Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2015 жылының 4 тоқсанға атқарған жұмысы туралы ақпарат

2015 жылдың 01 қазан күні Қаракемер ауылдық округінде Ауданның құрметті азаматы,Астана медальінің иегері Қ.Орымбетовты еске алуға және 70 жылдық мерейтойына арналған волейболдан ерлер арасында ашық біріншілік жарысы өткізілді.Қатысқан командалар саны 30 дан астам.

2015 жылыдың 1 қараша күні Есік қаласында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өкізілді. Сауықтыру кешенінің  ашылуы аудан әкімі Б.Ысқақтың қатысуымен өткен болатын.Сонымен қатар  сауықтыру кешенінің  жанындағы футбол алаңында аудан әкімінің және аудан чемпионатының финал ойындары өткізілді. Аудан әкімінің кубогіне Барыс (Бәйдібек би) - Ақтоған (Ақтоған) командалары бас жүлдеге ат салысып Ақоған командасы 0:3 есебімен кубокті жеңіп алған болатын. Сондай ақ аудан чемпионатының 3 орынына Искандер (Есік) – Азат командалары ойнап Искандер (Есік) командасы 3 орынға иеленген болса аудан чемпионатының бірінші орнына Альтаир (Есік) – Автобекет (Есік)  командалары ойнап Автобекет (Есік) командасы 1:2 есебімен жеңіске жеңіп аудан чемпионы деген атаққа ие болды.

2015 жылдың 4-8 қараша күндері Қапшағай қаласында ерлер арасында волейболдан Алматы облысының күзгі Чемпионаты өткізілді. Еңбекшіқазақ ауданының волейболдан ерлер құрамасы осы Чемпионатты 4 орынмен аяқтады.

2015 жылдың 11-15 қараша күндері Текелі қаласында әйелдер арасында волейболдан Алматы облысының күзгі Чемпионаты өткізілді. Еңбекшіқазақ ауданының волейболдан әйелдер құрамасы осы Чемпионатты 3 орынмен аяқтады.

2015 жылдың 01 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекеттік қызметкерлер арасында арасында мини-футболдан аудандық жарыс өткізілді. Қатысқан командалар саны 8. Ойындардың нәтижесі төмендегідей:

I орын-Аудандық білім бөлімі.

II орын- Аудандық прокуратура.

III орын-Аудандық Ішкі Істер бөлімі(Шелек өңірі.)

2015 жылдың 5 желтоқсан күні Балтабай ауылдық округінде Қазақстан Республикасының әскери қызметтегі жауынгері, ауданымыздың тумасы,бокстан спорт шеберлігіне үміткер Адилов Замир Максутжановичты еске алуға арналған бокстан облыстық турнир өткізілді.

        2015 жылдың 12 желтоқсан күні Көктөбе ауылдық округінің Алмалы ауылында  16 желтоқсан Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күніне  орай мектеп оқушылары  арасында тоғыз – құмалақ ойынынан  аудандық турнир өткізілді.Турнирге 36 астам мектеп оқушылары қатысты.

2015 жылдың 16 желтоқсан күні Шелек ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 24 жылдығына орай ересектер арасында баскетболдан аудандық турнир өткізілді.Қатысқан командалар саны 8.

2015 жылдың 16 желтоқсан күні Ават ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 24 жылдығына орай және Ұлы Отан соғысының ардагері М.Мансуровты еске алуға арналған ересектер арасында волейболдан аудандық турнир өткізілді.Қатысқан командалар саны 19.

             Бөлім басшысы                                                            Е. Сарабеков

  

                                           

Орын:Д.Ахметов

Тел:8(72775)70116