Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2016 жылдың I тоқсанына атқарған жұмысы туралы ақпарат

2016 жылдың  3 қаңтар жаңа жылға арналған Каракемер селолық округінде волейболдан аудандық жабық турнир өткізілген болатын. Турнирге 7 команда қатысты. 1 орын Турген селолық округінің командасы, 2 орынды Қаракемер селолық округінің командасы, 3 орынды Есік қаласының командасы жеңіп алды.

2016 жылдың 17-20 ақпан күндері Сарыжаз ауылында шаңғымен жүгіруден Алматы облысының чемпионаты өтті.Еңбекшіқазақ ауданының құрама командасы 7 орынға ие болды.

2016 жылдың 24-28 қаңтар күндері Талдықорған қаласында стритболдан ерлер арасында Алматы облысының чемпионаты өтткен болатын. Жоғарыда аталған чемпионатта Еңбекшіқазақ ауданының құрама командасы 4 орынға иеленді.

2016 жылдың 30 қаңтар күні турген селолық округінің мәдениет үйінде А.Жексенбековты еске алуға арналған волейболдан аудандық жабық турнир өтті.Турнирде 13 команда қатысқан болатын. 1 орын Турген селолық округінің командасы, 2 орын Толқын ауылының командасы,3 орынды  Ашысай селолық округінің командасы алған болатын.

2016 жылдың 12-14 ақпан күндер аралығында Сөгеті ауылдық округінің Шеңгелсу-Илантау жерінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс, аудан әкімдігі мен «Қыран» ұлттық спорт федерациясының ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрінен «Саят» өнері бойынша «Сонар-2016» республикалық жарысы өтті.

Байрақты бәсекеде Ақмола, Атырау, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Шығыс пен Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары   мен Астана қаласынан 60-қа жуық құсбегілер командасы өзара бәске түсті.

Екі күнге созылған байқаудың қорытындысы бойынша, І орын Атырау облысынан келген 15 жасар Сармат Әбдікәрімұлына бұйырды. Бұл Ұшқыр атты бүркіт пен атыраулық баланың екінші жеңісі. Ал астаналық Серікбек Күнтуған ІІ орынды қанағат тұтты. Қостанай облысының құсбегісі Мергенбай Тастанбек ІІІ орынға жайғасты.

Қаршыға салу бойынша, Жамбыл облысынан Берікболсын Жалғасұлы өзегелерден оқ бойы озық шығып, І орынды иеленді. Дәл осы облыстың құсбегісі Бақдәулет Бабажан ІІ орынға табан тіреді, үздік үштікті Ақтөбелік Ақберен Құрманғалиев қорытындылады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2016 жылдың 13 ақпан күні қазақстан селеолық округінде Казақстан Республикасының тауелсіздігінің 25 жылдығына және ауған соғысының ардагерлерінің құрметіне арналған волейболдан 40 жастан жоғары ерлер арасында аудандық турнир өткен болатын.Турнирге 6 команда қатысып бірінші орынды Шелек селолық округінің командасы алған болатын, екінші орынды Қаратұрық селолық округінің командасы, үшінші орынды Тескенсу селолық округінің командасы алған болатын.Жеңіпаз командалар кубок және ақшалай сыйлықпен марапаталған болатын.

2016 жылдың 19-23 ақпан күндері Сарқанд қаласында баскетболдан ерлер арасында Алматы облысының чемпионаты өттіп. Еңбекшіқазақ ауданының құрама командасы 2 орынға иеленген болатын.

2015 – 2016 жылдар маусымына арналған волейболдан және баскеболдан аудан чемпионаты өуде. Қазіргі таңда волейболдан 10 тур ойындары өткізіледі. Баскетболдан 11 тур ойындары өткізіледі.

2016 жылдың 06 наурыз күнінде Есік қаласының спорт сарайында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған қыздар арасында волейболдан аудандық турнир өткізілді.Турнирде 10 команда қатысқан болатын. 1 орынды Бәйдібек би селолық округінің командасы,  2 орынды Қаратұрық селолық округінің командасы, 3 орынды Есік қаласының командалары  жеңіп алды.

2016 жылдың 11-15 наурыз күндері Қаскелен қаласында стритболдан ерлер арасында Алматы облысының чемпионаты өткен болатын.Еңбекшіқазақ ауданының құрама командасы 3 орынға иеленді.

2016 жылдың 12 наурыз күні Есік қаласының спорт сарайнда Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған шағын-футболдан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар арасында аудандық турнир өтті.Турнирге 6 команда қатысқан болатын. 1 орынды аудандық прокуратура, 2 орынды аудан әкімшілігі, 3 орынды «Альтайр» ӨК алған болатын.

2016 жылдың 13 наурыз күні Қаракемер ауылының мәдениет үйінде ішкі істер бөлімінің бастығы болған Оразбеков Сембайды еске алуға арналған 50 жастан асқан қызметкерлер арасында волейболдан аудандық турнир өтті.Жарысқа 11 команда қатысты. Ойын нәтижесінде 1 орын Қаракемер(бірлес) командасы жеңіп алды. Шелек командасы  2 орынға иеленді, Турген командасы 3 орынға ие болды.

    

        Бөлім басшысы                                                            Е. Сарабеков

 

                                           

Орын:Д.Ахметов

Тел:8(72775)70116