулар болған жоқ.

         Ағымдағы жылдың наурызында, сәуірінде, мамырында, маусымында аудандық білім бөлімі «Мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдау үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімдерін 22 жағдайда бұзған». Мемлекеттік қызметін көрсету мерзімдерін бұзғаны үшін бөлім бастығы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ұсыныс:  Мемлекеттік қызметтер көрсетудің әрекет етуші стандартының талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің арасында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша семинар өткізу.

5. Тікелей байланыс тәуекелі

Талдау Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуі кезінде мемлекеттік қызметтердің көпшілігінің қағаз нысанда берілуіне байланысты қызмет алушылармен тікелей байланыс тәуекелінің орын алатынын көрсетті.

6.  Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігініңұйымдастыру –басқару қызметінде туындайтын өзге де мәселелер.

6.1 Талдау ағымдағы жыл басынан бері әкімдіктің өз қызметінде ағымдағы жылдың 9 айы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг  және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жұмыстарды атқарғанын көрсетті.

Ұсынылады: Әр тоқсанның қорытындысы бойынша Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

 6.2 Талдау барысында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының бұзылуы анықталды.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-б. 1-т. сәйкес осы Заңда белгiленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануға, тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс.

Талдау жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің өтініштерді есепке алу және қарау тәртібін жүйелі түрде бұзғанын көрсетті, бұл басшылық тарапынан тиісінше бақылаудың жоқтығын білдіреді. Себебі жоғарыда көрсетілген Заңның 7-б. 3-т. сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың, тiркеудiң және есепке алудың жай-күйi үшiн субъектiлердiң басшылары мен лауазымды тұлғалар дербес жауаптылықта болады.

6.3 Бұған дейін мемлекттік органдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісіне қатысты жүргізген тексерулер материалдарын зерделеу барысында  жергілікті атқарушы органдардың өтініштерді қарау мерзімдерін бұзғаны анықталды.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-б. сәйкес субъектiлер мен лауазымды тұлғалар өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты әрi уақтылы қарауды қамтамасыз етедi.

Анықтамалық, 2017 жылы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын бұзғаны үшін жергілікті атқарушы органдардың 21 қызметкері тәртіптік жауаркершілікке тартылды.

Ұсыныс:«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің арасында өтініштерді қарау мәселелері бойынша семинар өткізу. Одан әрі қызметте Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бермеу бойынша қажетті бақылау шараларын қабылдау,  жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің арасында семинар өткізу.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

7. Жоғарыда айтылғандар негізінде Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының әкіміне келесі ұсыныстарды ұсынамыз:

1)  Уәкілетті органға  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін конкурс өткізу қағидаларына конкурстық комиссия хатшысын кандидаттарды әңгімелесу хаттамасымен қол қоя отырып таныстыруға міндеттейтін нормамен толықтыруды енгізуге қатысты ұсынысты бастамалау;

2) Конкурс өткізу барысында Отырыс хаттамасында конкурстың барлық процесін және кандидаттардың болмау себептерін көрсету;

3) Конкурс өткізу барысында  конкурстық рәсімдерді және кандидаттарға қойылатын талаптарды реттейтін заңды және нормативтік-құқықтық актілерді қатаң басшылыққа алу. 

4) Одан әрі қызметте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңыныңбұзылуын жою және оған жол бермеу бойынша барлық қажетті бақылау шараларын қабылдау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет өту мәселелері бойынша  семинар өткізу;

5) Отырыс өткізу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарғысымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларын басшылыққа алу;

6) Мемлекеттік қызметтер көрсетудің әрекет етуші стандартын қатаң сақтау, сондай-ақ қызметкерлер арасында ммелекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша семинар өткізу;

7) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің арасында өтініштерді қарау мәселелері бойынша семинар өткізу;

8)  Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде орындау мерзімдерін, жауапты тұлғаларды және атқару бойынша аралық ақпаратты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне  ұсыну уақыттарын көрсете отырып, Талдау анықтамасында көрсетілген ұсынымдарды орындау бойынша Іс-шаралар жоспарын әзірлесін. (Ұсынымдардың орындалуы 6 айдан аспауы тиіс);

Топ мүшелері:

Заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

Ұйымдастыру бөлімінің бас маманы

Персоналды басқару бірыңғай қызметі бөлімінің (кадр қызметі) жетекші маманы

Тәуелсіз сарапшы:

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы

Таныстырылды:

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің м.а.

 

                     

                     Б. Жайлаубаев

                      В. Бекбулатова

                      С. Абдрасулова

                        

                            

  

                      Т. Ұзақов

                     

                        Н. Құдайбергенов

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6809132
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
13626
0
60654
6735943
60654
139078
6809132

Сіздің ІР: 35.175.190.77
Қазір: 2018-12-13 13:38:56
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру