Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылЕңбекшіқазақ ауданы бойынша жағдайы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсыәрекет ету жөнінде 2011-2015 жылдарға арналған салалық Бағдарламаны» іске асыру жөніндегі жұмыстар туралы

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша жағдайы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсыәрекет ету жөнінде 2011-2015 жылдарға арналған салалық Бағдарламаны» іске асыру жөніндегі жұмыстар туралы

Еңбекшіқазақ ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы

 

іс-шаралар жайында

 

2016 жыл, қыркүйек

 

Аудан әкімі аппараты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және оны орындау жолында  облыстық, аудандық әкімдіктер тарапынан қабылданған директивалық құжаттарды және  «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске  асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл  жөніндегі  2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар аймақтық жоспарын   бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 254 қаулысын басшылыққа ала отырып адан көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимылдар жүргізуде.

 

Аталған құжаттар негізінде аудан аумағында жоспарланған  мақсатты шаралар іске асырылуда, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру,  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, « Әдеп кодексін», «Жемкорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау қатаң бақылауға алынған.

 

         Сыбайлас жемқорлықпен күресудің ең тиімді тәсілінің бірі-  бұқаралық ақпарат құралдары арқылы  сыбайлас жемқорлықпен күресу міндетін, негізінжәне бұл бағыт бойынша атқарылған  жұмыстарды көпшілікке жеткізу болып табылады.       Бұл орайда, аудан  әкімдігі тарапынан  аудандық «Еңбекшіқазақ», «Алатау нұры» газеттерінде  арнайы  айдарлар ашылып, ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мақалалар жарияланып отыруы үнемі жүргізілуде.

 

            Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл  жөніндегі  2015-2017 жылдарға арналған іс-шараларды іске асыру мақсатында «Алдың- құтылмас пәлеге қалдың», «Жемқорлықпен күрес әр азаматтың міндеті», «Принципы борьбы с коррупцией», «Негативное воздействие коррупции», «Білім саласы жемқорлықтан ада болуы керек» және басқа  материалдар аудандық «Еңбекшіқазақ» қоғамдық-саяси газетінде жарияланды.

 

             Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер  мен «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мемлекеттік органдардың басшыларымен, мемлекеттік қызметкерлер, аудандық депутаттар, құқық  қорғау органдарымен   «Жемқорлыққа жол бермеу- ең басты міндет», «Жемқорлыққа жол жоқ» және т.б. кең ауқымды ақциялар өткізілуде.

 

            Барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп Кодексі» ілінген, ауданда сенім  телефондары   үнемі жұмыс істеуде. Сенім телефонына келіп түскен жағдайларда телефон соғулар уақтылы тіркеліп, олар бойынша тиісті, заңды шаралар  қабылданатын болады. Мемлекеттік мекемелердің қолжетімді, көрінетін орындарында заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен арыз-шағымдары үшін пошта жәшіктері ілінген. Қазақстан Республикасының «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының  талаптарына сәйкес пошта жәшіктеріне келіп түскен  хаттар  уақытылы  тіркеліп,  арыз иелеріне  уақтылы  жауап берілуі  үнемі қатаң бақылауда тұрады.

 

          Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізу бойынша жұмыс барысының ашықтылығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету мақсатында конкурс отырыстарына байқаушылар мен сарапшылар қатыстырылуда. Барлық тиісті ақпараттар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және аудан әкімінің ресми сайтында үнемі жарияланып тұрады.

 

             Қолданыстағы заң бұзушылықтарды, сыбайлас жемқорлыққа әрекет туғызатын жағдайларды болдырмау мақсатында  заң нормаларына түсіндірме жүргізіліп, барлық мемлекеттік орган басшыларына тиісті бақылау жүргізу тапсырылған.

 

             Білім беру жүйесінің  педагогикалық қызметкерлерінің  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы бағытталған  тақырыпта біліктіліктерін арттыру мақсатында  Есік қаласының  Жетысу Заң колледжінің студенттерімен, құқық қорғау органдарының, аудандық прокуратура өкілдерінің қатысуымен  семинар кеңес өткізіледі. Бұл семинар кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шаралар, олардың мақсаты, бағыты, негізгі міндеттері кең талқыланды.

 

            Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы әрдайым бақылауда. Атқарылған жұмыстар қорытындысын әр тоқсан сайын аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің сайтына жарияланып отырады. Халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесе отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жайында және жұмыс сапасын арттыру бағытында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.  

 

         Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2012 жылдың  26 наурызында «Еңбекшіқазақ ауданының селолық округтары  және Есік қаласы елді мекендерінде  жер телімдерін  беру сұрақтары  бойынша комиссияларын  құру туралы № 268 қаулысымен комиссия құрамдары бекітілген. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43 бабына сәйкес  комиссия құрамына  аудандық жер қатынастар бөлімі, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі, аудандық депутаттар және ауыл ақсақалдары, жігіт басшысы келісім бойынша енгізілді.

 

Ауыл әкімдері жер мәселесіне қатысты өтініштерді жер комиссиясының отырысында қарап, комиссия қорытындысына сәйкес және азаматтарға өтініштеріне сай жауаптары уақтылы беріліп отырады.

 

            Мемлекеттік сатып алу  рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу  электронды түрде жүргізілуде және ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

Аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімі 


Еңбекшіқазақ ауданы аумағындағы 2016 жылдың

бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-әрекет

шілде 2016 жыл                                              

Аудан әкімі аппараты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және оны орындау жолында облыстық, аудандық әкімдіктер тарапынан қабылданған директивалық құжаттарды және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар аймақтық жоспарын   бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 254 қаулысын басшылыққа ала отырып жұмыс жасауда.

Аталған құжаттар негізінде аудан аумағында жоспарланған мақсатты шаралар іске асырылуда, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, « Әдеп кодексін», «Жемкорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау қатаң бақылауға алынған.

                 Сыбайлас жемқорлықпен күресудің ең тиімді тәсілінің бірі- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыбайлас жемқорлықпен күресу міндетін, негізінжәне бұл бағыт бойынша атқарылған жұмыстарды көпшілікке жеткізу болып табылады.

            Бұл орайда, аудан әкімдігі тарапынан аудандық «Еңбекшіқазақ», «Алатау нұры» газеттерінде арнайы айдарлар ашылып, ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мақалалар жарияланып отыруы үнемі жүргізілуде.

            Іс-шараларды іске асыру мақсатында «Алдың- құтылмас пәлеге қалдың», «Жемқорлықпен күрес әр азаматтың міндеті», «Принципы борьбы с коррупцией», «Негативное воздействие коррупции», «Білім саласы жемқорлықтан ада болуы керек» және басқа материалдар аудандық «Еңбекшіқазақ» қоғамдық-саяси газетінде жарияланды.

            Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер мен «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік органдардың басшыларымен, мемлекеттік қызметкерлер, аудандық депутаттар, құқық қорғау органдарымен   «Жемқорлыққа жол бермеу- ең басты міндет», «Жемқорлыққа жол жоқ» және т.б. кең ауқымды ақциялар өткізілуде.

            Барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп Кодексі» ілінген, ауданда сенім телефондары   үнемі жұмыс істеуде. Сенім телефонына келіп түскен жағдайларда телефон соғулар уақтылы тіркеліп, олар бойынша тиісті, заңды шаралар қабылданатын болады. Мемлекеттік мекемелердің қолжетімді, көрінетін орындарында заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен арыз-шағымдары үшін пошта жәшіктері ілінген. Қазақстан Республикасының «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес пошта жәшіктеріне келіп түскен хаттар уақытылы тіркеліп, арыз иелеріне уақтылы жауап берілуі үнемі қатаң бақылауда тұрады.

             Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізу бойынша жұмыс барысының ашықтылығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету мақсатында конкурс отырыстарына байқаушылар мен сарапшылар қатыстырылуда. Барлық тиісті ақпараттар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және аудан әкімінің ресми сайтында үнемі жарияланып тұрады.

            Еңбекшіқазақ ауданының тәртіптік комиссиясы отырысында 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтары үшін аудандық прокуратураның және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұсынымдары негізінде 1 комиссия отырысы өткізіліп, нәтижесінде 1 мемлекеттік қызметшіге «қатаң сөгіс» жарияланды. Жалпы аудан бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлер саны-45, оның ішінде лауазымды тұлғалар- 13.

Қолданыстағы заң бұзушылықтарды, сыбайлас жемқорлыққа әрекет туғызатын жағдайларды болдырмау мақсатында заң нормаларына түсіндірме жүргізіліп, барлық мемлекеттік орган басшыларына тиісті бақылау жүргізу тапсырылған.

               Білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған тақырыпта біліктіліктерін арттыру мақсатында Есік қаласының Жетысу Заң колледжінің студенттерімен, құқық қорғау органдарының, аудандық прокуратура өкілдерінің қатысуымен семинар кеңес өткізілді. Бұл семинар кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шаралар, олардың мақсаты, бағыты, негізгі міндеттері кең талқыланды.

         Ағымдағы жылы Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігі ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшылығның қатсуымен Еңбекшіқазақ ауданы мектептері мен балабақшалары басшыларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету» бағытында кездесу өткізілді. Бұл кездесуге ауданның 87 мектебі және 27 балабақша басшылығы қатысты.

            Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасы әрдайым бақылауда. Атқарылған жұмыстар қорытындысын әр тоқсан сайын аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің сайтына жарияланып отырады. Халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесе отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жайында және жұмыс сапасын арттыру бағытында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.  

         Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2012 жылдың 26 наурызында «Еңбекшіқазақ ауданының селолық округтары және Есік қаласы елді мекендерінде жер телімдерін беру сұрақтары бойынша комиссияларын құру туралы № 268 қаулысымен комиссия құрамдары бекітілген. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43 бабына сәйкес комиссия құрамына аудандық жер қатынастар бөлімі, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдері уәкілдері, аудандық депутаттар, кәсіпкерлік ұлттық палатасы уәкілі және ауыл ақсақалдары, жігіт басшысы келісім бойынша енгізілді.

            Ауыл әкімдері жер мәселесіне қатысты өтініштерді жер комиссиясының отырысында қарап, комиссия қорытындысына сәйкес және азаматтарға өтініштеріне сай жауаптары уақтылы беріліп отырады.

                     Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу электронды түрде жүргізілуде және ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімі аппараты заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімі

 

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету  жөнінде 2011-2015 жылдарға арналған салалық Бағдарламасын»

2015 жылы іске асыру жөніндегі жұмыстар туралы

АҚПАРАТ

Аудан әкімі аппараты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және оны орындау жолында облыстық, аудандық әкімдіктер тарапынан қабылданған директивалық құжаттарды және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар аймақтық жоспарын   бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 254 қаулысын басшылыққа ала отырып жұмыс жасауда.

Аталған құжаттар негізінде аудан аумағында жоспарланған мақсатты шаралар іске асырылуда, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, « Әдеп кодексін», «Жемкорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау қатаң бақылауға алынған.

                 Сыбайлас жемқорлықпен күресудің ең тиімді тәсілінің бірі- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыбайлас жемқорлықпен күресу міндетін, негізінжәне бұл бағыт бойынша атқарылған жұмыстарды көпшілікке жеткізу болып табылады.

            Бұл орайда, аудан әкімдігі тарапынан аудандық «Еңбекшіқазақ», «Алатау нұры» газеттерінде арнайы айдарлар ашылып, ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мақалалар жарияланып отыруы үнемі жүргізілуде.

            Іс-шараларды іске асыру мақсатында «Алдың- құтылмас пәлеге қалдың», «Жемқорлықпен күрес әр азаматтың міндеті», «Принципы борьбы с коррупцией», «Негативное воздействие коррупции», «Білім саласы жемқорлықтан ада болуы керек» және басқа материалдар аудандық «Еңбекшіқазақ» қоғамдық-саяси газетінде жарияланды.

            Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер мен «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік органдардың басшыларымен, мемлекеттік қызметкерлер, аудандық депутаттар, құқық қорғау органдарымен   «Жемқорлыққа жол бермеу- ең басты міндет», «Жемқорлыққа жол жоқ» және т.б. кең ауқымды ақциялар өткізілуде.

            Барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп Кодексі» ілінген, ауданда сенім телефондары   үнемі жұмыс істеуде. Сенім телефонына келіп түскен жағдайларда телефон соғулар уақтылы тіркеліп, олар бойынша тиісті, заңды шаралар қабылданатын болады. Мемлекеттік мекемелердің қолжетімді, көрінетін орындарында заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен арыз-шағымдары үшін пошта жәшіктері ілінген. Қазақстан Республикасының «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес пошта жәшіктеріне келіп түскен хаттар уақытылы тіркеліп, арыз иелеріне уақтылы жауап берілуі үнемі қатаң бақылауда тұрады.

             Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізу бойынша жұмыс барысының ашықтылығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету мақсатында конкурс отырыстарына байқаушылар мен сарапшылар қатыстырылуда. Барлық тиісті ақпараттар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және аудан әкімінің ресми сайтында үнемі жарияланып тұрады.

            Еңбекшіқазақ ауданының тәртіптік комиссиясы отырысында 2015 жылы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтары үшін аудандық прокуратураның ұсынымы негізінде 3 комиссия отырысы өткізіліп, нәтижесінде 3 мемлекеттік қызметшіге қызметтік толық сәйкес еместігі туралы ескерту жарияланды. Алматы облысы тәртіптік кеңес отырысының шешімі негізінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін 1 лауазымды тұлға   қызметінен босатылды. Жалпы аудан бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлер саны-55, оның ішінде лауазымды тұлғалар- 22.

Қолданыстағы заң бұзушылықтарды, сыбайлас жемқорлыққа әрекет туғызатын жағдайларды болдырмау мақсатында заң нормаларына түсіндірме жүргізіліп, барлық мемлекеттік орган басшыларына тиісті бақылау жүргізу тапсырылған.

               Білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған тақырыпта біліктіліктерін арттыру мақсатында Есік қаласының Жетысу Заң колледжінің студенттерімен, құқық қорғау органдарының, аудандық прокуратура өкілдерінің қатысуымен семинар кеңес өткізілді. Бұл семинар кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шаралар, олардың мақсаты, бағыты, негізгі міндеттері кең талқыланды.

         2015 жылдың шілде айында Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігі ғимаратында Есік аймағы бойынша ауданаралық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі басшылығының Еңбекшіқазақ ауданы мектептері мен балабақшалары басшыларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету» бағытында кездесу өткізілді. Бұл кездесуге ауданның 87 мектебі және 27 балабақша басшылығы қатысты.

            Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасы әрдайым бақылауда. Атқарылған жұмыстар қорытындысын әр тоқсан сайын аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің сайтына жарияланып отырады. Халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесе отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жайында және жұмыс сапасын арттыру бағытында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.  

         Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2012 жылдың 26 наурызында «Еңбекшіқазақ ауданының селолық округтары және Есік қаласы елді мекендерінде жер телімдерін беру сұрақтары бойынша комиссияларын құру туралы № 268 қаулысымен комиссия құрамдары бекітілген. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43 бабына сәйкес комиссия құрамына аудандық жер қатынастар бөлімі, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдері уәкілдері, аудандық депутаттар, кәсіпкерлік ұлттық палатасы уәкілі және ауыл ақсақалдары, жігіт басшысы келісім бойынша енгізілді.

            Ауыл әкімдері жер мәселесіне қатысты өтініштерді жер комиссиясының отырысында қарап, комиссия қорытындысына сәйкес және азаматтарға өтініштеріне сай жауаптары уақтылы беріліп отырады.

                     Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу электронды түрде жүргізілуде және ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімі аппараты заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімі

           

 ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету  жөнінде 2011-2015 жылдарға арналған салалық Бағдарламасын» 2015 жылдың 1-жартыжылдығында іске асыру жөніндегі жұмыстар туралы

АҚПАРАТ

           Негізінде аудан аумағында жоспарланған  мақсатты шаралар іске асырылды, лаузымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру,  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, «Ар-намыс кодексінің» талаптары орындалуда.

        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырыстары бекітілген жоспарға сәйкес өткізіледі, олар: «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», «Жемқорлыққа жол берілмесін», «Жемқорлықтың жолын кесу» деген тақырыптар кеңінен талқыланды. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша округ әкімдерінің, бөлім бастықтарының, мемлекеттік мекеме басшыларының есептері тыңдалды, сыбайлас жемқорыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламаның орындалу барысына талдау жасалынып, нәтижелері бағаланды.

      Аудан әкімі аппаратының қызметінде ашықтықты жария ету , мемлекеттік басқару органдарына  сенімді арттыру мақсатында  аудан басшылары мен қызмет жетекшілері  азаматтар мен заңды тұлғаларды  тұрақты түрде қабылдау жүргізіп, толғандырған, шешімін таппай жүрген мәселелерін біржақты етуге бар мүмкіндіктерін салуда. Әр мемлекеттік органдарда «сенім телефоны» мен арыз-шағымдарға арналған пошта жәшіктері орнатылған. Келіп түскен арыз-шағымдар уақтылы тексеріліп тиісті шешім қабылданады.

  Ал, 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында негізгі екі бағытта жұмыс істеу міндет етілді. Біріншіден, қабылданатын нормативтік-құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа жол ашпауын тұрақты тексеріп, қадағалап отыру; екіншіден, жемқорлыққа қарсы сауаттылықты көтеру, онымен күресті барынша насихаттау; азаматтық, қоғамдық құрылымдармен бірлесіп жұмыс істеу.

        Есепті мерзім ішінде  семинарлар, кездесулер ұйымдастырылды, мекеме, ұйым, аудан аумағындағы орта арнаулы оқу орындарында лекция оқылып, әңгіме өткізілді. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жергілікті ақпарат құралдары бетінде «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тұрақты айдар ашылып, мақалалар, пікірлер жарияланып жатыр. Атап айтсақ, «Борьба с коррупцией в государственных органах», ж.т.б. да тақырып берілді. Сондай-ақ, комиссия мүшелері: аудан прокуроры, аудандық сот төрағасы, әділет басқармасы бастығының мақалалары үнемі жарияланып отырады. Заңдарға кеңінен түсініктеме беріліп, мемлекеттік қызметшілер мен лауазымды тұлғалардың міндеті және азаматтардың құқықтары жайлы, егжей-тегжейлі айтылды.

         Аудан әкімі аппараты тарапынан жоғарыда көрсітілген кемшіліктері аппарат мәжілісінде  талқыланып, себептері анықталып хаттама жүргізіліп отырылады. Сонымен қатар, аудандық прокуратура  тарапына келіп түскен  9 заң  бұзушылықты болдырмау туралы ұсыныстар, тапсырмалар орындаушыларға уақытылы жеткізіліп және талданып келесі іс-шаралар  жоспарына енгізілді.

        Мемлекеттік мекемелердің жұмыс деңгейінің басты көрсеткіші-азаматтардың арыз-шағым, өтініштерін дер кезінде  әрі сапалы қарау болып табылады.

Аудан әкімі аппаратының  заң және

мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы                       А.Абижанова      


Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 01.04.2015 ж. жағдайы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсыәрекет ету жөнінде 2011-2015 жылдарға арналған салалық Бағдарламаны» іске асыру жөніндегі жұмыстар туралы               

Аудан әкімі аппараты Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының және оны орындау жолында  облыстық, аудандық әкімдіктер тарапынан қабылданған директивалық құжаттарды, соның ішінде аудан әкімдігінің 2011 жылғы 03 маусымдағы «Енбекшіқазақ ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөнінде 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі аудандық жоспарды бекіту туралы» № 499 қаулысын басшылыққа ала отырып жұмыс жасауда.

            Есепті мерзім ішінде семинарлар мен кездесулер ұйымдастырылды, мекеме, ұйым, аудан аумағындағы орта арнаулы оқу орындарында лекция оқылып, әңгіме өткізілді, сыбайлас жемқорлықпен күрес және оны болдырмау тақырыбында «Дөңгелек үстелдер» өткізілуде.

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жергілікті ақпарат құралдары бетінде «Жемқорлыққа жол жоқ»атты тұрақты айдар ашылып, мақалалар, пікірлер жариялануда. Сондай-ақ, аудан прокуроры, аудандық сот төрағасы, әділет басқармасы бастығының мақалалары беріледі.

            Құқық қорғау органдары әр ай сайын сыбайластық жемқорлық бойынша қылмыстылықтың жай- жапсарына талдау жасайды.

            Атқарылған іс-шаралар қала, селолық округтер әкімдері мен аудандық бөлімдерге, басқа да мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға таратылды.

        Аталған құжаттар негізінде аудан аумағында жоспарланған мақсатты шаралар іске асырылды, лаузымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру,  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарының, «Ар-намыс кодексінің» талаптары орындалуда.

        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырыстары бекітілген жоспарға сәйкес өткізіліп, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», «Жемқорлыққа жол берілмесін», «Жемқорлықтың жолын кесу» деген тақырыптар кеңінен талқыланды. Комиссия отырысында округ әкімдерінің, бөлім бастықтарының, мемлекеттік мекеме басшыларының есептері тыңдалды, сыбайлас жемқорыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламаның орындалу барысына талдау жасалынып, нәтижелері бағаланды.

        2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында негізгі екі бағытта жұмыс істеу міндет етілді. Біріншіден, қабылданатын нормативтік-құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа жол ашпауын тұрақты тексеріп, қадағалап отыру; екіншіден, жемқорлыққа қарсы сауаттылықты көтеру, онымен күресті барынша насихаттау; азаматтық, қоғамдық құрылымдармен бірлесіп жұмыс істеу.

        Мемлекеттік мекемелердің жұмыс деңгейінің басты көрсеткіші азаматтардың арыз-шағым, өтініштерін дер кезінде  әрі сапалы қарау тұрақты назарда ұсталуда.

Заң және мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің меңгерушісі                                                                     Б.Жайлаубаев

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

4917957

Сіздің ІР: 54.226.179.247
Қазір: 2018-01-18 15:49:51
Счетчик joomla
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру