Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         

Білім беру – 2020

 

Білім бөлімі бойынша 2018 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар туралы мәліметтері

 

1.АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ

     Аудандық білім бөліміне қарасты 85 мектеп оның ішінде 72 орта мектеп, 4 бастауыш, 8 орталау, 1 жекеменшік гимназиялық мектеп бар. 63 мектеп типтік ғимараттта, 21 мектеп бейімделген ғимаратта орналасқан. 78 мектеп сұйық, 6 мектеп қатты отынмен жанады. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру басталғаннан бері ауданымызда білім беру мекемелерінің саны артты, мектепке дейінгі 12 ұйым, 2 мектеп - Есік қаласында және Шелек ауылында ашылды. Сонымен қатар Жаңашаруа ауылында ескірген мектеп ғимаратының орнына жаңа мектеп салынып пайдалануға берілсе, Алға ауылында Алға орта мектебінің жанынан салынып жатқан жаңа мектеп ғимараты ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

Үшауысымды мектептер бойынша: Ауданда 2017-2018 оқу жылының басында үш ауысымда оқытылатын 3 мектеп болған. Ол Ават ауылындағы О.Мухамади атындағы орта мектеп, Өрікті ауылындағы Б.Майлин атындағы орта мектебі және саяжайдағы халықтың санының артуына байланысты Рахат ауылдық округіндегі Рахат №1 орта мектебі биылғы оқу жылында үшауысымды оқитын мектептер қатарына қосылды.

2017 жылдың желтоқсан айында Ават ауылындағы О.Мухамади атындағы орта мектебінің жанынан 300 орындық жапсаржай пайдалануға беріліп, аталған мектепте үшауысымды оқыту мәселесі шешілді. Сонымен қатар Өрікті ауылындағы Б.Майлин атындағы орта мектептің жанынан 300 орындық жапсаржай құрылысы 2018 жылы аяқталып пайдалануға беріледі және Есік қаласындағы В.Терешкова атындағы орта мектептің жанында 2,5 гектар жер теліміне 600 орындық жаңа мектеп салу арқылы аталған мектептердегі үш ауысымды оқыту өз шешімін табады. Десек те демографиялық жағдайға байланысты ауданда үшауысымды мектеп қатарына   әр жылда бір-екі мектеп қосылуда.

Ауданда білім саласын ақпараттандыруды дамыту жұмыстары жүргізілуде. Президентіміз «Қазіргі кездегі білім беру жүйесіне енгізілген реформалар мен инновацияны әлемдегі жаңа идеяларды тиімді пайдалануымыз керек» деген болатын.

Осы орайда мектептеріміздің заманауи технологиялармен толық жабдықталу пайызы да жыл сайын өсуде. Жергілікті бюджеттің есебінен мектептердің материалдық-техникалық базаларын заманауи жабдықтармен жаңалауға жұмсалып жатқан қаржының көлемі жылдан жылға ұлғаюда.

Қазіргі уақытта аудан мектептерінде 13 оқушыға бір компьютерден келеді.  Интернет желісіне мектептердің 100 %-ы қосылған, Мектептердің 34 %-ның кең жолақты интернетке шығуға мүмкіндігі бар.   2011-2018 жылға дейін 49 мектепке жаңа үлгідегі компьютерлер берілді, мектептердің 80 пайызына бейнебақылаулар орнатылды. 12 мектеп ОН-ЛАЙН сабақ жүйесіне қосылған, Жаңартылған білім мазмұны бойынша 69 мектеп kundelik.kz сайтына және «BILIM LAND» білім беру порталына қосылды, 30 пайыз мектепке жаңа модификацилық кабинеттер берілді. Десек те, жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндердің оқытылуының сапасын арттыру, сарамандық,   практикалық жұмыстарды толыққанды орындау, оқушының білім алуындағы ауыл мен қаланың арасындағы алшақтықты жою және зияткерлік мектептердің деңгейінде білім беру үшін жаңа модификациялық кабинеттердің ролі зор. Алайда аудан мектептеріндегі осы материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған әмбебап кабинеттер әр мектепте бірді –екілі ғана. Бұл мәселені шешу үлкен қаржыны қажет етеді. Десек те мектептерді жаңа оқу –техникалық құралдармен жабдықтау жұмыстары жоспар бойынша жүзеге асырылуда.

Кадр тапшылығы да білім сапасын көтеруге тұсау болып отырған кедергілердің бірі, ауданда орыс тілі қазақ сыныптарында, математика, физика пәндері бойынша әсіресе орыс сыныптарына 42 маман жетіспейді. Әр жыл сайын жоғарғы оқу орындары бос лауазымдық орындарға кадрлар жәрмеңкесін жасайды, биыл да олармен байланыс жасап, сұраныстар берілуде.

Үштілділік жөнінде Елбасымыздың «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыру мақсатында мектеп қабырғаларында үш тілді оқытуға қатысты түрлі алғашқы жұмыстар бастауын алып кетті. Мәселен тілдік курстар ұйымдастыру, мұғалімдер облыс көлемінде өз іс-тәжрбиесін таратып шебер сыныптар, сабақтар өткізуде. Сонымен қатар облыс көлемінда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді терминалогиялық деңгейде ағылшын тілінде оқыту бойынша 8 ауданда апрабация өтуде, соның бірі біздің ауданымыздағы Абылайхан атындағы мектептің 8-сыныбында химия пәнінен жүргізілуде. Рыскулов,Терешкова мектептерінде биология пәнінен, Көктөбе, Горький, Аль-Фараби орта мектептерінде информатика, Абылайхан орта мектебінде химия пәндерін терминология деңгейінде сабақ өткізуде. Білім-инновация лицейінде химия, биология, информатика пәндері таза ағылшын тілінде жүргізіліп келеді, ал жалпы орта білім беретін мектептерде әзірше ондай мұғалім жоқ.

Білім мекемелерінің оқу жылына арналған оқу тәрбие жоспарларында «Мәңгілік ел» идеясын басшылыққа алып жасалғандықтан, рухани- патриоттық және адамгершіліктің ізгі қасиеттерін насихаттайтын іс шараларды жоспарлап өткізуде. Мысалы, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Нұр Отан партиясының ұйымдастыруымен өткен облыстық шығарма байқауынан Ломоносов атындағы орта мектеп оқушысы ІІ орын, М.Мақатаев ат.ОМ оқушысы ІІІ орынды иеленді. Ауданда білім беру мекемелерінде Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 2018 жылының қаңтар айында Мергендер сайысы, ақпан айында «М.Мақатаевты еске алу» атты кездесу кеші ақынның баласы Жулдыз Мақатаевтың қатысуыменөтсе , наурыз айында Нұра ауылындағы Жандосов атындағы орта мектебінде өнер қайратекрлерінің қатысуымен «Жаныңда жүр жақсы адам» атты іс шара, «Үздік суретші» атты оқушылар олимпиадасы, сәуір айында Қонаев атындағы орта мектебінде «Жүрек сөйлер махабат тіліменен» атты Исрайл Сапарбаевпен кездесу тағы басқа іс шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде. Сонымен қатар «Тарихы терең, табиғаты көркем, туған өлкем» атты жоба бойынша 2,3 млн. теңге қаражат бөлініп 315 оқушы Жаркент қаласына барып, осы өлкенің тарихи жерлеріне саяхат жасап қайтты.

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім саласындағы реформалардың бірі- орта білім беру мазмұнын жаңарту. Орта білімнің жаңартылған мазмұнына көшу барысында жан – жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудың маңызы зор. Ол үшін ең алдымен оқытудың жаңа стратегияларын құру және мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру қажет. Өйткені педагог мамандардың кәсіби құзіреттілігі – білім сапасының кепілі. Осы бағыттағы атқарылған шараларға тоқтар болсақ, орта білім беру ұйымдары басшыларының жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 9 айлық курстан-54 мектеп директоры өтті, «Тиімді оқыту мен оқу» тақырыбы бойынша - 60 мұғалім, «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» тақырыбымен - 48 мұғалім, «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» І деңгейлік бағдарламалары бойынша-45 мұғалім, «Тәжірибедегі рефлексия» тақырыбы бойынша -154 мектеп тренерлері сертификатталды.

Сонымен қатар 1240 пән мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдері жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы бойынша курстан өтті. Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында облыс республика деңгейінде өткізілген шебер сыныптар, кәсіби байқаулар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, пед оқуларға ауданымыздың ұстаздары қатысып өз шеберліктерін арттырып марапаттарды иеленуде. Осы орайда Облыстық «Педагогикалық олимп» педагогикалық идеялар мен жобалар байқауына 2 мұғалім қатысты: химия пәнінің мұғалімі ІІ орын, биология пәнінің мұғалімі «Педагогикалық идея шебері» номинациясы, Әл- Фараби атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Шынтаева Республикалық «Дарын» ҒПО қазақ тілі пәні бойынша қашықтық олимпиадасынан   ІІІ орын, ал облыстық «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында әдістеме, тәжірибе, мәселелер» атты педагогикалық оқудан ІІ дәрежелі дипломмен, Облыстық «Үздік математика пәнінің оқытушысы» байқауында Екпінді орталау мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сұранчиев Жандос «Шығармашыл мұғалім» номинациясы,Облыстық «Алтын диск» байқауында Орымбетов ат.ОМ информатика пән мұғалімі А.Уразимбетов ІІІ орын, облыстық   жаратылыстану пәндерінің олимпиадасы Абылайхан ат.ом география пәнінің мұғалімі А.Кунбагисова ІІІ орын, математика пәнінің мұғалімі Абдуллаев Нурболат ІІІ орын, «Үздік инновациялық шет тілі сабағы» облыстық байқауында Көктөбе ОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі С.Супиева ІІ орын, облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен үздік сабақтар байқауы 2 мұғалім ІІ орын, 1 мұғалім ІІІ орын, Республикалық ПШО ұйымдастыруымен «25 ән және 25 кітап» мектеп басшыларының арасындағы байқауында М.Горький ОМ директоры Ш. Примбаев ІІ орын, Г.Борангазиевна-ІІ, Райымбек о/м директоры А.Түбекбаев,Т.Рыскулов ат.ОМ директоры М.Сакалова –ІІІ орын, Облыстық координаторлар арасындағы байқауда Балтабай орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі В. Барматов –ІІ орын, дене шынықтыру және АӘД мұғалімдері арасындағы байқауда Жексембеков атындағы орта мектебінің АӘД пәнінің мұғалімі А.Нурбеков облыстық «Үздік оқытушы-ұйымдастырушы -2017» байқауына қатысып 2-орынға,облыстық «Үздік дене шынықтыру муғалімі 2017» байқауында Дихан орта мектебінің мұғалімі М.Шулембаева ІІІорынды, облыстық «Өрлеу» АОБПКБАИ өткізген пед оқудан «Айгөлек» балабақшасы ІІ орын, «Жылдың үздік бастауыш мұғалімі» байқауынан Жансүгіров ат. орта мектеп мұғалімі І орынды иеленгенін мақтанышпен айтуға болады.

   Ауданымыздағы дарынды оқушыларымыз облыстық олимпиада І орын – 15 оқушы, ІІ орын – 16 оқушы, ІІІ орын- 19 оқушы, барлығы - 50 орын, облыстық Дарын ғылыми жобасынан   І орын – 3 оқушы, ІІ орын – 7 оқушы, ІІІ орын -10 оқушы, барлығы 20 орын,облыстық жасөспірімдер арасындағы «Зерде» шығармашылық байқауынан І орын-1, ІІ орын- 2, ІІІ орын -8оқушы, облыстық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасынан бір 2- орын, төрт 3- орын, екі номинация,облыстық Ілияс оқуларынан Абылайхан атындағы орта мектебінен Оспан Мадина І орын, ал Республикадан ІІІ орын, Көлді орта мектебінің оқушысы облыстық Махамбет оқуларынан ІІІ орын, Республикалық Шаханов оқулары 1оқушы- І орын, 2 оқушы -ІІ орын, 1 оқушы - ІІІ орын алды. Республикалық пән олимпиадасынан Білім –инновация лицей интернатының 14 оқушысы жүлделі орынды иеленді. 2018 жылдың 13-16 ақпан айының аралығында мектеп оқушылары облыстық шаңғыдан өткен жарыста командалық жүлделі екінші орынды иеленді.

Наурыз айының соңында мектеп басшыларымен өткізілген«Табысты көшбасшы, Білім сапасын арттыруда сабақты зерттеудің маңызы» тақырыбындағы облыстық семинар жоғарғы деңгейде өтті. Аудан көлемінде оқу жылының басынан 12 облыстық, 3 республикалық семинар өткізілді. Ауданның 30-ға жуық мұғалімдері басқа аудандарда өтілген аймақтық семинарларда шебер - сынып, коучингтер көрсетті. Х.Бижанов, Бөлек батыр атындағы және Шелек №1 орта мектеп директорлары «Мектепішілік басқару мен бақылау» тақырыбы бойынша облыс көлемінде іс тәжірбиелерін таратып облыстық білім басқармасының алғыс хатына ие болды.

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында оқу орындарына жаңа технологиялар енгізіліп келеді. Мәселен, қазірдің өзінде "Күнделік" ақпараттық жүйесі жұмыс істеп тұр. Цифрлық білім ресурстарында оқу материалдары өте ыңғайлы. Аудан бойынша «BilimLand» жүйесіне 23 мектеп тартылды.  

BilimLand 10 мыңға жуық интерактивті сабақты ұсынатын мұғалімдерге арналған бірегей жүйе. BilimLand қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде білім ресурстарына бай. Сонымен бірге, ол жүйе физика, математика, химия, биология, география пәндерінен виртуалды зертханаларды ұсынады.  Білім мазмұнын жаңғырту аясында мемлекеттік қызметкерлер, әдіскерлер, педагогтар де толық ақпараттық байланыс жүйеге қосылған. Бұл жүйе қағазсыз есеп беруге жүз пайыз көшуді көздейді.

Сонымен қатар, оқушылардың ақпараттық сауаттылық деңгейін көтеруге, оның ішінде алгоритмдік және логикалық ойлауды игеруге айрықша көңіл аудару керек деп Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі базистік оқу жоспарына 2007 жылы мектеп­тер­де «информатика» пәнін оқыту жетінші сынып­­тан, 2014 жылы бесінші сынып­­тан басталды. Енді 2018 жылы үшінші сыныптан бастап оқытылатын болады.

 

2.2018 ЖЫЛҒЫ БІЛІМ САПАСЫ МЕН Ұлттық Бірыңғай тестілеу туралы

2017-2018 оқу жылының бірінші тоқсаны бойынша білім сапасы 51,5%-ті 98 пайыз үлгеріммен басталған, 4- тоқсанда сапа – 69,8; үлгерім- 100 пайыз, жылдық қорытынды бойынша сапа – 61,3%, үлгерім 100% болып, сапа 9,8 пайызға өсті, бұл осы білім саласын басқарып отырған білім бөлімінің қызметкерлері мен әдіскерлердің жүйелі жұмысы деп білемін. Өйткені жыл бойы мектептерге әдістемелік көмек көрсетіп, білім сапасына мониторинг жүргізу, халықаралық білім орталықтарымен байланыс жасап жүйелі түрде онлайн семинарлар және шебер-сабақтары өткізілді.

Қорытынды аттестаттау бойынша білім сапасы 73,5%-ды көрсетті.

ҰБТ- ге мектеп бітіруші 1883 оқушының   1021-і қатысты. Соның ішінде 91 түлек орта мектепті «Алтын белгі» белгісімен аяқтап, ҰБТ- ге қатысты.

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «2» мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидалары негізінде ҰБТ-ға дайындық мақсатындаоқушылармен жыл бойы байқау тест сынамалары өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың көктемгі демалысы кезінде                                11 сыныптың 300 оқушысына аудан әкімінің қолдауымен қосымша оқыту ұйымдастырылды. Әр жыл сайын оқушыларымыздың білім сапасы артып келеді, бұл ұстаздардың, ата- аналар мен қоғамның тығыз қарым - қатынас, байланыс жасап жұмыс жасауының жемісі және түлектердің де еңбегі. Жалпы соңғы үш жылдың қорытындысына көз жүгіртсек әр жыл сайын ауданның орта балының өсу динамикасын көруге болады.

ҰБТ қорытындысы бойынша 5 пәннен және шығармашылық тапсырмалармен қоса есептегенде орта балл 85,3, ал шығармашылық емтиханды алып тастағанда орта балл 88- ді көрсетті.

3. «Алтын белгі» белгісінің иегерлері туралы

  • 121 мен 129 балл аралығында 7 оқушы
  • 115-120 балл аралығында 6 оқушы
  • 100-114 балл аралығында 29 оқушы
  • 90-100 балл аралығында 29 оқушы
  • 90-100 балл аралығында 29 оқушы
  • 70-89 балл аралығында 13 оқушы
  • 69 балл және одан төмен балл алған 6 оқушы.

         115-129 аралығында балл алған 10 оқушы (Болат Жансерик аль-Фараби ат.ОМ, Кудабаева Зияда          Бөлек батыр ат.ОМ, Барат Дана Абай ат.(Ш) ОМ, Касымжанова Акмарал Абылай хан ат.ОМ, Маметьяров Ганияр Х. Бижанов ат.ОМ, Хамит Шамиль Қойшыбек ОМ) 111 балл жинаған   С.Аманжолов атындағы орта мектептің оқушысы Нұрлан Аяулым, Бөлек батыр атындағы орта мектептен Қизатова Айдана 114 баллмен,Райымбек батыр атындағы орта мектептен Есен Шынар 109 баллмен, Абай атындағы(Ш) орта мектептен Мірәділ Жұлдыз, 110 баллмен өз білімдерін дәлелдеді.

Тек 121 балл алған Қ.Орымбетов атындағы орта мектептің оқушысы Махамбетова Айшолпан Қазақстан тарихы пәнінін 15 балл «4» бағасымен, О.Жандосов атындағы орта мектептен Оразова Балжан 119 баллмен Қазақстан тарихынан 14 балл «4» бағасымен, 115 балл жинаған Есік жекеменшік гимназиясының оқушысы Каримова Лиана математикалық сауаттылықтан бар жоғы 10 балл «3» бағасын алып «Алтын белгі» белгісін ақтай алмады.

                 100 балл алған В.Терешкова атындағы орта мектеп оқушысы Конаева Мадина математикалық сауаттылықтан 12 балл «4» бағасы, Х.Бижанов атындағы орта мектеп оқушысы Омарова Сабина барлығы 104 баллмен математикалық сауаттылықтан да 12 балл,   Қазақстан тарихынан да 12 балл «4» бағамен білімін көрсеткен.

               90-100 балл жинаған оқушылардың ішінен Қазақстан тарихынан әль-Фараби атындағы орта мектеп оқушысы Казимир Максим 9 балл «3» бағамен, Қ.Сатпаев атындағы орта мектептің оқушысы Куатқызы Даяна 7 балл «3» бағамен, О.Жандосов (Е) атындағы орта мектеп оқушысы Байекен Аружан 7 балл «3»бағамен, Рахымділдаева Мөлдір 6 балл «3» алған, О.Жандосов (Ш) атындағы орта мектеп оқушысы Түзелбай Перизат математикалық сауаттылықтан 8 балл «3», бейіндік пәні ағылшын тілінен 8 балл «3» алған, Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп оқушысы Нысанова Әсем бейіндік пәні дүние жүзі тарихынан 10 балл «3», математикалық сауаттылықтан бар-жоғы 6 балл, яғни «3» бағасын алған.  

 

             4.Еңбекшіқазақ ауданы бала бақшалары туралы мәлімет

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын басшылыққа ала отырып ауданда 28 мемлекеттік/ бала саны-3595/,27 жекеменшік /бала саны-2430/ балабақшалар жұмыс істейді. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу мен мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін ) балаларды кезекке қою барысында қазір 4482 бала кезекте тұр,3-6 жаста кезекте тұрған бала саны 2399.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтуда орын тапшылығын қысқарту мақсатында 2017 жылға жоспарланған жоспардың орындалуын және ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі   «ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №243 қаулысымен бекітілген іс-шара жоспарының « Мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуді қамтамсыз ету» бөлімінің нысаналы индикаторлары мен іс –шараның орындалуы акпаратты ай сайын өткізіліп отырылады.    Мемлекеттік- жекеменшік әріптестік тетіктерін қолдана отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда   3-6 жас аралығындағы балалардың орындармен барынша қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында кыркүйек айынан бастап 1425 баланы қамтитын 18 балабақша , 205 баланы қамтитын қосымша топ ашу жоспарлануда , жоспар толығымен орындалған жағдайда мектепке дейінгі жастағы балаларды балабақшамен қамту 97 пайызға өседі.

5.Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдерді демалыспен, сауықтырумен және басқа да шаралармен қамту жұмыстары туралы

     2018 жылғы жазғы сауықтырумен аудан бойынша 1-10 сыныптар аралығындағы 44518 (98 %) оқушы толықтай қамтылады.

  1. Қала және қала сыртындағы лагерлермен қамтылатын оқушы саны -2450           (5,5 %) 09.07.2018 жылға дейін аудан бойынша 930 бала демалуда.
    1. Мектеп жанындағы лагерьлерде -44 518 оқушы (81,4 %). Оның ішіндегі,

- 3 күндік жорықтар мен экскурсиялар-61,ондағы бала саны -2220

- Туристік жорықтар мен экскурсиялар -59, ондағы қамтылған оқушы -5040;

- Ауылдар мен қалаларды көгалдандыру бригадаларында -10240.

- Мектеп орманшылығында -771;

- Аулалық клубтарда -2638;

- Түрлі шаралар мен үйірмелерде -1200;

- пәндік мектептер (мектеп жанындағы лагерь)-9894

- «Жас ұлан» ,«Жас қыран» ұйымдарының шараларында-8220.

         Аудандағы әлеуметтік аз қамтылған 3160 оқушы 98,5 % жазғы сауықтырумен қамтылды.

             Жазғы сауықтырумен қамтуға демеушілерді, ата-аналарды жұмылдыра отырып, жазғы сауықтыруға жұмсалатын барлық қаржы 218 310 000 т. құрады.

       2018 жылдың жаз мезгілінде балалар мен жасөспірімдерді демалыспен, сауықтырумен және басқа да шаралармен қамту жұмыстарын қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерлер жұмысын бастауға аудандық тұтынушылар басқармасы, өрт сөндіру, аурухана, су құбыры бөлімдерінен алдын-ала тексеруден өткізіліп, жаз бойы бақылауға алынады.

     Білім мекемелерінде «Жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік ережелері», «Алғашқы медициналық көмек көрсету», сыртқы ортада өзін-өзі жақсы жағынан көрсету білу қажеттігі, техника қауіпсіздік ережелері туралы оқушылармен әңгімелер, тәрбие сағаттары өткізіледі. Жаз кезінде оқушылардың өз беттерімен саяхатқа шықпауын, су бар ауылдарда оқушылардың суға шомылу ережелерінің сақталуын, таулы аймақтарда жүргенде «су тасу» қаупінен сақтану шаралары туралы жан-жақты түсіндірме, насихат жұмыстары жүргізілуде.

        Алматы облысының әкімі бекіткен жергілікті атқарушы органдары мен облыстық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай қызметтерінің 2018 жылғы суға шомылу маусымы кезінде балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы нұсқау хаттары бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып, жұмыстар жүргізілуде.

       Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мен бақылау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқушыларға суда, жолдарда, отпен байланысқан жағдайда, бейтаныс адамдармен қатынасқан кезінде балалардың қауіпсіздік тәртібі туралы ескерту жұмыстары жан-жақты жүргізілуде.

     Ата-аналарға балаларын су көлшіктері бар жерлерге, өзен, көлдерге,меншік бассейндерге, сондай-ақ, қараусыз қалған құрылыстарға т.б. жалғыз –жарым жібермеу қажеттігі қатаң ескертіліп, балалардың қауіпсіз тәртібі , олардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілігі туралы ақпараттық насихаттау жұмыстары түсіндірілуде.

       Жазғы сауықтыру шараларына барлық деңгейдегі балалар толықтай қамтылуы қарастырылады.

       Еңбекшіқазақ ауданындағы 2 лагерь 2018 жылы жазғы сауықтыру жұмыстарын жүргізеді.

Олар: 1. Еңбекшіқазақ ауданының балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орталығы өз жұмысын 01 маусымнан бастады,15 тамызға дейін жұмыс атқарды. ( толық аты: Есік қаласындағы «Еңбекшіқазақ ауданының балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орталығы» МКҚК) Қамтылатын бала саны – 342 бала.

2. Түрген шатқалындағы 6 шақырымда орналасқан «Тау-Жаңашар» балалардың қарқынды демалу орталығы 1 маусымнан жұмыс атқарды. 1- ауысымдағы қамтылған бала саны - 181.

         Жыл сайын аудан әкімінің басшылығымен аудан әкімдігінің қызметкерлері, аудандық прокуратура, облыстық, аудандық маслихат депутаттары, басқарма, бөлім басшылары, ауылдық округтің әкімшілігі қызметкерлерінің және басқа да демеушілердің ықпалымен аудандағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сәтсіз және көпбалалы отбасындағы балаларды Қапшағай қаласындағы «Байтерек», Жамбыл ауданындағы «Сәлем», Түрген шатқалындағы «Тау Жаңашар» лагерлерінде демалып,тынығып келеді.

6. 2018 жылғы Өрікті ауылындағы Б.Майлин атындағы орта мектебінің жанынан қосымша ғимарат салу жұмыстары туралы

Б.Майлин атындағы орта мектебінің жанына 4 блоктан тұратын, 300 орынға арналған қосымша ғимараттың құрылысы 2017 жылғы 03 қазанда басталған болатын. Бас мердігер: ТОО –«Парасат сервис» компаниясы, Қарағанды қаласы.
Авторлық бақылау (авторский надзор) :ТОО-«Геодезия сервис», Талдықорған қаласы.
Техникалық бақылау (технадзор) :ТОО-«Мұзтау» Алматы қаласы
Қазіргі таңдағы прораб: Садиев Батыр Иванович
Участік бастығы: Сулейменов Сабырхан.

Келісім шарт бойынша аяқталу мерзімі : 30.09.18 жыл.
Мердігерлердің (подрядчик) жоспары бойынша аяқтау жобасы: 01.09.18.

Қазіргі таңда : 1,2,3 блок толық тұрғызылып , ішкі жұмыстыр (электр тоғы , жылу жүйесі, сылақтар, әрлеу)  жүргізіліп жатыр. Спорт залдың сыртқы әрлеу жұмыстары басталған. 4-ші блоктың 1-ші қабаты тұрғызылып, 2-ші қабаттың колонналары жүргізілуде. Мектеп шатыры 50% жабылды.
Котельный, трансформатор орнатылған.
Қазіргі таңда 150 жұмыскер жұмыс жүргізуде.

Қаратұрық ауылындағы А.Саттаров атындағы орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары 2018 жылғы 27 мамырда басталды.

Бас мердігер:ТОО «Капитал Строй Проект групп» компаниясы. Бас директоры Шенсизбаев Талгат Маратогвич. Келісім шарт соммасы:433 440 000,00 тг.

Авторлық бақылау (авторский надзор): ТОО «Институт Алматыэнергосетьпроект», директоры Волков Рашид Умарович.

Техникалық бақылау (технадзор) :ТОО «УКС» Руководитель Чормаков Аманжол Мухамеджанович.

Бүгінгі күні күрделі жөндеу жұмыстарының 70 %-ы орындалды. (демонтаж-80%, электр жүйесінің жұмыстары-80 %, ішкі сылау жұмыстары-90%, керекге мен төбені левкастау-40 %, терезелерді алмастыру жұмыстары-90 %, су құбырының жұмыстары-70%, ішкі, сырытқы кәріз жұмыстары-80 %, шатырды жылылау жұмыстары-80 %, сырткы сылак жұмыстары-95 %, сыртқы керегені жылылау-60 %, сыртқы қоршау жұмыстары-70 % )

Білім бөлімінің басшысы                                     Б.Аманова

    

Орындаған: У.Мамырханова

Тел:41230


Білім беру – 2020

Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы

Қазіргі заманда елдің бәсекеке қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. 2011-2020 жылдарға арналған білім беру бағдарламасы үздік халықаралық стандарттар бойынша сапалы білім беру мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Орта білім 

Мектепке дейінгі тәрбие 

3-6 жастың аралығындағы  балаларды мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен  қамту көрсеткіші 2020 жылға  дейін 100 пайызға жетеді.

Білім бөлімінің басшысы                     Р.Ахметова

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

9123586
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
12012
0
100908
9010143
100908
260679
9123586

Сіздің ІР: 34.225.194.144
Қазір: 2019-12-11 20:33:04
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру