Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетСпорт және туризмСпортАудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2017 жылдың атқарған жұмысы туралы ақпарат.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2017 жылдың атқарған жұмысы туралы ақпарат.

Елбасының жыл сайынғы Жолдауында қойылған міндетті орындау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында Еңбекшіқазақ ауданында көптеген облыстық, аудандық жарыстар өткізіледі. Ауданда халықтың спортпен айналысуы 2017 жылдың қортындысы бойынша  27,9 % құрады, ол дегеніміз 82897 адам.

Дүниежүзілік ХХVІІІ қысқы универсиадада 2017 жарысқа түскен Қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында, аудан көлемінде оның ішінде 29 қаңтар күні Қаратұрық ауылдық округінде волейболдан аудандық жарыс ұйымдастырылса, осы мақсатта ұлттық ойындардан оның ішінде құс бегілер жарысынан Сөгеті ауылдық округінде 9-13 ақпан аралығында Әбен Тоқтасынұлы мен Сейтжан Байжанұлын еске алуға арналған Республикалық турнир өтті. Турнирге Астана, Қызылорда, Жамбыл, Ақтау, Атырау, Ақмола, ШҚО және Алматы облысының құсбегілері қатысып, үздіктер марапатталды.

07 қаңтар Сөгеті ауылдық округінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бокстан облыстық турнир өтті. 14 ақпан күні Асы ауылдық округінде «Қыс қызықтары» спортакиядасы өкізілді. Жарыста шаңғы, шана, қардан мүсін жасау т.б. жарыстар болды. Масақ ауылдық округінде «Қазақ күресінен» аудандық жарыс өтті. Аталмыш шарада Бәйдібек би, Нұра, ауылы, Алматы қаласының командалары үздік атанды.

01 ақпан А.Жексембековты еске алуға арналған волейболдан аудандық турниріне аудан көлемінен 14 команда жарысқа түсіп, үздіктер марапатталды. «Масленица» мерекесіне орай Түрген ауылдық округінде Түрген шатқалы бойында «Зимушка зима» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, жарысқа қатысушылар шаңғы, арқан тартыс, қол күрес, гір тасын көтеру т.б. спорттық ойындардан үздіктер марапатталды. Осы округте Д.А.Қонаевтың 105 жылдығына орай мұғалімдер арасында волейболдан аудандық турнир өкізілді.

Аудан көлемінде «Еңбекшіқазақ бөрісі» жарысына іріктеу мақсатында округтерде палуандар арасында жарыстар өтіп, үздіктер аудандық жарысқа жолдама алды.

Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылуының 28-жылдығына орай ауған соғысының ардагерлерінің құрметіне аудан көлеміндегі округерде атап айтсақ Масақ округінде жасөспірімдер арасында С.А.Әбдибаев және Қ.Қ.Алғабаевтың жүлдесіне еркін күрестен турнир өкізілді. Жарысқа 16 команда қатысып, үздіктер атанған Көктөбе, Масақ, Алмалы ауылдарының командалары анықталды.

2016-2017 жылғы Еңбекшіқазақ ауанының волейболдан және баскетболдан аудан чемпионаттының наурыз айында өз мәресіне жетті. Волейболдан 1 орынды Қаракемер командасы, 2 орынды «Алиф» Есік командасы, 3 орынды Малыбай комндасы жеңіске жетті. Баскетболдан 1 орынды Бәйтерек командасы 2 орынды Шелек командасы 3 орынды Қаракемер командасы жеңіп алды.

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай жыл сайынғы волейболдан аудан біріншілігі жарысы ұйымдастырылып, аудан көлеміндегі үздік командалар жарысқа түсті. Сонымен қатар Қаратұрық ауылдық округінде волейболдан қыздар командалары арасында аудандық турнир ұйымдастырылып, жарысқа аудан көлемінен 8 команда қатысып, үздіктер марапатталды.

22 наурыз мерекесіне орай аудан көлемінде дене шынықтыру пәні мұғалімі Т.Масимовты еске алуға арналған волейболдан аудандық турнир өтті.   Сонымен қатар Қаражота ауылдық округінде ат-спорт ойындарынан аудандық жарыс өтті.

2017 жылдың 7-11 сәуір аралығында сритболдан спорт ардагерлер мен ересек ерлер арасында өткен Алматы облысының Чемпионаты өткізілді. Аталған чемпионатта ауданымыздың құрама командасы I орынды иеленді.

2017 жылдың 7-11 сәуір аралығында сритболдан әйелдер арасында өткен Алматы облысының Чемпионаты өткізілді. Аталған чемпионатта ауданымыздың әйелдер құрама командасы III орынды иеленді.

7 сәуір күні Байтерек ауылдық округінде «Денсаулық күні» орай 2005-2007 жылы туылған балалар арасында шағын футболдан аудандық жарыс ұйымдастырылды.

15 сәуір күні Шелек ауылдық округінде ересектер арасында баскетболдан аудандық турнир өтті. Турнирге 9 команда қатысты.

21-23 сәуірі Жанашар ауылдық округі Космос ауылында 2000-2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасында бокстан аудандық ашық турнир өтті. 1 мамыр Халық аралық ынтымақтастық күні қарсаңында еркін күрестен КСРО спорт шебері, ауданның құрметті азаматы С.Байшығашевтың құрметіне футболдан, волейболдан, еркін күрестен аудандық жарыстар ұйымдастырылды. Қазақша күресіне қатысқан 14 спортшылардың ішінен 1-ші орынды Сатқынов Алмас, 2-ші орын Қамза Ерсін Дәуренұлы, 3-ші орынды Нурахмет Еркебұлан иеленді. Қаратұрық ауылдық округінде «Берекесаз» учаскесінде аламан, құнан, тай жарыстарынан жарыс өткізілді. Жарысқа 78 сәйгүлік қатысып, жарыстан озып шыққан үздіктер марапатталды.   3 күнге созылған шараға 2000 жуық адам қатысты.

2017 жылдың 06-07 мамыр күні Бартоғай ауылдық округінде Бижанов және Байсеит ауылдарында КСРО батыры Масим Якуповты еске алуға арналған ХІ-інші Алматы облысы және Алматы қаласының мектептер арасында футболдан Республикалық турнир өткізілді. Турнирге 8 команда қатысты. Алматы, Жаркент қалаларының және Қаратұрық ауылдық округінің командалары үздік орындар алды.

2017 жылдың 12-14 мамыр аралығында Талдықорған қаласында ауданымыздың мүгедек спортшылары Алматы облысының V Спартакиадасында жалпы командалық есепте III орынға иеленді.

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жетістіктерін және спортқа деген құлшыныстарын ерекше атап өтуге болады.        

Бүгінгі таңда, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 28 спортшыға артқан.

2017 жылдың 14-19 мамыр күндері Есік қаласында бокстан Қазақстан Республикасының  еңбек сіңген жаттықтырушы, Алматы облысының тұңғыш КСРО спорт шебері Тынысбеков Станислав Балтабекұлының құрметіне арналған XXIV – ші Республикалық ашық турнирі өтті.Жарысқа 18 – команда қатысты: 164 оқушы. Ауданымыздан 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында 7 салмақ дәрежесі 1 орын 5-оқушы,2-3 орын 11 оқушы, 1999 – 2000 9 салмақ дәрежесі 1- орын 4 оқушы, 2-3 орын 11 оқушы жүлдеге иеленді.

Мектеп бітіруші түлектердің құрметіне Қазақстан ауылдық округінде футболдан аудандық турнир ұйымдастырылды. Аудан көлемінен 10 команда жарысқа түсті. Сонымен қатар түлектердің құрметіне Қаражота ауылдық округінде еркін күрестен Республикалық турнир ұйымдастырылды.

23 мамыр күні Есік қаласы археологиялық-өлкетану музейінде «Ұлттық ойын ұмыт қалмасын» атты тоғыз құмалақтан, асық атудан аудандық жарысқа 12 команда қатысты.

01 маусым балаларды қорғау күніне орай аудан көлемінде бүлдіршіндерге арналып ұлттық ойындардан, «Әке, шеше және мен» атты, «Толағай» ойындарынан жарыстар ұйымдастырылып, өткізілді.

2017 жылдың 16-20 маусым күндері аралығында Қапшағай қаласында баскетболдан ерлер арасында Алматы облысының чемпионаты өткізілді. Аталған чемпионатта ауданымыздың құрама командасы жалпы командалық есепте III орынға иеленді.

2017 жылдың 17 маусымда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына орай Масақ ауылдық округінде және Бартоғай ауылдық округінде шағын футболдан аудандық жарыс ұйымдасырылып, аудан көлемінен 12 команда жарысқа түсті.

2017 жылдың 28 маусым- 02 шілде күндері аралығында волейболдан әйелдер арасында Алматы облысының кубогы өткізілді. Аталған жарыста ауданымыздың құрама командасы жалпы командалық есепте II орынға иеленді.                      

«Салауатты ұлт-салауатты ұрпақ» атты волейболдан турнир өткізілді. Жарысқа аудан көлемінен 10 ұлдар және 3 қыздар   командасы қатысты.

Еңбекшіқазақ аудан тұрғындарының арасында салауатты өмір салтын насихаттау барысында ұйымдастырылған әуесқой футбол командалары арасында ІХ чемпионатына І-лигада 16, ІІ-лигада 18 барлығы аудан көлемінен 36 команда қатысуда.

2017 жылдың 5-9 шілде күндері аралығында Талдықорған қаласында «Ақ Бидай 2017» Алматы облыстық ауыл спорты ойындары өткізілді. Аталған жарыста ауданымыздың құрама командасы жалпы командалық есепте II орынға иеленді.

2017 жылдың 29 шілде күні Шелек ауылында жастар арасында «Білекті жастар» атты қол күресінен жарыс өтті. Аталмыш жарысқа ауданымыздың 12 ауылдық округі қатысты.

2017 жылдың 18 тамыз күні Есік қаласындағы Спорт сарайында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында және «Спорт күніне» арналған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық есік күні өткізілді.

2017 жылдың 30 тамыз күні Қаракемер ауылында Конституция күніне және Исаков Яхян Исакұлын еске алуға арналған шағын футболдан аудандық турнир өткізілді. Аталған турнирге жалпы ауданымыздың 40 командасы қатысты.

2017 жылдың 1 қыркүйек күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында «Туған жер» жобасы бойынша Ащыбұлақ ауылында шағын футбол алаңы ашылды.

2017 жылдың 5 қыркүйек күні Қаратұрық ауылдық оуркгі Достық ауылында Розиев Нуршат Маратович пен Ибрагимов Руслан Сауровичті еске алуға арналған ауыл жастары арасында футбол турнирі өткізілді. Аталған турнирге жалпы 6 команда қатысты.

2017 жылыдң 8-10 қыркүйек күні аралығында Қапшегай қаласында стритболдан қыздармен ардагерлер арасында Алматы облысының чемпионаты өткізілді. Чемпионата Еңбекшіқазақ аудан ардагерлер командасы 2 орынды қыздар командасы 3 орынды жеңді.

2017 жылдың 17 қыркүйек күні Есік қаласының Спорт сарайында шағын футболдан, арқан тарту, волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, қол күрестен «Денсаулық фестивалі» өткізілді.

2017 жылдың 21 қыркүйек күні Талғар ауданы "Ақбұлақ СК" демалыс аймағында "Рухани қазына" кіші бағдарламасының "Өңірлік мәдениет, дәстүр және құндылықтар" жобасын жүзеге асыру аясында Саятшылық және Шөген спорт түрінен облыстық турнир өткізілді. 
Аталмыш шарада Саятшылық құсбегілік өнерін дамытып жүрген Еңбекшіқазақ ауданының бүркітшілерін, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Т.Чарапиев алғыс хатымен марапаттады.

2017 жылдың 23 қыркүйек күні Қаракемер ауылдық округінің кәсіптік колледжінде «ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесі» және волейболдан аудандық чемпионаттың ашылуына байланысты волейболдан ерлер арасында турнир өткізілді.Аталған турнирге жалпы 10 команда қатысты.

2017 жылдың 22-27 қыркүйек күндер аралығында Есік қаласының Спорт сарайында баскетболдан ерлер арасында Алматы облысының чемпионаты өткізілді. Аталған чемпионатта ауданымыздың құрама командасы 1 орынды иеленді.

2017 жылдың қазан айында футболдан ІХ аудан чемптонаттының ақтық кезеңдері өткізілді. Бірінші лигада 1 орынды Қазақстан командасы 2 орынды Қаракемер командасы 3 орынды «Альтаир» Көктөбе командасы жеңіп алды.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша спорт мектебі жаттықтырушылары мен жалпы білім беретін мектептердің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері жән оқушылары арасында 2017 жылдың 05 қазан күні волейболдан мастер класс өткізілді. Мастер класстың мақсаты - "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" жобасын жүзеге асыру аясында, "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасын іске асыру. Волейболдан мастер класс өткізу үшін арнайы келген ҚР волейболдан қыздар арасында құрама командасының мүшесі Татьяна Фендрикова келіп, жастармен өз тәжірибесін бөлісті.

2017 жылдың 7 қазан күні Қаракемер ауылында Қ.Орымбетовты еске алуға арналған ерлер арасында волейболдан аудан турнирі өткізілді. Турнирға аудан бойынша 12 команда қатысты.

2017 жылдың 12 қазан күні Есік қаласында волейболдан 2000-2002, 2003-2004,2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында Алматы облысының чемпионаты өткізілді. Аудан командалары 5 орынға еленді.

Жамбыл ауданы Ұзнағаш ауылында ерлер және әйелдер арасында волейболдан Алматы облысының күзгі чемпионаты өкізілді.Чемпионатта Еңбекшіқазақ ауданының ерлер және әйелдер құрама командасы 6 орынды иленді.

2017 жылдың 22 қазан күні волейболдан аудан чемпионаттының ашылуына байланысты Қаракемер ауылдық округінде волейболдан ашық аудандық турнир өткізілді.

2017 жылдың 11 қараша күні Қаракемер ауылдық округінің кәсіптік коледджінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашақа бағдлар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында волейболдан ерлер арасында өтеін аудандық турнир өткізілді.

2017жылдың 13 қараша күні Есік қаласы «Спорт сарайында»баскетболдан ерлер арасында кубог федерациясы өткізілді. Кубог жеңіпазы Бәйтерек командасы аттанды, жарысқа аудан бойынша 8 команда қатысты.

2017 жылдың 30 қараша мен 3 желтоқсан күндері аралығында Тұңғыш Президент күніне арналған дзюдо, еркінкүрес, қазақша күрестен және бокстан жасөспірімдер арасында аудан біріншілігі өткізілді.

2017 жылдың 1-2 желтоқсан күндері аралығында Талдықорған қаласында Тұңғыш Президент күніне арналған спорт бөлімдер мен БЖСМ қызметкерлерінің арасында шағын футболдан Алматы облысының турнирі өтті. Аудан командасы 8 орынды қанағат тұты.

2017 жылдың 1-5 желтоқсан аралығында стритболдан қыздар арасында Алматы облысының чемпионаты өкізілді. Еңбекшіқазақ ауданының құрама командасы 2 орынды еленді.

2017 жылдың 7-12 аралығында Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында волейболдан ерлер және әйелдер арасында Алматы облысының қысқы чемпионаты өтті. Ауданымыздың ерлер құрама комндасы 2 орынды жеңсе қыздар командасы 6 орынды қанағат тұтты. Жыл қортындыс бойынша волейболдан жалпы комндалық есепте Еңбекшіқазақ ауданы 2 орынды еленді.

Талдықорған қаласында 8-12 желтоқсан аралығында   баскетболдан ерлер арасында Алматы облысының чемпионаты өкізілді, аудан құрамасы 7 орынды елеснсе, жалпы комндалық есепте жыл қортындысы бойынша Еңбекшіқазақ ауданы баскетболдан 2 орынды еленді.

       2017 жылдың 3 желтоқсан күні Қаракемер ауылында Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына арналған 2017-2018 жылдарға араналған волейболдан аудан чемпионатының ашылу кезеңі өткізілді.

2017 жылдың 16 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай және Ұлы Отан соғысының ардагері М.Мансуровты еске алуға арналған волейболдан дәстүрлі турнир өткізілді.

Қапшағай қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай дзюдо күресінен 2006-07, 2008 ж.т. кіші жас өспірімдер арасындағы облыстық турнир өткізілді. Еңбекшіқазақ ауданының құрамасы командалық есепет 1 орынды жеңіп алды.

        2017 жылдың 24 желтоқсан күні Есік қаласының «Спорт сарайында» Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына арналған 2017-2018 жылдарға араналған баскетболдан аудан чемпионатының ашылу кезеңі өткізілді.

        2017 жылдың 30 желтоқсан күнінде Жаңа жыл қарсаңында оқушылар арасында баскетболдан аудандық турнир өкізілді.

Бөлім басшысы                                                           Е. Сарабеков

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8883265
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
26427
0
26427
8749464
121266
187110
8883265

Сіздің ІР: 35.175.180.108
Қазір: 2019-11-12 22:09:12
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру